.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Уақыт
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3510 | Размер: | Автор: гостьТүркістан қаласының қалалық білім
бөліміне қарасты
«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп»
КММ-нің қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі
Сахова Жанна
Сыныбы: 4-сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Уақыт»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың уақыт туралы ойларын қалыптастыру және күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерін қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен сөздік қорын , танымдылық қабілеттерін дамытып, шығармашылық топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға уақытты дұрыс пайдалана білуге, өз уақыттарын пайдалы іске арнай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Салыстыру, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, плакат, АКТ құралдары, маркер, А4 парақтары.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу
2. Оқу-құралдарын тексеру
Шаттық шеңбер құрып, сабағымызды бастамас бұрын, бір-бірімізді қолдай отырып, сәттілік тілейік.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.
1- топ «жыл»
2- топ «ай»
Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қоржын» ойыны.
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Дос туралы мақал-мәтелдер айт
3. Дәрігер деген сөзді жікте
4. Қатаң дауыссыздарды ата
5. Ілік септігіне мысал айт
6. Апта күндерін ата
7. Қыс айларын ата
8. Отан туған жер туралы мақал-мәтел айт
Жаңа сабақты түсіндіру
1. Топтастыру
Сөзжұмбақты шешейік.
У
А
Қ
Ы
Т
Тапсырмалары:
1. Бір тәулікте 24 сағат бар
2. ғасыр -100жыл
3. сорок-қырық
4. бір жылда 365 күн бар
5. бір атпада 7 күн бар
Уақыт – біздің өміріміздің өлшемі. Уақытпен біз қай кезде не жасайтынымызды біліп отырамыз.Мысалы:
Мен бүгін таңертең сегізде сабаққа барамын.
Сағат бірде сабақтан қайтайын.
Сағат жетіде кешкі ас ішемін.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны
1-сұрақ
Төсегімнен тұрамын,
Беті қолды жуамын.
Жаттығуды жасаймын,
Бұл қай кезде шырағым. (таңертең)
2-сұрақ
Жаңбыр жауып себелеп,
Күн күркіреп тұрады.
Айта қойшы балақай,
Бұл қай кезде болады.(көктем)
3-сұрақ
Сап-сары боп жапырақ,
Жерде төгіліп жатады.
Күн суытып, жел тұрады,
Бұл қай кезде болады. (күз)
4-сұрақ
Шаршап келіп, үйіме,
Тамағымды ішемін.
Сабағымды орындап,
Ұйқыға мен кетемін.
Бұл қай кезде келеді? (түн)
Дәптермен жұмыс
4-тапсырма Ойланып жауап жаз.
1. Жексенбіден кейін, дүйсенбі келеді.
2. Жаздан кейін күз келеді.
3 Ақпаннан кейін наурыз келеді.
4. Бүгіннен кейін ертең келеді.
5. Төртінші сыныптан кейін бесінші сынып келеді.
Сөздікпен жұмыс
Таңертең-эрталаб.
Түсте-тушда.
Кешке-кечқурун.
Бүгін-бугун.
Кеше-кеча.
«Сандарды сөйлет» ойыны
Бір тәулікте - 24 сағат бар.
Бір жылда - 365 күн бар.
Бір жылда - 12 ай бар.
Бір айда – 30 күн бар.
Бір аптада - 7 күн бар.
Бір сағатта- 60 минут бар.
Бір жылда - 4 мезгіл бар.
«Күнді бұлттан шығарайық» ойынын ойнайық.
1. Тіл туралы мақал айт.
2. «Бала» деген сөзді ауызша септе.
3. Ілік септігінің жалғауы қандай?
4. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. «Отан», «Туған жер» туралы өлең білесің бе?
6. «Дос» туралы мақал айт.
«Сергіту сәті»
Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер айту.
Сөздерге талдау жұмыстары
Топтық жұмыс. Берілген тапсырма 1-топ «Қалам», 2-топ «Балық» сөздерін септеп шығу.
Семантикалық карта
Мысалдар Атау ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Балаға
Терезені
Асқармен
Ағаштың
Гүл
Сөмкеде
Тақтадан
Сабақты қорытындылау.
«Қар атысу» ойыны сабақты қорытындылау.
Жұмбақ.
Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ сары,қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.
Бағалау смайликтер арқылы
Үй тапсырмасын беру.
Уақытқа байланысты мәтін құрастырып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.