.
.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы «Әуенді сиқырлы ормандағы құртақандар»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2836 | Размер: | Автор: гостьМКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасы
Музыка жетекшісі
СМАҒҰЛОВА ГҮЛДАНА МИРЛАНҚЫЗЫ
Тақырыбы: «Әуенді сиқырлы ормандағы құртақандар»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Мақсаты : музыканы есту қабілетін дамыту, әнді орындаушылық қабілетін ояту, әуенді сезіну, ырғақты ажырата білуге баулу.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, музыка тыңдау, ән үйрету.
Көрнекіліктер мен құралдар: үнтаспа, құртақан (гном), қар, музыкалық аспаптар: қоңырау, барабан, домбыра, ксилофон және т.б. балалар аспаптары.
Сөздік жұмыс: қыс, қар, құртақан (гном).
Қос тілділік компанент: қыс – зима, қар –снег, құртақан – гном.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс - әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
«Марш» (А. Затаевич) әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруды ұсынады. Тізені жоғары көтере нық басып, арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.
-Балалар енді амандасу жаттығуын жасайық.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
(до, ре, ми, фа, соль, соль, ля, ля, соль).
-Жарайды, балалар! Оқу іс-әрекетімізге кіріспес бұрын сергіту сәтін ұйымдастырайық. Қане, менің айтқанымды қайталап, қимылмен көрсетеміз.
Дала қандай керемет,
Қойның гүлге толады.
Қызыл-жасыл көбелек,
Бір ұшып, бір қонады.
-Ой, жарайсыңдар, балалар! Ендеше оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Әуенді сиқырлы ормандағы құртақандар» деп аталады. Бүгін біз сиқырлы орманға саяхат жасайтын боламыз. Құратақандар деп отырғанымыз «ергежейлілер», «гномдар». Оқу іс-әрекеті барасында толығырақ танысатын боламыз.
«Табиғат құбылысы» (үнтаспадан тыңдалады). Балаларға жауып тұрған қар ұшқындарын көз алдарына елестетуді сұрайды. Музыка әуенімен жетекші жүгіре басып, үлкен қарды алақанына салып алып келеді.
-Балалар, қардың сендерге айтары бар екен. Бізді орманға жол бастап апару үшін сиқыршы құртақан келе жатыр екен. Қане, қарсы алайық.
Балалар залға кіріп,шеңбер бойымен жүреді,жүгіреді,адымдайды да, шеңбер жасап тұрады.
-Сәлеметсіз бе? (фа, фа, ми, ми, ре, до).
Жетекшінің іс-әрекетін қайталап, орындарына жайғасады.
Балалар музыка әуенімен көз алдарына жауып тұрған қарды елестете отырып тыңдауға және алақынымен қағып алуға тырысады.
Балалар таңырқап қарайды. Құртақан балалармен бірге жүреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, міне біз орманға да келдік. Қараңдаршы мына жерде мұңайып шырша тұр ғой.
Шырша сөйлейді:
-Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды, өліп қалады.
-Қане, балалар, шыршаға көмектесеміз бе?
-Балалар, шырша адамдарға қол жетімді жерде орманда өседі. Ал біз шыршаны сиқыршы құртақанмен бірге адам аяғы баспаған жерге отырғызайық. Сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер – ол шөл дала. Сол шөл даланы біздер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырайық.
-Қане, біз алдымыздағы құмға шыршаны отырғызайық (шыршаны құмға отырғызу).
Міне, шыршамыз бізге риза болып жатыр!
-Біз енді сиқыршы құртақанмен бірге жаңа ән үйренейік. Ол үшін алдымен дауыс жаттығуын жасаймыз.
Дауыс жаттығуы: «Баспалдақ».
Жаттығуды айтқызады, үйретеді.
Ән үйрету: «Қыс». Балаларға әннің алдымен сөзін жаттатып, содан соң әуенімен қоса үйретеді.
-Қане, балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық. Бойымызды сергітіп алу үшін әуенді – қимыл қозғалыс жасап алайық.
«Топ-топ балақан».
Әуенге сәйкес жасаған жетекшінің қимыл-қозғалысын қайталайды.
-Балалар, бізге құртақанның әкелген сыйлықтары бар екен. Ол бізге әр түрлі музыкалық балалар аспаптарын әкеліпті.
-Қане, ендеше біз аспаптарды пайдаланып, шулы оркестр құрайық. Балалар шыршаға жақындап, не болғанын сұрайды.
-Көмектесеміз.
Балалар бірлесіп шөл даланы сиқыршы құртақанның көмегімен гүлдендіріп, шыршаны отырғызады.
Балалар дауыс жаттығуын тыңдап, өздері қосыла орындайды. Денені тік ұстап, демді дұрыс алуды есте сақтайды.
«Қыс» әнін еркін жаттап айтуға тырысады.
Балалар музыканы тыңдап, қимылдарды қайталауға талпынады.
Балалар таңдаған аспаптарын алып, ырғақты бұзбай ойнауға тырысады. Қызығушылықпен қатысады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
-Бүгін бізге кімдер келді?
-Сендерге аспапта ойнаған ұнады ма?
Балаларды мақтайды, мадақтайды. Қоштасады. -Құртақан келді. Біз сиқырлы орманға бардық.
-Ия, ұнады.
Көтеріңкі көңіл күйде қоштасып, залдан шығады.
Күтілетін нәтиже :
Біледі: музыканы сезіне тыңдауды, ән айтуды, ән мәтінін әңгімелей білуді.
Игереді:музыкалық аспаптарда ойнауды.
Меңгереді: музыка ырғағымен билеуді, ырғақпен шапалақтауды, аяқ топылдатуды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.