.
.
Өтегенова Күлаш Өмірбекқызы «Торғай»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3798 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
II санатты тәрбиешісі
«Ботақан» (1-2 жас) ерте жас тобы
Білім саласы: «Қатынас»
Оқу іс әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Торғай»
Мақсаты: Торғаймен таныстыру.
Көрнекілік: Көктем мезгілінің суреті, құстардың суреті, құстардың дыбысы
жазылған бейнетаспа, жемсалғыш.
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастырушы
-оятушылық
Ұйымдастырушы
-ізденушілік
Рефлекстік түзету
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, басым
Қайырлы таң, көздерім
Қайырлы таң, қолдарым
Қайырлы таң, аяқтарым
Қайырлы таң, достарым
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
-Балалар, сендер балабақшаға келе жатқанда байқадыңдар ма, ауа – райы қандай?
- Дұрыс айтасыңдар, күн жылынып, құстар ұшып келіп жатыр.
- Ал, қазір сендермен әуен тыңдаймыз. Мұқият тыңдаңдар, бұл әуен біздің есімізге нені түсіреді? (Құстардың дыбысы бар әуен ойналады).
-Балалар біз сендермен құстардың дауыстарын тыңдадық, солай ма?
-Мінекей, көрдіңдер ме, әр құстың өз дыбысы бар. Сонымен бірге адамдар секілді әр құстың мінезінде ерекшелік болады.
- Ал, енді мына құстардың суреттеріне назар аударайық.
Қарлығаш – оның құйрығы айыр, үй маңына ұя салады.
Аққу – киелі құс, құстың төресі.
Бұлбұл, сауысқан, тоқылдақ, торғай – бұл құстардың барлығы ағаштарды құрттардан қорғайды.
Құстардың ортақ қасиеті – қанаты бар ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
- Ал, енді сахыналық көріністі тамашалайық.
«Екі торғай» әңгімесі.
(Торғай ағаштың басында отырады, қасына бір торғай ұшып келеді). Ұшып келген торғай:
- Айтшы, үлкен торғай, сенің қарның ашты ма?
- Жоқ, мен адамдардың берген тамағын жедім – деп жауап берді үлкен торғай.
- Тоңдың ба?
- Жоқ, мен ұяда тұрамын, ал, сен тоңдың ба?
- Жоқ, мен де тоңған жоқпын, мені үстімдегі мамық жүндерім тоңдырмайды.
(Екі торғай екі жаққа ұшып кетеді).
- Міне, көрдіңдер ғой, балалар. Қыста торғайды суықтан қорғануға сыртқы жүндері көмектеседі екен.
- Ал, енді мына суретке назар аударайық.
Торғайлар жем жеуге ұшып келе жатыр. Жем ағаш бұтағында ілініп тұрған жемсалғышта. Бұл жемді адамдар дайындаған. Өйткені құстарды қорғап, аялауымыз керек.
Сергіту сәті:
Торғайлар ұшты оңға,
Торғайлар ұшты солға.
Жоғары ұшты, төмен ұшты,
Талға қонды, қайта ұшты.
- Сонымен балалар бүгін біз қандай құстармен таныстық, атайықшы?
Торғай қалай дыбыстайды екен, бейнетаспадан көріп, тыңайық.
- Балалар сендер бұл құстарға жем салып, қамқор болуларың керек. Балалар мынау жемсалғыш. Оқу іс – әрекеті біткен соң далаға шығып, мына жемсалғышқа жем салып, ағаштың басына іліп қояйық.
- Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне сендер жақсы ат салыстыңдар, сондықтан мына торғайдың суретін сендерге таратып беремін.
Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.
Көктем мезгілі.
Күн жылы.
Иә
Балалар құстармен танысады.
Сахналық көріністі тамашалайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсете отырып, орындайды
Қарлығаш, торғай, тоқылдақ, аққу, сауысқан.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құстардың пайдасын білу.
Үйрену керек: Құстарды қорғауға, аялауға үйрету.
Меңгеру керек: Қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.