Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Туған  тілім  - рухани  асыл  қазынам -

Туған тілім - рухани асыл қазынам

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4367 | Размер: | Автор: гость
. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шалабаева Жаңагүл Сахиқызы

Тақырыбы: «Туған тілім - рухани асыл қазынам»
Мақсаты:
а) Оқушыларғы тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін танымдық деңгейін көтеру.
ә) Оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер , тіл туралы кітаптар , ноутбук .
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 7 сыныптың Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Туған тілім рухани асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер!

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған скешімізді ашық деп жариялаймыз!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын!

І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
І – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
1-оқушы: Рауза
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі.

2-оқушы: Сұлтан
Өлең – жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырлаған,
Жалғастырып жырлап өтем мәңгілік.

3-оқушы: Динара
Сүйемін туған тілді анам тілің,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымды,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

4-оқушы: Ғани
Ана тілін жырлар өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған алау бар.

5-оқушы: Нұрым
Тіл байлығы сарқылмайтын қазына,
Айтылатын өкпе наз бен базына.
Өз тіліңді шұбардатып сөйле деп,
Жазылған жоқ конституция заңына.

6-оқушы: Арай
«Ана тілдің құдіретін қанша айтсақ та түгесү мүмкін емес… біле білгенде адамдағы ұлттық мақтаныштың ұшқындары жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эсситикалық ләззат беретін де ана тілің» Дағдыстанның халық ақыны Р. Ғамзатов

7-оқушы: Бақытгүл
«Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышыңды қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді тіл, керек кезінде көмейіне құм құйып, аузын аштырмай үнін шығармай, қоятын ғажап тіл...» Б. Момышұлы

І – жүргізуші: Келесі кезекті сахыналық көрініске берейік.
Тіл: Рауза
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

Тіл: Рауза
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

Қазыбек би:
Налыма!
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

ІІ – жүргізуші: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов оқитын Бисенғалиев Айбар
Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз,
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап,
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл,
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

І – жүргізуші: Ән : Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» орындайтын Төлесінова Динара

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

І – жүргізуші: 8-оқушы Нұрым
Ана тілім тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімізді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен!
ІІ – жүргізуші: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.
9-оқушы:Рауза
«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық»
Ғабит Мүсірепов
10-оқушы: Сұлтан
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»
Бауыржан Момышұлы
11-оқушы:Динара
«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғабит Мүсірепов
12-оқушы: Ғани
«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»
Шерхан Мұртаза
13-оқушы:Арай
«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»
Мағжан Жұмабаев
І – жүргізуші: «Үйрен ана тіліңді» өлеңін оқитын Нұрым
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
І – жүргізуші: Ортада «Қазақ» биі.
ІІ – жүргізуші: 15-оқушы Ғани
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
І – жүргізуші: 14-оқушы Динара
Ана тілім- тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
ІІ– жүргізуші: «Бір досқа» оқитын Айбар
Өзге тілді белгенге,
Білімді боп билейсің.
Кергенменен құр кеуде,
Өз тіліңді білмейсің.
Төс қаққанмен күнде сен,
Демес халқың «құлыным».
Өз тіліңді білмесең,
Неге керек білімің?!
Хор: «Елім менің»
І – жүргізуші: «Жас ұрпаққа аманат» оқитын Арай
Армысың,
Жарқылдаған жаңа ғасыр!
Ізгілік сыйлаймысың ұлан-асыр
Өзіңмен сәл ғана бір тілдесейін,
Ақынның жүрегінде қала ма сыр
Арсыз заман несіне қымсынады,
Өктемдігін , өкімін ұсынады.
Қасиетті халқымның асылдары.
Асылықпен сүргінге ұшырады.
Жеттің сен де ентігіп, енді міне,
Көз тимесін елдігім , теңдігіме
Еркіндігі болмаса басымыздың,
Жер бетінің көсілген кеңдігі не?
Маңдай термен өлшенсін ырыс құны,
Ұмытылмасын ұрпақтың дұрыстығы,
Сұрайтыным, осынау Ұлыс күні
Ел мен жердің мәңгілік тыныштығы
Қайтып келсін Қорқыттың көсемдігі,
Жиреншенің оралсын шешендігі,
Тыңда ғасыр,
Тағдырдан тілейтінім –
Тілім, ділім, дінімнің есендігі
Артылады мойныңа заман жүгі
Кеудедегі жарық қыл қараңғыны
Жаңа ғасыр,
Көңілімнің алаңдығы-
Қасиетті халқымның амандығы
Ғасыр күллі әлемге ғажап аты,
Келмегей өткен заман аламаты
Қолды әкел, жиырма бірім
Осы саған
Адамзаттың тапсырар Аманаты.
ІІ– жүргізуші: Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.
І– жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халықта жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы.

ІІ– жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.

ІІ– жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
І– жүргізуші: Бүгінгі кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ел аман, жұрт тыныштықта кездескенше!Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!



Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шалабаева Жаңагүл Сахиқызы

Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту».
Оқушылардың тілін дамту- қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Тіл және сөйлеу ежелден бері келе жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып қалыптасуы жоғары жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Оқушылардың тілін- дамытуда мұғалім төмендегі жайттарды алдын ала анықтап алуы қажет.
- Оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігі;
- Оқушыда сөз байлығының , сөз қорының аз болу себебі;
- Оқушының тілін байыту мен дамытудағы тиімді тәсілдер.
Бала тілін дамытатын орта- өзінің қоршрған ортасы. Атап айтсақ , айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген кинолары баланың ойлану әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту тіл дамытумен ұштасады.
Оқушыны ойын жүйелі айта білуге, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруда әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінің рөлі айырықша. Оқушының ауызша сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары бұл сабақтарда байқалып отырады. Бала тілін дамытып қалыптастыруда ауыз әдебиетінің тигізер ықпалы мол.
Тіл дамытуда ертегілердің атқаратын рөлі өте зор. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғалардың қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі, сөздік қорын мол айтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан балаларға жас кезінен бастап халқымыздың ауыз-әдебиетіндегі қызықты сюжетке құрылған ертегілерді, аңыздарды т.б. мәнерлеп оқытып өздеріне мазмұнын айтқызып көрсетсе , ойы да , тілі де дамиды. Атап айтқанда әдебиеттік оқуда екінші сыныпта «Ұр тоқпақ» , «Жақсылық пен Жамандық» , «Байлық пен Ақыл» , «Үйшік» , үшінші сыныпта «Көктем сәні», «Құмырсқаның қанағаты», «Егінші мен қасқыр» , төртінші сыныпта «Ең жақын кім адамға» , «Екі дос» , «Өнеге» ертегілерін оқушылар сахналап көрсеткенде тек кейіпкердің сөзін жаттап, айтып беріп қана қоймай, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзін сол адамдай сезінсе, өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
Тіл дамытуда мақал- мәтел мен фразеологиялық сөз тіркестерін пайдаланып,сөйлем құрау тілге көрік береді. Халықтың қанатты сөздерін оқыту, оның мағынасын түсіндіру жақсы әдетке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді. Атап айтқанда оқушылар әдебиеттік оқудан кез-келген шығармамен танысқанда оның негізі ойын анықтап мақал- мәтелмен қорытындылауға үйренеді.
Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді. Кейбір тілі келмей бұрып айтылатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Жаңылтпаштардың оқушы тілін дамытудағы мол қазына екендігі күнделікті сабақта көруге болады. Сабақта оқушылардың өздеріне жаңылтпаш құрастыртып «Кім жаңылмайды?», «Жаңылтпаш жаңылдырады» т.с.с. жарыстар өткізген дұрыс.
Ал жұмбақ айтқызу баланың тапқырлыққа үйретіп , ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Балаларға жұмбақ құрастыру олардың жазбаша тілін дамытумен қатар шығармашылыққа да баулиды.
Сонымен тіл дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүргізілсе ғана оқушы ауызша сөйлеу тілін игеріп жақсы нәтиже береді.
1. Мұғалім сабақтарды түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы керек;
2. Баланың тілін дамтыу үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.
3. Өтілетін мәтіндер, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;
4. Тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдар, өлең- жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы керек.

Ағартушы М.Жұмабаев: «Тілі түзелмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмейтін балаға ешбір білім беру мүмкін еместігін» атап айтқан болатын. Сондықтан оқушылардың тілін дамыту ең өзекті мәселе болып қала бермек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.