Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тілім менің -  тірлігімнің айғағы -

Тілім менің - тірлігімнің айғағы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1654 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік ауылы
Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жумабаева Айнур Измухановна
Сайыстың тақырыбы: « Тілім менің - тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Оқушылардың туған ана тілін қадырлей білуге, отансүйгіштік қасиеттерді бойларына дарытып, білімдерін жан - жақты болуға, өзіне деген
сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;
Көрнекілігі: тіл туралы суреттер, сандары бар бағандар,интертақта,гүл,шар

Түрі: Интеллектуалды ойын – сайыс
Бастаушы:
Армысыздар! Ұстаздар,оқушылар!

Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Ана тілім -ардың тілі ақиқат
Тілді ұмытсаң,тегіңді ұмыт, шын жыла

Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет тілмен толқып, сүйінгенің!

«Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған -көрсоқыр,
Болып өтер, ертең мәңгі өкінер – дей келе
« Тілім менің- тірлігімнің айғағы » атты интеллектуалды ойын-жарысымызды тамашалайсыздар.

Ортаға сайыскер топтарымызды шақырайық...
«Білгірлер»-6 д сыныбы
«Тапқырлар»-6 г сыныбы

Әділ қазылар мүшелерін
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төріме
Тамашаны көруге ....( әділқазы мүшелерімен таныстырады)

Уа, Халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
сайысайық,сырласып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық! - деп алған білім, өлең - жыр, , мақал - мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік!.
Сайысымыз 4- бөлімнен тұрады

Бастаушы:
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
І бөлім
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» тақырыбы бойынша сайысады
Шарты:
Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж, А, Қ әріптері)

« Білгірлер » тобына ( Ж, А, Қ әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?
(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?
(жал - жая, айран, қазы - қарта)
3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)
4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)

«Тапқырлар» тобына ( Т, Б, С әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?
(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкін бе?
(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)

3 сұрақ: Арманыңыз не?
( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)

4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?
(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)

2- бөлім.
Бастаушы:
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың ...

Сайысымыздың келесі бөлімі « Мақал – сөздің мәйегі»
Мақал -мәтел айтысы мынадай тақырыптар бойынша беріледі
1. Ата – ана
2. Тіл
3. достық
3-бөлім .
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.
« Білгірлер» тобына
1. Тілдің ұшында тұр. /ұмыту, жеткізе алмау/
2. Қас пен көздің арасы. /лезде, тез, жылдам/
3. Ауыз жаласу. /жақтасу, болысу/
4. Арасынан қыл өтпейді. /өте тату/
5. Айдарынан жел еседі. /асқақтап дәурен сүру/
6. Көкірегі қарс айрылды. /қайғыру, өкіну/

«Тапқырлар» тобына
1. Қабағын қырау шалу. /қартаю/
2. Қалпақтау үшу. /құлап түсу/
3. Қалтасына сену. /байлығына сену/
4. Кең балақ, жалпақ етек. /қолынан іс келмейтін олақ/
5. Иін тірескен. /өте көп/
6. Жалғанды жалпағынан басу. /молшылықта түк ойламау/

4- бөлім
Бастаушы:
Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

« Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында мәтін, өлең құрастыру


5- бөлім
хор «Анамның тілі»

Қорытынды сөздің кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.....( марапаттау)

Бастаушы:
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Ықылас қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.