Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Топпен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы» рефлексивтік есеп. -

«Топпен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы» рефлексивтік есеп.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5675 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы, Ақсу ауданы Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Түбекбаева

«Топпен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы» рефлексивтік есеп.
Кембридж университеті" мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" бірлесе отырып жасаған бағдарламасы негізінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізген жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша жаңа жобаны меңгере отырып, мен өзімді де, өзгені де өзгерте алдым деп ойлаймын.Бұл жобаның жаңа әдіс-тәсілі жетістікке жетелейтін жеті модуль болып отыр. Себебі менің санамда жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігі қалыптаса бастады. Бұл Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген. «Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді» (Нұсқаулық 6- бет).
Курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі алған теориялық білімімді жүзеге асыру мақсатында екінші кезең мектептегі тәжірибеде алға қойған мақсатым: оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып, сабағыма жаңа әдіс-тісілдерді қолдану арқылы жетістікке жетелейтін сабақтар ұйымдастырып,табысты оқуға қол жеткізетін құзіретті мұғалім болу. Мектептегі тәжірибе кезінде ең алғашқы өзгеріс енгізген іс-әрекетім - тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде жеті модуль аясындағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, дәстүрлі сабақ жоспарын қысқа мерзімді сабақ жоспарына алмастыру.
Осы Бағдарламада құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсінетіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады делінген.
Ендеше ХХІ –ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып , заман талабына сай өзгеруі керек деп ойлаймын.
Осы курс бағдарламасын оқи отырып, сабақта өзім ғана сабақ түсіндіріп, оқушылар болса тек қана тыңдаушы болып келгенін. Ал,тапсырманы орындаған оқушыларды өзім ғана бағалап отырғанымды білдім. Күнделікті сабақ жоспарын өзіме арнап жазатынмын,себебі сабақ соңына дейін «қандай нәтижеге қол жеттім» деуші едім. Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдерді меңгердім дейтінмін. Ал, қазір сол күтілетін нәтижеге оқушылардың топпен бірлесе отырып, бірнеше тапсырмаларды орындайтындарын байқадым. Сабақ барысында жабық сұрақтармен шектеліп отырғанымды өзіміз де байқамағандаймыз.
Осы бағдарлама барысында оқушы өзі бағалап,өз бағасына сыни тұрғыдан көзқарастарын қалыптастыра бастады. Дәстүрлі сабақ кезінде формативті бағалау болған. Мектептегі іс-тәжірибе өту кезінде әр сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасалынып отырды. Ондағы мақсат оқушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің бағалай алулары және тапсырманы қаншалықты түсінулері еді. Оқушылардың кері байланысын тыңдай отырып, келесі сабаққа сол кері байланысқа жауап әзірлейсің, түсініксіз болған тақырыпты ,терең ашыла алмаған тапсырманы өздерімен бірлесе сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып,қайталап түсіндіре отырып бекітемін.
Менің осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі еді. Осы уақытқа дейін ол оқушымен жеке жұмыс атқарған едім. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы,тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды.Яғни, оқушыда өзіндік реттелу болды.
Менің іс-тәжірибе кезінде тізбектелген төрт сабақ беру кезінде сабақтың өту барысын қалай басқардым десем, мен әр сабағымда Блум таксаномиясын негізге алдым. Әр күтілетін нәтижеге жету мақсатында жұмыс атқардым.Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма қамтуға тырыстым. Менің сәтті болған өзгерісім- ол ынтымақтаса отырып, тапсырмаларды орындаулары. Бастауыш сынып оқушыларының қызыға да, қуана әр тапсырманы орындаулары. Олар әр сабақ сайын бір қызықтай өзгерісті күтіп отыратын сияқты .Сондықтан келесі сабаққа ізденіп тағы да қандай қызықты да тартымды тапсырма берсем екен деп ойлайтынмын. Менің алғашқыда сәтсіз болған өзгерістерім , ол оқушылардың ұяңдықтары және тіл байлықтарының жоқтығы.Осы кедергілер арқылы біраз оқушым ашылып сабаққа тартылып кеткен жоқ, тіптен үлгерімі төмен, аса ашылып сұраққа жауап бере қоймайтын оқушылардың тартылулары біраз кедергі болды. Топпен бөліну кезінде әр қайсысы өз досымен отырғысы келген, сондай-ақ сынып белсенділері бөлініп отырмақ болған ,тәжірибе соңына қарай бірте-бірте бірлесіп отырып топпен ынтымақпен тапсырмаларды орындап кетті.
-Мен бұл кедергілерді қалай еңсердім? Топқа бөлуді түрделендіріп отырдым. Бірде гүл аттарымен топқа бөлсем,ендігі күні фигуралармен ,ән жолдарын таптыру арқылы ән аттарымен де бөлдім. Барлық оқушыны сабаққа тарту мақсатында топқа тапсырманы бергенде рөлдерге бөлдім.
Мен өзімнің біліктілігімнің артқанын қалай байқадым?.Мен Джин Раддоктың «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылардың пікірлесудің мақсаты-қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту екенін жазған пікірін басшылыққа алдым. Онда оқушылардың кері байланыстарына көңіл бөле отырып, кеткен кемшіліктерімді тани білдім,әрі келесі сабағымда тапсырмаларды жүйелендірдім және өзімде де өзіндік реттелу бола бастағанын сездім.
Әр сабағымның нәтижелі болғанын қаладым. Сабағымда Блум таксономисының кезеңдеріне сүйене отырып,әр тапсырманы жүйелі орындауға тырыстым.
Орта мерзімді жоспарды құру барысында мен модульдердің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана алуды үйрендім және Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып әр кезеңде , әр тапсырма барысында да нәтижеге қол жеткізе алуды көздедім. Яғни әр оқушы тапсырманы орындау барысында аз да болса жауап берсе екен, топпен тапсырма орындау кезінде қамтылса екен деп жоспарлауды үйрендім. Ал, қысқа мерзімді жоспарды алғашқы сабағымда жазғанда Блум таксаномиясының негіздеріне сүйенген кезде жүйелік болмағаны рас. Болашақта қысқа мерзімді жоспарды жүйелі түрде Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып жазуды және оқушылардың белсенділіктерін арттырумен қатар, сабаққа деген ынталарын арттыруды басты мақсат етіп аламын.
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ.Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде , ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан .Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайыс түрінде деп ойлап келдім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топпық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда , яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдады.Тапсырманы орындау барысында барлық бала жұмыс жасауға талпынады. Біреуі сурет салады, біреуі жазады,біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренді.Төртінші сабағымды өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты етіп өтуге тырыстым.Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір -бірін тыңдауды сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды ,өз тобын алға тартуды үйренді. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Бұл бірлесіп жұмыс жасау жүйесінде қалай адамдармен әлеуметтік қатынаста болу (сөйлеу,сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйренді. Оқушыларға тапсырма берген кезде олар ең бірінші идеялар тастайды. Содан кейін оны қалай суреттеуді ,яғни мазмұндауды ойластырды. Тапсырманы орындау кезінде топ мүшелері берілген тапсырманы бірлесе оқи отырып, содан кейін ойын қағаз бетіне түсіруі, олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топтарға жұптаса отырып тапсырма бергенде, жұптасқан топ тапсырманы бірге оқиды, тапсырманы үйренудің ұтымды жолдарын бірге жоспарлайды.
Менің инклюзивті оқыту жағдайында кездескен оқушыларым тек қана үлгерімі төмен оқушы ғана болған жоқ. Жақсы оқушының да топпен жұмыс жасау кезінде біраз қиындықтар тудырды. Өзі ғана сабаққа белсене қатысып, үнемі бірінші болып жауап беріп үйренген сабақты бірінші болып жауап беретін оқушымда біраз өзгеріс болды.Бойында қызғаныш қасиеті пайда болды.Ол өзімен-өзі болып,біразға дейін оңаша жүрді. Өзі оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету арқылы өзімде келесі күні сабаққа қандай қызықты тапсырма ойластырсам екен дейтін болдым. Үйге тапсырма берген кезде қандай қосымша тапсырма берсем екен деп дайындалып келемін.Тек қана оқулықпен шектеліп қана қоймай қосымша интернет желісі арқылы тест, қосымша қызықты деректер тауып келемін. Мен бұрында дәстүрлі сабағымды тек сыныпта ғана өтетінмін. Тек ашық сабақтар берген кезде ғана интербелсенді тақтамен өтетінмін. Мектепте іс-тәжірибе өту барысында интер белсенді тақтаны жиі пайдаландым. Оқушылар интер белсенді тақтаны пайдалануды жақсы меңгерген.
Курс бағдарламасын меңгеру барысында АКТ-ның тиімділін жақсы түсіндім.Бұрын мен тек компьютерде әріптерді теріп жазу, слайд жасау болмаса, компьютерді терең меңгермеген едім. Таныстырылым жасау арқылы гиперссылка жасауды меңгердім. Видеоға түсіруді және видеодан суреттер қиып алуды үйрендім.
Осы курс бағдарламасын оқып үйренгенімізді екінші мектептегі кезеңде өзімнің көшбасшылығымды таныта алдым деп ойлаймын. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде бастауыш сынып бірлестігі мүшелері арасында «Бастауыш сынып пән бірлестігі отырысы» болды. Онда бірлестік мүшелеріне Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль екені ,олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылатыны жайлы айтып өттім. Әр модульдің әдіс-тәсілдерін атадым, әрі тиімділігін ашып айттым. Топпен жұмыс жасаудың тиімділін айқындай түсу үшін, бастауыш бірлестігі мүшелері арасында «Инклюзивті мектеп» дегенді қалай түсінесіздер?-деген сыни тұрғыдан сұрақ қойылды. Әріптестер бір-бірлерімен ақылдаса бірлесе отырып, «Инклюзивті мектеп» тақырыбында постер қорғады. Бастауыш сынып мүшелеріне топпен жұмыс жасау ұнады.
«Сабаққа қатыспай отырған оқушы болған жоқ.Бірі сурет салса, енді бірі жазу жазады екен ешқандай да бала тартылмай қалмайды екен»- деді.
Ата-аналар арасында «Отбасы – тәрбиенің ұясы” атты тақырыпта жиналыс өтілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасын қалыптастыру.
түрі: топтастыру. Ата-аналар арасында «махаббат үйі» деген ойын ойнатылды. Ондағы мақсат ата-аналардың өз балаларына деген сүйіспеншіліктерін анықтай түсулері және топпен жұмыс жасаудың тиіділігін түсінулері.
Курс жаңалықтарын таныстыру мақсатында әдістемелік кеңеске Блум таксономиясы жайлы қысқаша баяндама оқыдым. Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы екенін атап айттым.Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынатынын айттым . Блум таксономиясының алты кезеңінен тұратынын айтып, әрқайсысының өзіндік мағынасын ашуға тырыстым.Әріптестерімнің ішінде сабағыма қатысып, тиімді жағын ашып айта алған мұғалімдер болды.Бұл курс бағдарламасының тиімсіз жақтарын дәлелдей түскен, яғни өз ойларын айтқан мұғалімдер де болды.Атап айтар болсам, «үлгерімі төмен, бағдарламаны меңгермей артта қалған оқушылар бағдарламаға ілесе алмай қалады»- деді. Мектептегі іс-тәжірибе өткізу кезеңінде әлі де сабағыма қатыса алмаған әріптестеріме болашақта топпен жұмыс жасаудың тиімділігін айғақтайтын қызықты да тартымды сабақ үлгілерін көрсетемін деп уәде бердім.
Бақылау барысындағы нәтижелі сәттер:
• Дәстүрлі сабақтар мен жаңа жобамен жүргізілген сабақтардың айырмашылығы бар екендігін оқушыларымның және өзімнің өзгерісімнен анықтай алғандығым.
• Жаңа жобаның негізіндегі теориялық білімді тәжірибе кезінде қолдана білгендігім.
• Қысқа мерзімді сабақ жоспарларыма жеті модульдің идеяларын пайдалана отырып сабақ жоспарларын құра алғандығым.
• Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыру балаларды бір-біріне жақындастырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйренгені.
• Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімділігі.
• Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген сезімдерін еркін жеткізуіне, құрметтеуге, топта ұйымшыл болуына, сабақты жақсы қабылдауына және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының алға жылжуына өте ыңғайлы екенін байқадым.
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік әдісі арқылы оқушыларды әңгімеге тарту, өз ойларын толық жүйелі айтуға, және белсенділіктерін арттырудағы тиімділігін байқадым.
Сәтсіз тұстары:
• Оқушылар бойында ұялшақтық сынды әрекеттердің басымдығының көрінуі.
• Ойларын қысқа, нақты жеткізіп айта алмаушылықтары байқалды.
• Топпен жұмыс жасағанда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерінің көрініс табуы.
• Оқушылардың тіл байлықтарының жоқтығы.
Мен болашақта нені, қалай өзгерткім келеді:
• Ең алдымен жеті модульдің әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда мүмкіндігінше толық қамти отырып, тиімді пайдалану.
• Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыруды түрлендіріп отыру.
• Ұжымдық жұмысқа дағдыландыра отырып, топтық жұмысты жандандыру, дамыту.
• Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрететін сұрақтарды нақты, дұрыс қоя білу қажеттілігін басты назарда ұстау.
• Еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы оқушы тәрбиелеу.
• Қоғамдық желі құру,тәжірибемді бөлісу.
• әріптестеріме тиімді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне енгізулерін ұсынамын.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысындағы іс-әректіме осы әдістемені енгізе отырып сабақ жүргізудегі бағытымды өзгерте алдым.
Қорыта келгенде бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс-тәжірибемізге ендірсек,Блум таксономиясы негіздерін басшылыққа ала отырып, жүйелі орта мерзім жоспарын құрсақ және топпен жұмыс жасауды жандандырсақ, жоғарыда айтылғандай кедергілерден мүлдем арылармыз деген ойдамын.
Осы курс бағдарламасын оқып үйренгелі мен көп нәрсеге басқаша қарай бастадым.Мен, өзіме "Кеше қандай едім,бүгін қандаймын, ертең қандай боламын?" деген сұрақтарды қоя отырып ойымды «..Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады»- деген Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен қорытпақпын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.