Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТАСБАҚАНЫҢ ШӨБІ -

ТАСБАҚАНЫҢ ШӨБІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1304 | Размер: | Автор: гость
. Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сауирбаева Мая

Сабақтың тақырыбы: ТАСБАҚАНЫҢ ШӨБІ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейтетін болады.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиялары.

Міндеттер:
1. Мазмұнына байланысты: мәтінді толық талдай отырып, тасбақа туралы алған білімін өз өмірінде қолдана алатын болады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, мәтінді т.б. қосымша материалдарды зерттеп талқылап, тасбақа жайлы алған білімін өз бетімен ұйымдастырып, талдау жасай алатын болады.
3. Топпен жұмыс: кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер: Автор потреті, тасбақаның суреті.

Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.
Барысы: Ұйымдастыру (жаңаша топқа бөлу).
Үй тапсырмасы: Үйге берген Т.Молдағалиевтің "Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқу, өзі қалаған гүлдің суретін салу, ол туралы әңгіме немесе өлең жазу. "Гүлтәж” жасаудан жарыс.

Жаңа сабақ: "Тасбақаның шөбі”.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ - жаңа білім
— - білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
І топ. Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін "Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?
ІІ топ. Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?
ІІІ топ. Өткен сабақтардан т.б. қосымша әдебиеттерден көрген-білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…
ІҮ топ. Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан-жануар, аң-құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?
Ү топ. Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т.б. заттармен қоректенеді екен?

Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жолды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
1. Не? – Тасбақа.
2. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4. Жусандағы тасбақа.
5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.

Сабақты қорыту: Тасбақа жайлы не білгендері туралы т.б. әр оқушыдан жеке сұрап өтемін.
Бағалау.

Үй тапсырмасы: "Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгіме жазу тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.