Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру -

Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1663 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл-төбе елді мекені
№2 орта мектебі
Утегенова Жибек Жаналиевна
Технология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру» (6 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Оқушыларға туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру жолдарын үйрету, ұқыптылық, эстетикалық талғамға баулу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызбалар, сурет, журналдар, оқулық, тігін машинасы, құрал-жабдықтары, т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесу.
-Сабаққа қатынасын анықтау.

2. Мігін машина инесінің қол инесі сияқты әр түрлі нөмірі бар. Басты міндеті – тігіс жүргізу. Ине жылтыр болат темірден жасалады, оның жуандығы біркелкі болмайды. Ұшы жіңішке, үшкір де жоғарғы жағы жуан, бір беті тегіс келеді. Иненің жуан бөлігін қолба деп атайды. Қолбадан (колба) төмен ұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьннің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стержень ұзын және қысқа ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады., ол иненің жүрісі кезінде жіпті үйкелмеуден сақтайды. Жіпті ұзын ойық жағынан сабақтайды. Өздерің көріп жүрген ине конструкциясын Америкада ХІХ ғасырдың 30-жылдарында ойлап тапты. Иненің нөмірін мата түріне қарай таңдайды. Жұқа маталарды жіңішке инемен, яғни 70-80-90 нөмірлі инелермен тігеді. Ал, қалың маталарды жуан, 100-120 нөмірлі инелермен тігеді. Соған қарай жіпті де ауыстырып отырады. Жұқа бәтес, жібек ине нөмірі 70 мақта жібі, 80 жібек жібі 75 сәтен, шыт жібек, ине нөмірі 80-90 мақта жіп 60-80 жібек жіп 65.
Сабақты бекіту. Тігін машина инесінің құрылысы және орналастыру туралы нені үйрендіңдер?

Үйге тапсырма: Оқып келу, үйрену.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.