Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Теледидар -

Теледидар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 10020 | Размер: | Автор: гость
. Нұраханова Бағдагүл Қуанышбекқызы

Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
І санатты тәрбиешісі

«Ақмаржан» (4-5 жас) ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекетінің түрі: «Құрастыру»
Тақырыбы: «Теледидар»
Мақсаты: Тұрмыстық заттарды қайталай отырып, теледидар жайлы
білімдерін толықтыру. Сок қораптарын қолданып, теледидарға
керекті пішіндерді дұрыс таңдап алуға үйрету.
Көрнекіліктер: Сок қораптары, түрлі түсті қағаздар, желім, ермексаз, сүлгі,
үлгі суреттер.

Қызмет кезеңдері Педагогтың басқару
іс - қимылдары Балалар қызметі

Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуағын төгіп нұр,
Сәлем күн – ана.
- Сәлеметсіздер ме, апайлар.
- Балалар, бәріміз бүгінгі күнге ақ тілектерімізді айтайық.

Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.

- Аспанымыз ашық болсын!
- Күніміз жарқын болсын!
- Деніміз сау болсын!

Ұйымдастыру іздену - Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің ерекшелігі неде?
- Күзде күн қандай болады?

- Күзде біз қалай киінеміз?

Жұмбақ жасыру
Ән салады чемодан
Ішінде тұр көп адам
Естімейді сөзіңді
Сөйлесең де сөзіңді
- Шешуі не екен, балалар?

- Теледидар – телевизор
Теледидар туралы әңгімелеп беру.
- Балалар теледидардың пай-дасы өте көп. Көптеген жа-ңалықтарды, киноларды, ер-тегілерді, концерттерді теле-дидардан көреміз. Сонымен бірге теледидардың зияны да бар. Теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян келеді.
Үлгі суреттерді көрсетіп, теледи-дардың қалай жасалатынын түсіндіру.
- Қане, балалар осы теледи-дарды өзіміз жасап көрейік.
- Әуелі қораптарды алып, оның сыртын түрлі – түсті қағазбен жапсырамыз. Беті-не әртүрлі суреттерді қиып, жапсыруға болады. Тіс шұ-қығыш пен ермексаздан те-ледидардың антенасын жа-саймыз, оның ішіне қиылған бейнелерді жапсырамыз.
Қағазды қиюда, желімдеуде бағыт беру.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз -
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Топ – топ басып аяқпен,
Орнымызға барамыз.
- Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.
- Күз мезгілі
- Күн салқындайды, жаңбыр жиі жауа-ды, жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
- Жылы киінеміз.

- Теледидар

Балалар қайталайды.

Қораптарға түрлі – түсті қағаздарды жапсырады.
Тіс шұқығыш пен ер-мексаздан антена жасап, оны теледидардың үс-тіңгі бөлігіне орналас-тырады.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Рефлексивті түзету Дайын болған жұмыстарын қарап, дұрыс емес жерлерін түзетуге кө-мектесу.
Балалардың теледидарды құрас-тырған жұмыстарын қарап, мадақтау.
- Балалар сендер бүгінгі оқу іс әрекетіне жақсы ат салыс-тыңдар, сендерге рахмет.
- Сау болыңдар.

- Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Теледидарды қорапшадан жасауға болатынын біледі.
Игереді: Теледидар туралы жаңа мәліметтерді игерді.
Меңгереді: Қажетсіз заттармен жұмыс жасай алуды меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.