.
.
Сыныптан тыс сайыс сабағы "Тіл білгірі" 8-сыныптар арасы Тіл білгірі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1827 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Сайысқа үш сыныптан алынған 3 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты.
2 кезең. . Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
3 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу.
4 кезең. "Жеті жұрттың тілін біл"
5 кезең. «Салтым-асыл қазынам» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
6 кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (ситуациялық сұрақ)
7 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8-сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тіл- білгірі» атты сайысына қош келдіңіздер!
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Алдымен сайысымыздың бағасын беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.
1 кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
Әр топ өзінің тобының атын, топ мүшелерін таныстырады. Топтың атын қорғап береді.
І топ: «Тапқырлар»
1) Осындай алғыр достар кездескенде,
Жетсін тек жарыстарда жеңістерге
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар
Тілейміз біз сендерге ізгі тілек.
2) Жетінші сынып әлі көпті білмесем де
Үйренемін мен сіздерден ұстаздарым
Сайыста ұтамын деп айта алмаймын
Ұтпаймын деп артқа қадам тастамаймын.
Біздің ұранымыз:
«Жарыс десе жанамыз, жеңісті тапқырлықпен аламыз».
ІІ топ: «Білгірлер»
1) Шақырып жарыстарға сан салалы
Алғырлар топ жарғалы жар салады
Ту етіп достық пенен татулықты,
Тапқырлар командасын қарсы алады.
2) Келешекте үмітіміз талапты
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр
Сегіз қырлы ойыншы боп туғандар
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.
Біздің ұранымыз:
«Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске».
ІІІ топ «Алғырлар» тобы
1) Біз қазақпыз деп бүгін мақтанамыз,
Тілім мен дінім бар деп шаттанамын
Туылып өскен жеріміз Төлеби ауданы
2) Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Жастықты бірге өткізген
Сыныптастарға өрімдей бір сәлем.
Біздің ұранымыз:
«Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 кезең. «Бәйге» деп аталады.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші топ жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып қолын көтерген топ жауап береді.
І топтың сұрақтары:
1. А.Байтұрсынов кім?
2. Неміс елінде айтылатын қазақ әнінің авторы кім?
3. Қазақ тілінде неше септік бар?
4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім?
5. Жүз жасаған ақын?
6. «Шаһар» сөзінің синонимі?
7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
9. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
10. Әл-Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған?
11. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
12. «Ақылды» сөзінің түбірі?
13. Абайдың қанша қарасөзі бар?
14. Ата Заң күні қашан?
15. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
ІІ топтың сұрақтары:
1. «Бес Арыс» деген кімдер?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
7. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман?
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
9. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
10. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
11. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
12. Білім және Ғылым Министрі кім?
13. Қазақстан жерінен өткен жол.
14. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
15. Әнұранның авторларын атап бер.
ІІІ топтың сұрақтары:
1. Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған үш бәйтерек кімдер?
2. Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау қай жылы басталды?
3. Қазақ халқының тұңғыш романисі?
4. «Оян қазақ» кімнің шығармасы?
5. Түркістан қазақ халқының қандай қаласы?
6. Жаза алмайтын атақты ақын кім?
7. Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз?
8. Абайдың туған жылы.
9. Абайдың қандай өлеңдері бар?
10. ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?
11. Құлагер кімнің аты?
12. ҚР-ның рәміздерін ата.
13. Әл-Фараби өмірге келген қала.
14. «Домбыра» өлеңін кім жазған?
15. Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.
3 кезең «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында эссе жазу
4 кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз топтан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»
Сұрақтар: І топқа
1. Нағашы деген кім?
2. Құдайы тамақ беру деген не?
3. Ұлттық киімдерді атап бер.
4. Бет ашар туралы не білесің?
5. сырға салу деген не?
6. Ұлттық ойындарды атап бер.
ІІ топқа
1. Айт мейрамы туралы не білесің?
2. Құда, құдағи дегендер кімдер?
3. Ұлттық тағамдарды ата?
4. Шілдехана деген не?
5. Қымыз қалай жасалады?
6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
ІІІ топқа
1. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Құда шақыру деген не?
3. Ақсүйек қандай ойын?
4. Тұсау кесу деген не?
5. Қандай туыстық атауларды білесің?
6. Ораза деген не?
6 кезең. Келесі кезеңіміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңіне де жеттік, бұл кезеңде ортаға ситуациялық сұрақтар яғни жағдаяттар беріледі. Бір топ ақтаса, екінші топ жақтайды. Бұл жерде сіздердің ой-пікірлеріңізді білеміз. Кезеңнің аты айтып тұрғандай өз ойларыңызды қаншалықты дәрежеде ашып жеткізе отырып, шешендіктеріңізді көрсете аласыздар. Ұпай саны 10 ұпайдан.
Бірінші жағдаят.
Сабақ үстінде оқушы партаға жазу жазып отырды. Мұғалім оған ескерту жасады, Бірақ оқушы жазуын бұдан кейін де жалғастыра берді. Оқушы мәдениеті туралы не айтуға болады? Әр топ өз көзқарастырын қорғайды.
Даттаушы топ: Оқушының сабақ үстінде партаға жазуы дұрыс емес, қоғам мүлкін бүлдіруге болмайды, бұл оқушы мәдениетінің төмендігін көрсетеді.
Ақтаушы топ: Оқушының сабаққа қызығушылығы жоқ, мұғалімнің сабақ әдісі оған ұнамайды, сондықтан ол осындай іспен шұғылданды.
Екінші жағдаят. Оқушы анасынан би кешіне баруға рұхсат сұрады. Ол бұл жайында достарымен уәделесіп қойған болатын. Анасы баласына рұсат бермеді. Ана мен бала арасында ренжісу, сөз алысу болды. Оқушы мәдениеті жайында не айтуға болады? Әр топ өз көзқарасын қорғайды.
Ақтаушы топ: Оқушы достарымен уәделесіп қойған, егер ол уәдесін орындамаса, достар арасында бір-біріне сенімсіздік туады, оқушы анасымен солүшін сөзге келді.
Даттаушы топ: Оқушы анасының айтқаның істеу керек, анасымен сөз алысуы дұрыс емес, ана баласына ешқашан жамандық ойламайды, бұл тәрбиесіздік мәдениетсіздікті көрсетеді.
7 кезең. «Тапқырлық»
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден ... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
10. Тіл қылыштан ... (өткір).
11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
12. Тілден артық ... (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).
16. Өнер алды - ... (қызыл тіл).
17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).
18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).
19. Басқа пәле - ... (тілден).
20. Білім кілті - ... (тіл).
«Тіл білгірі» атты сайысымыздың соңы әнге кезек береміз.
Ән: Мақсұтов Жеңісханның орындауында «Ән салам»
Жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.