Тігін бұйымдарын модельдеу. 10 сынып
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3654 | Размер: | Автор: Публикатор
ШҚО Семей қаласы
«А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
жоғары санатты сызу және технология пәндерінің мұғалімі
Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Сабақтың тақырыбы: Тігін бұйымдарын модельдеу. 10 сынып
Сабақтың мақсаты: жеңді модельдеу.
Міндеттері:
Білімділік: жеңдерді модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған жең фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.
Дамытушылық: модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс- дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету; еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, модельдеу бойынша кестелер, дәптер, жеңдердің 1:4 масштабындағы бөлшек қимаүлгілері, сызғыш, пішу үшін қажет сызба, қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды баяндау. Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Мойындық ойығының, кеуде пішімінің, жең және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету.
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.
Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Оқулықтағы кестені талдау
III. Зертханалық жұмыс. Кеуде бүкпесін ауыстыру, жең аузына қарай кеңейген ұзын жеңді өңдеу.
Қазір сендер өздеріңді суретші – модельер сезініп, блузка моделін жасайсыңдар.
Құрал-саймандар және материалдар: жұмыс қорапшасы, сызғыш, бұрыштама, лекало, қаламдар ҚЖ-2Ж, өшіргіш, желім, қайшы, жнң пішімі.
Тапсырма. Жоспар бойынша сызбаға эскизге сәйкес модельдік өзгерістер енгізу:
1. Түрлі түсті қағазда блузка пішімін сызу.
2. Контур бойынша қырқып алу.
3. Алдыңғы бой және кеңейту сызығына эскизге сәйкес кеуде бүкпесінің пішіміне қарай сызықтар жүргізіп, оны қырқып алу.
4. Матаға пішімді жаю кезінде кеуденің ортасына бүкпе биіктігі қанша сантиметрге жетпейтінін көрсету.
5. Блузка пішіміне сәйкес модельдеу.
IV. Ағымдағы нұсқыаулық.
— Жұмыс орнының ұйымдастыруылуын тексеру;
— Зертханалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
— Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;
V. Материалды бекіту.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Модельдеу кезінде нені ескеру керек?
2. Кеуде бүкпесін ауыстыру ережелері қандай?
VI. Соңғы нұсқаулық.
— Сабақты қортындылау.
— Қателіктер мен себептеріне талдау жасау.
— Баға қою.
— Үйге тапсырма.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.