Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Атырау қаласы
№32 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Ақпанбетова Зухра Тұяқбайқызы
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Темір
Сабақтың мақсаты:Темір қасиеттерін,алынуын,қолданылуын оқыту арқылы өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:оқушыларды темір және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттай білуге,химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Блум таксономиясын пайдаланып,тапсырмалар беру арқылы оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін жүзеге асыру.
Тәрбиелілік: Шынайы өмірге белсене араласатын,әлеуметтік жауапкершілігі жоғары,ой-өрісі кең,кәсіби деңгейі жоғары,танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: белсенді оқыту стратегиясы
Көрнекілігі: электрондық оқулық, суреттер,кестелер
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру
Оқушыларды 4 топқа бөлу 1-топ «География»; 2-топ «Биология»;3-топ «Физика»;4-топ «Химия»
Сабақты жерлес ағамыз Қадыр Мырза-Әлінің мына өлең жолдарымен бастағалы тұрмын.
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да, жасырайын несіне
Химия емес,осы кесте салды өмірді несіне
Темір дейміз,темірдің де кезі өткен,
Кезі өтпесе тұрар ма еді 26 кезекте,-деп «Темір» тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз. Сабақ Блум таксономиясы бойынша өткізіледі.
1-қадам Білу
FILA кестесін толтыру
Фактілер Идеялар Сұрақтар Іс-әрекет жоспары
Темір

Периодтық жүйедегі орны
Табиғатта кездесуі
Биологиялық маңызы
Қасиеттері
Алынуы
Қолданылуы Темір қандай тағамның құрамында болады?
Темір Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі?
Таза темір қайда қолданылады? Периодтық жүйедегі орнын анықтау
Табиғатта кездесетін темір қосылыстарын жазу.
Қасиеттерін сипаттау.
Қолданылуын кесте түрінде құру.

Электрондық оқулық арқылы оқушыларға ақпарат беру
2-қадам Түсіну
Джигсо стратегиясын қолдану
Әрбір топқа жоспар бойынша темір туралы тапсырмалар беру.
1-топқа Қазақстан картасы бейнеленген сурет;
2-топқа адамның қанайналым жүйесі көрсетілген сурет;
3-топқа магниттің суреті;
4-топқа тот басып кеткен ескі көліктер беріледі.
Әрбір топ өзіне берілген суреттердің ішінен темірге қатысы бар мәтін құрып, оны қорғауы тиіс.
3-қадам Қолдану
«Жіпке ілу» стратегиясы бойынша топтар темір туралы алған ақпараттарын жіпке ілуі керек.
4-қадам Талдау
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша ең белсенді оқушыға сұрақтар қойылады.
Тапсырмалар беру
Еркін құрылымды жауабы бар тапсырма
Меккедегі қаратас туралы не айтуға болады?
Мамасы Айданаға алманың қабығын аршып берді.Айдана алманы үстелдің үстіне тастап аулаға шығып кетті Біраздан соң келсе алманың кескен жерінің қоңырайғанын байқады. Ол бұл құбылысқа түсіне алмай дал болды.Айданаға көмектесу керек.
.
Кешенді жауабы бар тапсырма беру
Темірге байланысы бар жауаптарды анықта
Анықтамалар Жауаптар
Қанның қызыл түйіршіктері құрамындағы гемоглобинде болады Иә Жоқ
Табиғатта бос күйінде кездеседі. Иә Жоқ
Темір жай немесе күрделі заттармен әрекеттеспейді. Иә Жоқ
Периодтық жүйеде 4-период, 8-топтың негізгі топшасында орналасқан Иә Жоқ
Жер ядросының негізгі құраушысы Иә Жоқ
Кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде кездеседі. Иә Жоқ

5-қадам Жинақтау
«Ыстық картошка» әдісі арқылы оқушылардың ойын жинақтау.
 6-қадам Бағалау
 Оқушылардың басбармақтарын көрсетуі арқылы олардың ұғу деңгейін тексеру.
 Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
 Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
 Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.