.
.
Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2757 | Размер: | Автор: ПубликаторСабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тербелмелі қозғалыс, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
туралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: жеке тұлғаның танымдылық белсенділігін дамыту, пәнге
қызығушылықтарын арттыру, білімділікке, шапшаң ойлауға, ойларын
қорыта білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: өзіне сын көзімен қарай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, ұжымдық жұмыс
істеуге, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (Activstudio Professional Edition V3), семантикалық
карта, кесте, тірек сызба.
Пән аралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, математика .
Сабақтың түрі: ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны физика
пәнін оқытуда қолдану.
Жоспары: сабақ жоспары блок-схема түрінде құрылады.
Б л о к – с х е м а
І саты «Білемін»
1.Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушы көңіл-күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту;
Б) Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру;
Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіру.
2.Үй тапсырмасын сұрау:
а) Тест жұмысы
1.Грек тілінде impulsus-қандай мағына береді?
А)күш Ә)соққы Б)жылдамдық В)үйкеліс
2. Дене массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең
болатын физикалық шама .... деп аталады?
А) уақыт Ә)күш импульсі Б)дене импульсі В)соққы
3. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ..... деп аталады
А) уақыт Ә)күш импульсі Б)дене импульсі В)соққы
4.Күш импульсі анықтайтын өрнек қайсы?
А) Ә) Б) В)
5. Дене импульсінің формуласы
А) Ә) Б) В)
А) потенциалдық энергия Ә)ішкі энергия
Б)кинетикалы энергия В)жылу энергиясы
7.Денелердің өзара әрекеттесуінен немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия
А) ішкі энергия Ә) потенциалдық энергия
Б)кинетикалы энергия В)дене импульсі
8. Энергияның өлшем бірлігі.
А) джоул (Дж) Ә) Ватт (Вт) Б) Ньютон (Н) В) Н*с
Бағалау рейтингі: 8- «5»; 7- «4»; 5-6- «3»;
Тест жұмысының бағалау парағы
Оқушы аты-жөні
Сыныбы
1 2 3 4 5 6 7 8
А
Ә
Б
В
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
ә)Жаңа сабаққа ой тастау
ЖҰМБАҚТАР
Две сестры качались,
Правды добивались,
А когда добились,
То остановились (Весы)
Считает весь век,
А сам не человек (Часы)
Мы ходим ночью,
Ходим днем,
Но никуда мы не уйдем.
Мы бьем исправно каждый час,
Но вы, друзья, не бейте нас. (стрелки)
В тихую погоду нет нас нигде
Ветер подует –бежим по воде. (Волны)
Атасы қалғым, мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды,
Інісі жылдам, баласы жүйрік
Зымырап тұрған. (Жыл, ай, күн, сағат)
4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
(электронды оқулық)
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
Бұл тарауда біз , негізінен, механикалық тербелістердің ерекшеліктерін және олардың механикалық қозғалыстардың басқа түрлерінен айырмашылығын қарастырамыз. Сондай-ақ электромагниттік тербеліс ұғымдарына да қысқаша тоқталамыз.
Тербеліс деген өте кең ұғым. Айталық маятник тербелісі, машиналар двигателі поршеннің қозғалысы, кеменің шайқалысы, көпірдің теңселісі, айнымалы токтың тізбектегі тербелісі, жүрек соғысы, жел соққанда талдың тербелісі және «Тербелер даусым ауада...» деп Сәкен Сейфуллин айтқан ауаның тербелісі, су бетіндегі тербеліс толқындары, 1-суретте әткеншек тербелісі, бесіктің тербелісі және серіппенің тербелісі көрсетілген осының бәрі тербелістің мысалдары бола алады.
1-сурет
Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын ығысу деп атайды.
Ығысуға пропорционал және оған қарама –қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады. (2-сурет)
2-сурет
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалы) тербеліс периоды деп аталады. Тербеліс периодының бірлігі 1с.
Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.Жиіліктің өлшем бірілгі неміс ғалымы Генрих Герцтың құрметіне герц (Гц) деп аталған,
килогерц (кГц), мегагерц (МГц) сияқты еселік бірліктері пайдаланылады. Сондай-ақ жиіліктің , , T және t аралығындағы байланыстар
Мұндағы -жиілік , T –период, - t уақыттағы тербеліс саны.
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын келесі бір негізгі шама –амплитуда. Тербеліс амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. Амплитуда А әрпімен белгіленеді, сонда А=Xmax. (3-сурет)
3-сурет
4.Жаңа сабақты пысықтау
в)Семантикалық картамен жұмыс
Тербеліс периоды Механикалық тербеліс Тербеліс амплетудасы Тербеліс жиілігі
Дене бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл және жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы.
1 секунд ішінде жасалған тербеліс саны
Герц (Гц)
Секунд (с)
Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады
5. Жаңа сабақты қорытындылау.
г)оқулықпен жұмыс, есептер шығару.
21-жаттығу.
№1
Дененің х координатасының уақытқа тәуелділігінің графигі бойынша тербеліс периодын анықтаңдар (80, а-сурет).
№2
График бойынша (80, а-сурет) тербеліс жиілігін анықтаңдар.
№3
80, ә-суретте механикалық тербелістер кезіндегі дененің х ығысуының t уақытқа тәуелділігінің графигі кескінделген. График бойынша тербеліс периодын, жиілігін және амплитудасын анықтаңдар.
№4
Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц, шыбындікі 300Гц, масаныкі 450Гц. Олардың қанаттары 1 минутта қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер.
д) дұрыс жолын тап:
белгіленуі өлшем бірлігі физикалық атауы
А Гц тербеліс жиілігі
Т м амплитуда
c тербеліс периоды
n Дж күш импульсі
М тербеліс саны
Еn Н*с кинетикалық энергия
Ғ м/с потенциалдық энергия
Ек Дж күш
р кг масса
m кг*м/с дене импульсі
е) ой топтастыру (4-сурет)
6.Үйге тапсырма
ТЕРБЕЛІСТЕР.
24. Тербелмелі қозғалыс.
25.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
21-жаттығу. Тербелмелі қозғалыстарға мысалдар ойластырып келу.
7.Бағалау.
4-сурет
Әдебиеттер тізімі:
1.Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова. Н.Бекбасар. Физика және астраномия-9сынып оқулық. «Мектеп» 2009.
2. Ә.Ж.Көшеров. Физика есептері. ІІ том. Шымкент, 2008.
3. «Физика Қазақстан мектептерінде» 2012ж. №2.3.
4. «Физика және астраномия» 2013ж. №1,2.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.