Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
The Sky of my Childhood -

The Sky of my Childhood

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2227 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі
Ағылшын тілі мұғалімі
Талипова Динара Бактияровна

Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: The Sky of my Childhood
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы:
Шаттың шеңбер құру.
(Оқушылар бірге айтады)
In Kazakhstan we live,
Everyone has a home.
Have a job, have friends,
Mom, dad, and I have!
М: Тамаша, балалар! Олай болса бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық
О: - I wish you luck (сәттілік тілеймін)
О: - let dreams come true (армандарыңыз орындалсын)
О: - I wish you health (денсаулық тілеймін)
О: - I wish you success (желаю успехов)
О: - I wish you peace (бейбітшілік болсын)
М: Айтқан тілектерің орындалсын. Рахмет. Тақтаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар? (Қазақстанның картасы, Астана, Н.А.Назарбаев)
- Бүгінгі сабағымызда не туралы айтамыз?
О: Отанымыз – Қазақстан және президентіміз Н.А.Назарбаев туралы
М: Олай болса, топқа бөлінейік. Суреттер бойынша бөлінеміз.
1 топ Астана
2 топ Бәйтерек
3 топ Ақ Орда
І. «Қызығушыдығын ояту»
М: - Балалар, әрбір адамның аспанда жұлдызы бар, бір адамдыкі өте жарық, біреуінікі сәл жарқырап, ал кейбіреулердікі тіптен сәл ғана жарқырап тұрады. Адамның жұлдызының жарқырауы өзіне байланысты. Сендердің жұлдыздарың жоғарыдан жарқырасын деп, мен сендердің жауаптарыңды жұлдыздармен бағалаймын. Қай топтың жұлдыздары көп болса, сол топ белсенді жұмыс істеді.
ІІ. «Миға шабуыл». Мына сұрақтарға жауап беріңдер
1. The Capital Of Kazakhstan? – Astana
2. The first President of Kazakhstan? – N. A.Nazarbayev
3. When we celebrate President's day? - 1 December
4. What holidays are celebrated in Kazakhstan? –
1) December 16 - Independence Day of Kazakhstan
2) March 22 - Nauryz Holiday
3) August 30 - Constitution Day
4) 9 may - Victory Day
5) July 6 - Day of the Capital
5. Name the State symbols of Kazakhstan?
Flag. The coat of arms. Anthem
М: Well done. Answered all the questions correctly
М: -Тамаша, барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер
ІІІ. Постер қорғау
1 топ Қазақстанның Елтаңбасы
2 топ Қазақстанның Туы
3 топ Қазақстанның Әнұраны
1 топ. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
- The national emblem tells us that Kazakhstan is lifted up into the sky reliable Shanyrak is inspired by the energy of the people who are building a new state, and, of course, his deep faith in your guiding star.
Coat of arms created Zhandarbek Malibekov and Shota Ualikhanov.
2 топ. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
- The state flag is dark blue colour. In the center of the flag floating under the Golden sun eagle. Blue background of our national flag and ornaments symbolize purity and the height of the intentions of our people, the Golden sun is happiness and wealth. The author of the national flag— Shaken Niyazbekov.
3 топ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті.
- The national anthem knows every citizen of the state if he considers himself a true patriot.Anthem is a solemn song about the Homeland. Music composer Shamshi Kaldayakov words Zhumeken Kazakhstan, Nursultan Nazarbayev .
М: Тамаша, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар
Оқулықты ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Балалар мемлекетіміздің президенті тураы қандай көркем фильмді білесіңдер?
Сол бейнефильмнен үзінді тамашалайық (бейнефильм көрсету)
The sky of my childhood— the film by Rustem Abdrashev about the childhood of President of the Republic of Kazakhstan N. A. Nazarbayev, loosely based on his literary memories
Бұл фильм Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы туралы. Фильмнің режиссері Рүстем Абрашев.
ІV. «Ой қозғау» Бұл фильмді көргенде кімде қандай ой туды?
(Оқушылар өз ойын айтады)
М: - Кішкентай кезінен ұшқыш болуды армандайды, Киевтегі аваиация институтына оқуға түсіп тұрып, оқуына бармай қалады. Неліктен?
- Егер ұшқыш болғанда қандай жетістіктерге жетер еді деп ойлайсыңдар
(Мықты ұшқыш болар еді? т.б. ойларын айтады)
V.«Мағынаны ашу» Оқулықпен жұмыс.
1. «Джигсо» әдісі бойынша оқып, бір-біріне түсіндіру.
2. Мәтінді қазақ тіліне аудару.
«Сәйкестендіру» тесті. Дәптерге орындау.
1958-60 He started work at a steelworks in Karaganda.
1960 He studied at a higher technical school in Karaganda.
1962 He studied at a technical school in the Ukraine.
1964-7 He married Sara Alpysovna.
Сергіту сәті. Суреттер сыр шертеді. Ағылшын тілінде жауап береміз
1.Қазақстанның бірінші президенті – Н.А.Назарбаев
The first President of Kazakhstan - Nursultan Nazarbayev
2.Мемелекеттік Елтаңба - National emblem of Kazakhstan
3.Қазақстан Республикасының Конституациясы
The Constitution Of The Republic Of Kazakhstan
4.Мемлекеттік Ту The state flag of Kazakhstan
5.Қазақстанның алғышқы ғарышкері – Тоқтар Аубакиров
The first cosmonaut of Kazakhstan - Toktar Aubakirov
6. Астананың символы – Байтерек
The Symbol Of Astana - Baiterek
7.Қазақстанда өткен спорттық ойындар - Азиада ойыны
Sports games in Kazakhstan - Asian games
8.Қазақстанның ұлттық валютасы – тенге
The national currency of Kazakhstan – tenge
9.Тәуелсіздікке арналған монумент
Monument of independence
М: Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
- Балалар, президент болу үшін қандай азамат болу қажет?
- Адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
(Оқушылардың ойын, пікірін тыңдау)
Қорытынды.
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Рефлексия.
Маған сабақ ұнады/ұнамады
Сабақта менің көңіл-күйім жақсы болды/ төмен болды
Топқа көмегім тиді/ тимеді
Тақырыпты түсіндім/ түсінбедім
Смайликтермен көңіл-күйін көрсетеді.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.