.
.
Аимашова Ақерке Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2120 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfБ.Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға толымсыз квадрат теңдеулерді, оларды шешу жолдарын меңгерту.
2.Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау өзін және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.
Оқушылардың математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын есептер шығару барысында қалыптастыру. Оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету.
3. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Сабақтың түрі: қорытынды, сайыс сабақ.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ауызша жаттығу, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, тірек таблицалары, семантикалық карта, математикалық лото, тесттік есеп жазылған плакат, кеспе қағаздары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды түгендеу.
2.Оларды көңіл-күйіне, денсаулығына назар аудару.
3.Оқу құралын түгендеу, реттеу.
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабағымызды саяхат сабақ түрінде «2030 жылға сапар» ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезын пайдаланамыз.
«Тәуелсіз егеменді еліміздің болашағы сендерсіндер! Елімізді көркейтіп, дамыған елдердің қатарына қосып, қорғау үшін тәрбиелі де білікті, білімді азаматтар керекю Сол себепті де 2030 жылға саяхатқа шығып өз білімімізді тексерейік.»
Сапар барысында «Кім жылдам», «Бақытты сәт», «Ой қозғау», «Есепке кім жүйрік» станциялары арқылы өтеміз.
«Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан тұрады. Ол үш қатар
I-вагон-«Алғырлар»
II-вагон-«Ойшылдар»
III-вагон-«Тапқырлар»
Тексерушілердің білімін ревизор мұғалім қабылдайды.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Саяхатқа шығу үшін жолдама керек. Ал жолдаманы тек үй жұмысын орындаған бала ғана алады. Үй жұмысын «Достым сен жауап берші», «Мен саған, сен маған» девизі бойынша қабылдаймын. Оқушылар өзара бір-бірінің үй тапсырмаларын тексеріп, топ басшылары баяндайды.
1.Квадрат теңдеу дегеніміз не?
2. Квадрат теңдеудің жалпы формуласындағы а≠0 шарты не үшін қойылады?
3.Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
4. Квадрат теңдеу түбірлері ұғымын қалай түсінеміз?
III. «Кім жылдам» станциясы
«Кім жылдам» станциясынсың әр тексеруші өз тапсырмаларын алып станциядан қозғалады (карточка).
Төмендегі толымсыз квадрат теңдеудің нөлге тең коэффициентін көрсет:
1) 3х2=0 2) 7х2−3х=0 3) 8х2=0
4) 8х2−5=0 5) −4х2+1=0 6) 9х2+5х=0
IV. «Бақытты сәт» станциясы.
Бұл станция теңіздің жағасында орналасқан. Сондықтан теңізден балық аулаймыз. Балық аулау кәсіптің бір түрі. Аулаған балықтың артындағы тапсырманы орындаймыз. Балықтардың ішінде «алтын балық» бар. Қай оқушы оны ауласа, сол топқа бір ұпай қосылады.
Теңдеуді шеш:
1) х2=64 2) х2=9 3) х2=5
4) 2х2 −5х=0 5) х2=3 6) х2+5=30
V. «Ой қозғау» станциясы.
Мына кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, білім туралы жақсы ой-сөйлем шығады. Кәні, соны табайық:
Жауап
Тапсырма
±7
0; −6
±4
0
0; 2/5
у2 − 10 = 39
Б Bbbvbvjjjk,jkll А
А А
К
У
Ғ
3х2 = 0
Д
Ж
З З
І
Е
Х2 = 16
Ә
Б
Л
Г
В
Х2 + 6х = 0
Қ
І
Я
Ю
Ү
2x − 5x2 = 0
Ұ
Ы
Т
Р
М
«Білім −басты мұрат» I-карта
II-карта
Жауап
Тапсырма
± 5/2
±1
0; − 2/9
±0,2
0
x2 = 0,004
К
У
Ғ
Б
Д
x2 = 1
Ж
А А
З
І
Е
4x2 – 25 = 0
С
Ә
Г
В
Я
9x2 + 2x = 0
Ю
Қ
Т
Ү
Ұ
x2 = 0
Р
П
И
М
Ы
III-карта
Жауап
Тапсырма
0; 3/4
0
±3
±2
±10
x2 = 100
К
Ж
З
У
М
x2 = 9
Ғ
Г
Ұ
Д
І
4x2 – 3x = 0
Р
Е
Ә
В
У
2x2 – 8 = 0
Ф
Ц
Ш
А
И
2x2 = 0
Қ
Т
Х
Һ
Щ
VI. «Есепке кім жүйрік» станциясы.
Математикалық «Лото» ойынын ойнаймыз. Тақтаға ілінген плакатта есептер жазылған. Плакат тігінен үш бөлікке бөлінген. Сонда плакат бетінде 9 бөлік шығады. Жазуы бар плакатқа дәл осылай 9 бөлікте жоғарыдағы есеп жауаптары жазылады. Әр қатардан бір оқушыдан шығып бір бөліктегі есептің жауабын тауып, сол есеп жазылған бөлікке бекітеді. Осылайша барлық дұрыс жауаптарын дұрыс орналастырылса плакаттағы сөйлем дұрыс құрастырылып шығады.
Математикалық «Лото» ойыны
Тапсырма
y2 – 2y – 8 = 2y − 8
3y2 + 7 = 6y + 7
−x2 + 3 = 0
6x2 – x = 0
6y2 – 3y = 0
2y + y2 = 0
5x2 = 0
x2 = 9
y2 − 1/9
Жауап
0; 4
0; 2
±√3
0; 1/6
0; 1/2
0; −2
0
±3
± 1/3
Бар
ізгілік
тек
білімнен
алынар
білімменен
аспанға
жол
салынар
Үйге тапсырма: 231 есеп
Әр тапсырмадан кейін ашық картаға бағалап отырамын, соңында жеңімпаз топты мадақтап, белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Алғырлар
Ойшылдар
Тапқырлар
1.«Құрбым сен жауап берші»,
«Сен маған, мен саған»
2.«Кім жылдам» станциясы
3.«Бақытты сәт» станциясы.
Семантикалық карта.
4.«Ой қозғау» станциясы
5. «Есепке кім жүйрік» станциясы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.