Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Таза ауыл» атты акциясы -

«Таза ауыл» атты акциясы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2864 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «Таза ауыл» атты акциясы

Алмаз ауылының экологиялық-өлкетану акциясы
Сыныптан тыс шара

Құрастырып, ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі : Тлесова З.Ж.

Акцияның мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту.
ә/ Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра
отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыт
б/ Құстарды қорғауға, қамқор болуға, экологиялық тәрбие беруге баулу.
Акцияның міндеті
 Ауыл - халықтың алтын бесігі;
 Аула, көше, ауыл тазалығын үнемі қадағалауға (сақтауға) дағдандыру;
 Қоршаған орта туралы білімдерін молайту;
 Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалды пайдалану;
 Зерттеушілік, шығармашылық белсенділін дамыту;
 Жиналған мәліметтерді құжаттау (рәсімдеу);
“Таза ауыл” экологиялық акцияның ережесі
Туған жердің тазалығын сақтау
Көгалдандыру жұмысымен шұғылдану
Акцияның жұмыс бағыты
Жібек жолы
тарихи жер,су аттарын атаулы тарихы жөнінде шығармашылық жұмыстармен айналысу.
Шаһар бағыты
ежелгі көне қалалар туралы мағлұмат жинау,саяхат жасау археологиялық жұмыстармен (ат салысу) шұғылдану.
Құсбегі бағыты
аңдардың, құстардың түрлерінің ерекшеліктерін анықтау.Өнердің түрлерінің пайда болу рөлі.
Асыл мұра
Тарихи ескерткіштер, мазар, таңбалы тастар туралы деректер жинап,насихаттау.
«Экологиялық - өлкетану» акциясының бағдарламасы
І – бөлім. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
Әр сыныптың тобының аты,ұраны,табиғатты қорғау бағытындағы эмблемасы;
(эмблема 12см диаметріндегі дөңгелек түрінде болу керек.)
ІІ – бөлім. «Бұлақ көрсең көзің аш»
«Кіші өзендерді сақтаймыз» тақырыбына экологиялық плакаттар байқауы;
ІІІ – бөлім. «Бердингисттер»
а) Құстың ұясына қарап анықтау;
ә) Викториналық сұрақтар;
б)Құстарға байланысты тыйым сөздер;
в) Жұмбақтар;
IV – бөлім. «Жас зерттеушілер»
шөптердің қасиетін анықтау, өз әдісімен зерттеу жұмысын жүргізуі тиіс;
V- бөлім. «Слайд шоу»
Әр команда өз аулына байланысты экологиялық акциясын слайд түрінде ұсынады.Слайд 3 минуттан кем болмауы тиіс.Әр топтың құрамы 3 адамнан болуы керек.

І – бөлім. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
Әр сыныптың тобының аты,ұраны,табиғатты қорғау бағытындағы эмблемасы;
(эмблема 12см диаметріндегі дөңгелек түрінде болу керек.)
1-жүргізуші:Ауылым-ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саянда ойнап, өсіп,білім алып.
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Топтың аты:
”Табиғат”
Ұранымыз:
“Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат!”
Топтың төсбелгісі

Топтың аты:
”Қыран”
Ұранымыз:
“Қыран құстай самғаймыз,
Биік шыңға !”
Топтың төсбелгісі

Топтың аты:
”Жас эколог”
Топтың ұраны:
«Су тіршіліктің нәрі»

Топтың төсбелгісі

ІІ – бөлім. «Бұлақ көрсең көзің аш»
«Кіші өзендерді сақтаймыз» тақырыбына экологиялық плакаттар байқауы;
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл елді,
Көркейтетін болашақ біз жастармыз.
Әр топтың суретшілері «Кіші өзендерді сақтаймыз тақырыбына» суреттер саламыз.Өз ауылындағы көлдердің, бұлақтың суретін салуға болады.Сурет қылқаламмен боялған болу керек.

ІІІ – бөлім. «Бердингисттер»
Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнандар

Ұзақ,қарға және сауысқан
ұяларын ағаш бұтақтарына
салады.

Сайрауық ұясын жіңішке
шыбықтардан тоқып, биік
ағаш басына салады.

Қарлығаш пен сұр қарлығаш
ұяларын шатыр астына
балшықтан салады.

Аққуларұяларын су жағасындағы
қалың қамыс арасын салады.
Олар ұясына өзінің жұмсақ
мамығын төсейді.

Тапсырмалармен жұмыс.
1. Құстарға байланысты тыйым сөздер:
-Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
-Құстар көп болас, зиянкес жәндіктер аз болады.
- Бұлбұл үнді, жылан тілді.
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
- Құстарды өлтіруге, ұясына бұзуға болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
2.Викториналық сұрақтар:
1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/
2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/
3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/
4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/
5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/
6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/
7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/
3.Жұмбақтар
Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сан кісі.
• Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.
Мойны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы?
• Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинайды да талшықты.
Ұқсатып қамытқа
Үй салады жабық.
• Ұзақ тектес құс,
Шіркей жеп.
Ауыл маңынан кетпес құс.
• Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

IV – бөлім. «Жас зерттеушілер»
шөптердің қасиетін анықтау, өз әдісімен зерттеу жұмысын жүргізуі тиіс;

V- бөлім. «Слайд шоу»
Әр команда өз аулына байланысты экологиялық акциясын слайд түрінде ұсынады.Слайд 3 минуттан кем болмауы тиіс.Әр топтың құрамы 3 адамнан болуы керек.

Қорытынды.
Әділқазы алқалары топтың жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды марапаттайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.