.
.
Коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорын Тауықпен тары»Ә. Табылдиев
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1409 | Размер: | Автор: гость№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы
тәрбиеші Сейталиева Гульнара Амангельдиевна, Атырау қаласы.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тауықпен тары»Ә. Табылдиев
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды оқылған шығарманы зейін қойып тыңдай білу, оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыра отырып,ырғақ сезімін дамыту.Балалардың белсенді сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Балалардың тәрбиешіге қосылып өлеңді қайталай білу қабілеттерін дамыту.Белсенді қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды еңбексүйгіштікке,достыққа тәрбиелеу.Үй құстарына қамқор болуға ,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер,ойыншық тауық,қимылды ойынға арналған атрибуттар,бейне сюжеттер.
Әдіс-тәсілдер: Мәнерлеп оқу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көркем сөз оқу: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
-Балалар назарларын суретке аудара отырып,қазір жылдың қай мезгілі екенін,оның ерекшеліктерін әңгімелету.
-Балалар менің қолымда сиқырлы қорапша бар,оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Қорапша ішінен ойыншық тауықты шығарады.
-Балалар мынау не?
-Дұрыс айтасыңдар,бұл үй құстарының бірі тауық.Балалар тауықтың түсі сары-қызыл,оның денесі,басы,аяқтары,көздері,тұмсығы бар.Тауық біздерге жұмыртқа береді,оның кішкентей балапандары болады.Тауық қыт,қыт,қыт деп дыбыстайды.Тауық тары,бидай жейді,су ішеді.
-Балалар бүгін мен сендерге «Тауықпен тары » деген өлең оқып берейін.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтегесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр, тоқылдап.
-Балалар,тауық не істеген екен?(Тары жинапты. )
-Жинаған тарысын не істеген?(Оны ешкімге қимапты. )
-Қыс мезгілінде тауықтың қарыны ашқан кезде,не іздеген ?(Тары іздепті. )
-Тауықтың істегені дұрыс па?(Дұрыс емес. )
Қимылды ойын: «Балапандар»
Мақсаты:Балаларды ширақ қозғалу іскерліктерін,белсенділіктерін жетілдіру.
Тәрбиешінің көрсеткен қимыл-қозғалыстарын қайталай білуге үйрету.
Қорытынды:
- Балалар өлеңде не туралы айтылған?(Тауық пен тары туралы. )
-Тауықтың дене мүшелерін атап беріңдерші.(Басы, қанаты, тұмсығы,көзі. )
-Тауық не жейді екен?(Тары жейді. )
-Тауық тары жинадыма жоқпа? (Жинаған жоқ. )
(Тәрбиеші балалармен «Балапан» биін билейді.)
«Балапандар» биі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.