.
.
Алматы облысы, Тарих сабағында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың ерекшеліктері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1671 | Размер: | Автор: гостьЕңбекшіқазақ ауданы,
Алға орта мектебінің
тарих, құқық, экономика пәнінің мұғалімі
Жалимбекова С.Е.
ІІ деңгей мұғалімі
Тарих сабағында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың ерекшеліктері
Біз
«Өмір бойына жететін білім алу» моделінен
«өмір бойы білім алып өту» моделіне
көшуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуда оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы білім мәнділігін сезіну, проблемалық мәселелерді шешу арқылы танымдық “жаңалық” ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс.
Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» делінген.ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді . Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше.
Жаңа педагогикалық технология оқушылардың сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады . Әдетте интерактивті әдістемені ол оқушылардан қазіргі демократиялық қоғамға қажетті тәжірибелерді талап ететіндіктен таңдайды .Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым – қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе , бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз . Мұндай қарым – қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады .Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі аса жоғары . Оқушы дайын білімді көшіріп алмай, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушылларға пайдасы зор . Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады.Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым – қатынас диалог ретінде топқа бөлініп оқыту әдіс – тәсіліне негізделген оқытудың түрі. Нәтижесінде оқушы жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірде пайдалана алады.Интерактивті оқыту әдісінің бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін , ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, қарым – қатынас ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуда бағытталуында.
«Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» – өзара, «асt» – әрекет ету деген сөзінен шыққан. Сондықтан, интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағы өзара байланысуы.Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады.
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Шақырылған адамдармен немесе сынып оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін;
3. Өзге оқушылармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-5 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сыныпболып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтіксауалнама жүргізеді);
7. Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Белсенді оқыту әдістемесінде топтағы оқушылардың сандық құрамы өзара қатынастың не оқудың сапалылығын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің ерекшелігі оқушылардың өзін – өзі ашуы, ашылу үрдісімен байланыстылығында. Оның мәні – оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым – қатынас арқылы меңгереді. Белсенді әдістеме білім берудің сапалы, нәтижелі болуына көмектеседі. Белсенді әдістеменің мақсаты – оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету немесе оқытуға үйрету.
Белсенді әдістемені пайдаланудың факторлары :
Оқушылар ақпарат алып қоймай, сол проблеманың шешімін табу жолы мен шешімнің дұрыстығын түсіндіре білуі, өз ойларын талдауы, бағалауы және дәлелдеуі; талқыланып отырылған мәселе бойынша дұрыс емес шешімдер қабылдау дау туғызатындықтан оқушылар өз көзқарастарын, идеяларын, пікірлерін терең талдайды, сараптаудан және қорғаудан өткізеді, сөйтіп олардың ойлау белсенділіктерінің деңгейі жоғарылайды.Оқушылар кейбір мәселені шешу барысында өздерінің күнделікті өмірде алған тәжірибелерін не басқалардың тәжірибелерін пайдаланады;
Мысалы, оқушылар жұп болып немесе шағын топпен жұмыс жасағандағы өзара қарым – қатынас әдісінің тиімділігі: біріншіден, оқушылар сынып алдында айта алмағанды не тек мұғалімге айтатын ойларымен шағын топтарда өздерінің сыныптастарымен, парталасымен бөлісе алады. Екіншіден, оқушылар өздерінің жеке көзқарасынан не пікірінен басқа, дұрыс пікірлердің бар екендігін біліп, түсінеді . Педагогикалық еңбектерге қарасақ, «адам өзі істеген нәрсе немесе заттың 80 пайызын, оқығанының 20 пайызын, ал естігенінің 10 пайызын есте жақсы сақтайды екен».
Оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасы .
* Оқушы пікірлері мен идеяларын еркін айтуға үйрету , айтқан көзқарастарына үнемі қолдау жасап отру ;
* Мұғалімдердің көпшілік жағдайда жақсы оқитын оқушылардан сұрап ,енжар оқушыларға көңіл аудармайтынын жиі байқаймыз , сондықтан оларға жиі сұрақтар беріп , тапсырма бойынша көзқарасын тыңдау қажет , ол оқушыда басқа балаларға ұқсамайтын пікір де болуы мүмкін .
Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:
* Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.
Ізденіс тенденция кезеңі:
* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.
Презентация (тұсау кесер кезеңі):
* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;
* Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, ребус шешу, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;
* Интерактивті оқыту ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді
* тіл байлығын жетілдіреді
* оқушы ізденушілігін арттырады
* шығармашылық белсенділігін
* еркін ойлауға мүмкіндік береді
* ақыл–ойын дамытады
Интерактивті оқытудың түрлері .
Бүгінгі кезде мұғалім топтық оқытудың жұмыстарының көптеген түрлерін іске қосты. Көпке белгілі – «Үлкен дөңгелек», «Зырылдауық», «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебаттар» және т.б. Бұлардың маңыздылығы және пайдалылығы тек келесі жағдайлар жасалғанда болады: сабақ барысында бір проблема толығымен алынса, осы проблема туралы оқушыларда алғашқы түсініктері болса (сабақта айтылған немесе өмірден алынған) сонымен қатар талқыға салынған тақырып жабық және бір бағытта болуы тиіс.7-8 сынып оқушыларымен топтық жұмыстың ең жеңіл түрлерінен бастаған жөн («Зырылдауық», «Үлкен дөңгелек», «Аквариум»). Бұл жерде осы формалардың ең маңыздылығы бала өзінің ойын айта білуі, оның көзқарасы және бағалауы сонымен қатар топтастарының (қарсы топтың да) аргументтерін естіп, өзінің көзқарасынан бас тартып немесе күрделі өзгертіп жіберуі. Қоғамтануда бұл өте маңызды себебі оқушы логикалық ойлаумен қатар басқаның ойын, пікірін сыйлауды үйренеді.
Топтық жұмыстың ең қарапайым түрі:
«Үлкен деңгелек» Жұмыс 3 этаптан тұрады.
1) Топ үлкен дөңгелек түрінде өтеді. Оқытушы проблемалық сұрақтар қояды.
2) Белгіленген уақыт ішінде (10 минут шамасында) әр оқушы жеке өзі қағазға проблеманы шешу жолдарын қарастырады.
3) Әр оқушы кезекпенен өзінің ұсынысын оқып шығады. Топ үндемей тыңдап шығады (сынамай, талқыламай). Әр пунктке дауыс береді. Біріккен шешімге кірістірілуін немесе кірістірілмеуін шешеді.
«Аквариум» диалог түрі, «қоғамның алдында» оқушылар проблеманы талқылауы тиіс. Бір топ араларынан бір оқушыны осы проблема бойынша диалогты жүргізуге сайлайды. Кейде бірнеше оқушы қатысу мүмкін. Қалған оқушылар көрермен болып отырады. Сондықтан аквариум атауы шыққан. Бұл ұйымдастырылған әдіс оқушыларға не береді? Ол құрбыларына сыртқы көзбен қарау, яғни оның қалай сөйлейтінін, бөтен ойға пікірге көз қарасы, өзің ой пікірін дәлелдеуі басталайындеп тұрған конфликтіні қалай басады.Интерактивті оқытудың ең басты шарты интерактивтік тренинг оқытуда жеке қабысуы мұғалімнің белсенді әдістерін пайдалану.
Интерактивтік әдістерге:
* Рөлдік ойындар;
* Пікір сайыс;
* “Ойлан да, ойыңды айтып қал”,”Айтарыңды айтып сал”(«Мозговая атака»,«Мозговой штурм», «»);
* “Кейс-стади” (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы);
* Тренинг (психологиялық,іскерлік қарым-қатынас,тұлғаны дамыту,коммуникативтік білікті дамыту тренигі);
* Жобалау әдістерін қолдану;(өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады);
Дебат.
Пікір сайысты ұйымдастырудың жолдары:(Пікір сайыс –салыстырмалы түрде жиі қайталанатын интерактивті әдіс)
1. Мақсатын айқындау;
2. Формасын таңдау;
3. Ақпараттық кіріспе;
4. Материалдар;
5. Сұрақ-жауап;
6. Басқару;
7. Басқарушының рөлін анықтау;
8. Пікір сайыстың барысы;
Қорытынды.
Тренинг жүргізу технологиясы:
* Тренинг –қарым-қатынас жасау барысында мұғалімнің тұлға аралық және кәсіби мінез-құлқын жетілдіруді көздейді. Бұл технология ынтымақтастықта оқытуға бағытталып,”жай ғана бір нәрселерді бірге орындау емес,бірге оқу” идеясын іске асырады, мұнда оқып-үйренілетін тақырып бойынша жұмыс істеу барысында әр топ мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара әрекет жасау арқылы өз бетімен жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізілген белгілі бір “топтық мақсатқа” және барлық топтың жетістігіне ерекше көңіл аударылады.
* Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
* Бірінші ереже. Жұмысқа оқышылардың толығымен қатысуы керек.
* Екінші ереже. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, оқушыларды белсенділігі үшін марапаттау, оқушының өзін – өзі көрсетуіне жол беру.
* Үшінші ереже. Сынып талапқа сай болуы қажет .
* Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Оқушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
* Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
* Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың иновациялық әдіс тәсілдерін пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі қызығуы күшейеді. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік – шығармашылық қабілеттері артады.Тарих сабағында оқытудың интерактивті әдіс – тәсілдерін пайдаланған тиімді .
Қорытындылай келе интерактивті оқыту бір мезетте бірнеше сұрақтарды шешуге жол береді. Ең бастысы ол іскерлік қатынастарды және дағдыларды дамытады. Оқушылар арасында қызық та қызу контактілер құру, тәрбиелік маңызы зор. Өйткені командада (топта) жұмыс атқаруды үйретеді. Басқа біреудің ойын, пікірін сыйлауға жетелейді.Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым – қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірісуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеруді, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануға, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылық пен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.