.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4677 | Размер: | Автор: Публикатор«№26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналды мемлекеттік мекемесінің биология
пәнінің мұғалімі Смаилова Марал Шабазқызы.
9- сынып биология
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Сабақтың мақсаты: Оқушылар бейімделгіштік- адаптация туралы ақпарат ала отырып, тірі ағзалардың қорек талғау, бейімделу,климаттық бейімделу, қорғаныш реңдер туралы білу және тірі ағзалардағы қорғаныш реңдердің үш типтерін ажырат алу. Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіну.
Күтілетін нәтиже :
Білу Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы біледі
Түсіну Бейімделгіштің түрлерін оқып, түсінеді
Қолдану Алған білімдерін қолдана отырып,берілген тапсырмаларға қорытынды жасай алады.
Анализ Алған білімдері негізінде бейімделушіліктің түрлеріне сараптама жасай алады.
Синтез Қорғаныш реңдердің үш типтерін берілген ағзалардан ажырата алады
Бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаза алады.
Сабақтың құрылымы :
І. Ақпарат блогы
ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы
ІІІ. Жаттықтыру жіне білімді есепке алу блогы
ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы
Ү. Күтілетін нәтиже блогы
Оқыту әдісі: Диологтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , оқытуда АКТ-ны пайдалану
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы оқушыларды сабаққа түгел қатыстыру
Танымдық тапсырмалар : интербелсенді тақта, «Организмдердің бейімделгіштігі» кесте, логикалық тапсырмалар.Постер қорғау.
Негізгі ұғымдар мен терминдер : бейімделгіштік, қорек талғауға бейімделу климаттық бейімделу,қорғаныш рең,еліктеу, көрнекілеу реңі
Сабақты бағалау : Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау .Формативті бағалау.
Үй тапсырмасы: Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір.
Сабақтың барысы:
І. Ақпарат блогы
Тақырып жоспары :
• 1. Бейімделгіштік- адаптация туралы түсінік беру
• 2. Бейімделгіштің түрлерімен танысу;
• 3. Қорғаныш реңдердің үш типтерімен танысу
4.Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы талдау
ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы
Мына кестені толтыра отырып ,сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар
Жануарлар Қорғаныш рең Қауіп төндіруші рең Еліктеуші рең
Ызылдауық маса
Ұлу
Құмырсқа +
Өсімдіктер атауы Таралу жолдары Тұқымдары мен жемістерінің бейімделгіштік белгілері
Қорытынды жасау:
• Ортаға бейімделудің негізгі себептері туралы .--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.
Организмдердің бейімделгіштігі туралы --------------------------------------------------------------------------------------
• Үнемі жел соғатын жерлерде (мұхит маңында) қанаттылардан гөрі қанатсыз бунақденелілер басымырақ болады. Оның есесіне қанатсыз түрлер ұшуға қауыпсыз материктерде тірі қалуы үшін күрес жүргізе алмайды, сондықтан оларды қанатты туыстары ығыстырады.
Бұл биологиялық кері кету ме, алға басу ма ?
• Жұмыртқаларын жерде басып шығаратын құстардың түсі қоршаған ортаның түсіне ұқсас болады .Табиғи жаулары- ірі жыртқыштар жете алмайтын жерлерде жұмыртқалайтын, не болмаса жұмыртқаларын жерге көметін құстардың жұмыртқаларының қабында қорғаныш рең бола ма? Неліктен ?
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
Деңгейлік тапсырмалар :
І деңгей
• . Бейімделгіштік қандай күштердің әсерінен (себептер, факторлар) қалыптасады?
__________________________________________________________________________________________________________________________________
• 2. Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен?
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
3. Бейімделушіліктің қандай түрлері бар?
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
Бос орынды толтыр:
1. _______________ дегеніміз – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. (Бейімделгіштік)
2. _______________ – қоршаған ая түсіне ену. (Бүркеніш реңі)
3. _______________ – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. (Кқрнекілеу реңі)
4. Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып ________________________ алып келеді.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Тест:
1. Қорғаныш реңді неше типке бөлуге болады?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) 4
2. Мимикрияға төмендегі жануарлардың қайсысы мысал бола алады::
а) қанқыз
ә) теңіз атбас балығы
б) кеңалқым
в) батбат
3. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болады?
а) қорек талғауға бейімделу;
ә) қорғаныш рең;
б) климаттық бейімделу;
в) гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі.
ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы
Топтық жұмыс
Иллюстрациялық бейнелеу
Мәтіннің негізгі ойын сызба, сурет т,б. арқылы бейнелеу
Ү. Күтілетін нәтиже блогы
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
Сабақты бағалау : Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау .Формативті бағалау.
Үй тапсырмасы: Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір. Бұл сабақтың нәтижесінде қабілеті төмен оқушылардың өзі де түсінгендерін айтып бере алатындай нәтижеге жетті .Ол оның психологиясында да қозғалыстың болатынын көрсетеді. Жылы сөйлеу. Мадақтау, көңілін көтеру,жақсы баға алуізгілікке, парасаттылыққа жетелейді. Білім сапасының жоғары болуына жетелейді.
Қазіргі сабақтарды ұйымдастырудағы басты мақсат- дамыта отырып оқыту болса, бұл сабақ оқушының қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда мұғалім әрі үйретуші, әріұйымдастырушы, зерттеуші, оқушының ынтымақтастығын орнатушы болуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.М.Қ Гильманов, А.Р. Соловьева, Л.Ү .Әбшенова Биология 9
Алматы «Атамұра» 2013ж. 197бет
2. Е.А .Ганжа Современная теория эволюций-Тамбов: изд. ТГУ .2002 101 срт.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.