.
.
Доненбаева Гульзат Истибаевна, ТІРЕК-ҚИМЫЛ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1155 | Размер: | Автор: гость№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі.
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: §22 ТІРЕК-ҚИМЫЛ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Сабақтың мақсаты:
Тірек-қимыл мүшелер жүйесі туралы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттау.
Табыс критерийі:
1. Адам қаңқасы және оның бөлімдерімен танысады.
2.Олардың маңызы туралы біледі.
3. Тұлға қаңқасының құрылысы туралы жалпы түсінік қалыптастырады.
Сабақтың нәтижесі: Адам қаңқасы және оның бөлімдері туралы ақпарат алады. Өз бетінше меңгереді, маңызы туралы мәліметтер алады.
Негізгі идея: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқу, жазу, тыңдап түсіну әрекеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: проектор, суреттер, стикер, плакат, маркер ,CD диск, слайд.
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
Уақыт
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал:бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.
Бағалау парағын береді. Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқушылар жылы лебізбен бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады. Оқу құрал-жабдықтарын дайындайды. Топқа бөлінеді.
Қиынды суреттерді алып, сурет құрайды да,суреттің астындағы сөзді оқып әр топ өзіне ат береді.
І топ
Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
ІІ топ
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
ІІІ топ
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ.
Топ басшы өзінің топ мүшелерін бағалау парағына белгілеп жазады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады. Ынтымағы жарасқан топтық сенім атмосферасы қалыптасады. 4 мин
Үй тапсырмасы:
1. Крестиктер-нөлдіктер
1 2 3
4
5
6
7
8
9
Оқушыларға ойынның шартын түсіндіремін:
1. Оқушылардың 1-ші тобы «0» және 2-ші тобы «Х» болады, ал 3-ші тобы екі топқа бөлінеді.
2. 1- жұп топтар "0" (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды, таңдаған санына қарай, мұғалімнің сұрағына жауап береді.
3. Жауап дұрыс болса, сол квадратқа нөлдік қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-жұп топтар "Х" (крестиктер) сұраққа жауап береді және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. Сұрақтар :
1.Жұлынның ұзындығы неше см?
2.Жұлынның салмағы неше гр?
3. Жұлыннан қанша жұп жүйкелер таралады?
4. Жүйке жасушасының денесін не дейді?
5.Нейронның ұзын өсіндісін не дейді?
6. Нейронның қысқа өсіндісін не дейді?
7. Рефлекс латынша қандай мағына білдіреді?
8. Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?
9. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан сәбилер мен жас балаларда болатын жұқпалы ауруды не дейді?
Оқушылар үй тапсырмасын қызығушылықпен орындайды. Көшбасшылыққа ұмтылады, логикалық ойлау қабілеті артады, топтық диалог қалыптасады. 11 мин
Жаңа сабақты меңгеруге дайындау.
Миға шабуыл:
Тірек қимыл жүйесі туралы не білесіңдер?
Жаңа сабақ
ЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту
Мәтінмен жұмыс.
Әр топқа мәтін мазмұны бөліп беріледі.
Осы сабаққа байланысты видео көрсетілім көрсетіледі. Мәтін мазмұнымен танысып, топ арасында талқылайды.Әр топтың оқушылары мәтіннің мазмұнын плакатқа түсіріп, постер жасап қорғайды.
І топ. Тұлға қаңқасы.
ІІ топ.Қол-аяқ сүйектері.
ІІІ топ. Жалпақ сүйектер.
Диалогтық қарым-қатынас жасап үйренеді, пікірін дәлелдеу, өзгенің көзқарасын бағалау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеті қалыптасады, Бірін-бірі оқытады.
20мин
"Сергіту сәті"
«Күн шуағы» Барлық оқушылар ортаға шығып күн шуағын бір-бірлеп алып ортадағы стакандағы суды құлатпай көтеру керек. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті артады, оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасауды үйренеді. 5 мин
Рефлекция
Оқушылармен кері байланыс жасау.
«Табыс ағашы» арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін мынадай сұрақтарға жауап береді.
Маған не ұнады?
Маған не әсер етті?
Үйге тапсырма Жеке жұмыс.
Өзін -өзі бағалау.
Табыс ағашын отырғызу.
Жасыл алма
Маған сабақ ұнады.
Тақырыпты меңгердім.
Сары алма
Тақырыпты түсінгендеймін, менде сұрақ бар.
Қызыл алма
Сабақ маған түсініксіз.
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып тапсырады.
§22 оқып келу, тест тапсырмасын құрастыру
Өзін-өзі бағалау
§22 оқып келеді, тест құрастырады.
3 мин
Бағалау
Формативті және сумативті бағалау.
Әрбір оқушының жауабын смайликтер арқылы бағалап отырдым. Смайликтер санын санау арқылы қорытынды баға қойылды.
Жеке жұмыс.
Топтар өз топтарының сабаққа қатысуы туралы баға береді. Өзара және өзін-өзі бағалайды. 2 мин
Топ басшысының топ мүшелерін бағалау парақшасы
№ Топ мүшелері Үй тапсырмасы Постер қорғау Жиынтық баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.