Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тілімде менің сыры терең жаным бар» -

«Тілімде менің сыры терең жаным бар»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1796 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шохатова Қарашаш Есеналиевна

қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: «Тілімде менің сыры терең жаным бар»
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Дидактикалық материалдар мен көрнекіліктер: техникалық оқу құралдары, кестелер, таратып беретін материалдар, интерактивті тақта.
Білімділік:Оқушыларды тілдің қоғамдық әлеуметтік қызметін білуге,тіл мерейін көтеруге,ойлау, шығармашылық қабілетін дамытуға, ізденімпаздыққа,әр сөздің төркініне мән беруге,сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, ұлттық дәстүрді білдіретін сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Әдістер технологиясы:дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет
Жоспарланған нәтиже: Оқушы сабақ соңында нені білу керек: дұрыс та таза сөйлеуді,сөздің құдіретін,сырын,жанын білу керек.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:
Ахмет Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтқандай, халықтың халықтығы тілінде. Тіл – халықтың ажырамас бөлігі.
Ұлы Абайдың өзі : «Өткірдің жүзі,Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» -деп таңырқап,тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз.
Олай болса, бүгін менің шәкірттерімнің өздерінің ана тілге, мемлекеттік тілімізге қандай құрмет жасайтындығын саяхат сабақ барысында байқап көреміз.
Біз бүгін «қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп кемежайлар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған оқушылар «Қазақ тілі» деп аталатын елдің құрметті азаматы атағын жеңіп алады. «Қазақ тілі» еліне жету үшін үлкен кемеге мініп, бірнеше кемежайлардан өтеміз.

Жолдағы кемежайлар аттары:
1. «АҚЫНДАР» кемежайы
2. «ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР» кемежайы
3. «НАҚЫЛ СӨЗДЕР» кемежайы
4. «ГРАММАТИКА» кемежайы
5. «ҒЫЛЫМДАР»кемежайы
6. «ТҰРАҚТЫ СӨЗДЕР» кемежайы
7. «АНЫҚТАМАЛАР» кемежайы
8. «ТАПҚЫРЛАР» кемежайы
ТАПСЫРМА№1.«Ақындар» кемежайы.
Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған өлеңдерінен үзінділер оқы.
1-оқушы: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С.Торайғыров.
2-оқушы: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
М.Шаханов.
3-оқушы: Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш.Айтматов.
ТАПСЫРМА №2. «Қанатты сөздер» кемежайы Тіл туралы қандай ұлағатты,қанатты сөздерді білесіңдер?
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» Н.Ә.Назарбаев.
«Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды» Абай.
«Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді» Ғабит Мүсірепов.

ТАПСЫРМА №3 «Нақыл сөздер» кемежайы.Нақыл сөздермен жауап беріңдер.
1.Өнердің алды не деп ойлайсың? Өнер алды қызыл тіл.
Жанды сергітетін не? Жақсы сөз жанды сергітеді.
2.Бал да, у да таматын не? Тілден бал да, у да тамады.
Сүйектен өтетін не? Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
3.Кімнің тілі ортақ? Шешеннің тілі ортақ.
Сөз патшасы не? Өлең – сөздің патшасы.
ТАПСЫРМА №4. «Грамматика» кемежайы. Қызықты грамматика.
1) Мына сөздерді кішісінен үлкеніне қарай жаз: атасы, немересі, шөбересі, неменесі, шөпшек, туажат,жекжат,баласы.
2) Сөз таптарын ретімен жаз: Зат есім,сын есім, етістік, еліктеу,шылау, одағай, есімдік, үстеу,сан есім.
3) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: мәтін, буын, әріп, сөз тіркесі, сөз, сөйлем,әңгіме.
ТАПСЫРМА №5. «Ғылым»кемежайы. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.

1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1997 жылы 11шілде
Д) 1992ж. 15 қазан
2. Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш.Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) түркі
В) араб
С) португал
Д) испан
4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов

5. Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?
А) публицистикалық
В) көркем әдебиет
С) ауызекі сөйлеу
Д) ресми
6. «паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.
А) куәлік
В) төлқұжат
С) анықтама
Д) сертификат

ТАПСЫРМА №6. «Тұрақты сөздер» кемежайы. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашыңдар.
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Тайға таңба басқандай (анық)
Жүзіктің көзінен өткендей (сұлу)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
ТАПСЫРМА №7. «Анықтама» кемежайы. Сөздерге анықтама беріңдер.
1. «төрт түлік»дегеніміз не?
2.«шұбат»дегеніміз не?
3. «Жеті қарақшы» дегеніміз не?
4.«сүйінші» дегеніміз не?
5. «кимешек»дегеніміз не?
6. үйдегі ең қадірлі орын қалай аталады?
7. «мүшел» жас дегеніміз не?
8. тон дегеніміз не?
9. «білезік»дегеніміз не?
ТАПСЫРМА №8 «Тапқырлар» кемежайы. «Бұл қалай аталады?»
1. Көшкенде жинап алатын отау. Сборное жилище. (киіз үй)
2. Ақ түсті әйел орамалы. Женский головной платок белого цвета (жаулық)
3. Жылқының сүтінен жасалған сусын. Из кобыльего молока делали напиток (қымыз)
4. Қалыңдыққа не төлейді. Выкуп за невесту назывался (қалың мал)
5. Таңғы жұлдыз. Утренняя звезда (Шолпан)
6. Қазақ халқының ең танымал лирикалық жыры. Самая известная лирическая поэма казахского народа (Қыз-Жібек)
7. Ағаштан орнатылған алаша тоқитын зат. Древнейший ткацкий станок (өрмек)
8. Киіз үйдің жиналатын қабырғасы. Стены юрты состояли из решеток (кереге)
9. Өлең сөзбен айтылатын ақындар жарысы?Песенное состязание акынов (айтыс)
10. Жаңа жыл мерекесі? Праздник Нового года (Наурыз)
11. Бірінші көргенге берілетін сыйақы? Подарок за впервые увиденную вещь (байғазы)
12. Сәбидің төсегі? Название детской колыбели (бесік)

Сабақты бекіту: Сабақ барысында қаншама жаңа сөздермен таныстық.
Сөздік жұмысы жүргізіледі (оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруі бойынша).
Кемежай-порт
Құрметті азамат-почетный гражданин
Шөбере-правнук
Немене-праправнук
Шөпшек-прапраправнук
Туажат-потомок
Жекжат-дальние родственники
Мүшел жас- каждый 12-ый год, (24-ый и т.д.)
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында сабақ соңында 3 минуттық бейнефильм көрсетіледі.

Ұтысқа жеткен топ мүшелері «Құрметті азамат» атағына ие болады.
«Қазақ елінің құрметті азаматы» деген марапат қағазы тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.