Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ -

«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4325 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасы
Музыка жетекшісі
СМАҒҰЛОВА ГҮЛДАНА МИРЛАНҚЫЗЫ

«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Білімділігі: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру.
- Дамытушылығы: Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
- Тәрбиелігі: Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар.
Өтілетінорын: Спорт залы

Жүру барысы:
Берекедеосында,
Мереке де осында.
Болыпжатыр той думан,
Қырандардың қасында.
Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой баламыз.
Жарысатын топтарды,
Қол соғып қарсы аламыз.
(Спорт залға марш сазымен ата – аналар балаларымен келіп тұрады).
1. Нұржанқызы Інжу «Күншуақ» ортаңғы «А» тобының тәрбиеленушісі. 21.03.2011ж. дүниеге келген. Отбасында 2 баланың үлкені. Қызығатын пәндері: сурет, би, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
2. Ғаламатқызы Мадина «Ақ көгершін» ортаңғы «Ә» тобының тәрбиеленушісі. 29.06.2011ж. дүние есігін ашқан. Отбасында 2 баланың үлкені. Дене шынықтыру, сурет, тіл дамтыу пәндеріне қызығушылығы жоғары.
3. Нұрлан Бекнұр Мәдиұлы «Еркем-ай» II сәбилер «А» тобының тәрбиеленушісі. Отбасында 2 баланың кішісі. Дене шынықтыру, музыка, биге қызығушылығы жоғары. Ертегі тыңдағанды жақсы көреді.
4. Қонысбай Сағыныш Абайқызы «Айгөлек» II сәбилер «Ә» тобының тәрбиеленушісі. Отбасында 2 баланың үлкені. Дене шынықтыру, музыка, құрастыруға қызығушылығы басым. Есте сақтау қабілеті өте жоғары.
Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі ата – ананың мақтанышы, дені сау жас ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісінде біздің «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақша ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді.
Ендеше сайысымыздың алғы сөзі балабақшамыздың меңгерушісі Бақытжамал Максимқызына беріледі.

Сайыс 5 турдан тұрады:
1. «Менің жанұям»
2. «Қосаяқ»
3. «Мерген»
4. « Тасымал»
5. «Жүйрік ат»

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз, -
деп бүгінгі ойынға баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақша меңгерушісі Б.М.Жұмабаева
2. Психолог А.А. Есенова
3. Кәсіподақ төрайымы М. Такимова

Ортамызды ашайық
Ән мен күйді көтеріп
Інжу – маржан шашайық
Ырысдәулет мол болсын
Жылдаосындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал, кәнекей жол болсын!
Құрметті сайыскерлер, сәттілік тілейміз!
1-тур. «Менің жанұям». Әр топ өз отбасы жөнінде дайындап әкелген буклетін әділқазыларға тапсырады және өз тобын таныстырып өтеді. Қарсылас командаға өз ұрандарын айтып сәлемдеседі.
2-тур. «Қосаяқ». Ойынның шарты: Әр команда мүшесі скакалкамен қосаяқпен кедергілерден өтіп секіру. Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.

Ән: «Біз – Отанның ұланымыз»
Орындайтын: Аманбай Әділхан «Ақ көгершін» тобының тәрбиеленушісі

3-тур. «Мерген».Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі допқа мініп кедергілерден секіріп барып кішкене доптарды қашықтықтан себетке салу..
Нәтижесі себетке жиналған доп және ойын тәртібін сақтау.
4-тур. « Тасымал». Ойынның шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп,баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.
Нәтижесі мәреге бірінші жету.
5-тур. «Жүйрік ат». Ойынның шарты: кедергілерден екі аяқтың арасына доп қысып секіру.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Әділқазыларымызды кеңесу бөлмесіне шығарып саламыз. Шешім даяр болғанша қабыл алыңыздар.

Ән: «Бала тілегі»
Орындайтындар: Айзия, Шамшырақ, Гүлсая - «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері

Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Әр топқа номинация беріледі.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт денген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да, -
демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Баршаларыңызға денсаулық тілейміз. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.