Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
В.А.Сухомлинский «Қатқан нан» -

В.А.Сухомлинский «Қатқан нан»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2074 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы
Жетібай селосы
№3 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шонтыбаева Гүлшара Оспанқызы
Сабақтың тақырыбы: В.А.Сухомлинский «Қатқан нан»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру. Нақтылыққа үйрету. Оқушылардың шығармашылықпен
жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін үйрету.
Балаларды еңбекті сүюге,нан қадірін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,мақал-мәтел,автор суреті, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ жүрісін түсіндіру.Есеп шығару арқылы 2 топқа бөлу
19-10 17-10
29-20 27-20
39-30 37-30
49-40 47-40
59-50 57-50
69-60 67-60
79-70 77-70
89-80 87-80
99-90 97-90
14-7

ІІ:Үй тапсырмасын сұрау.Ғафу Қайырбеков «Қатқан нан » өлеңі жатқа сұралады.
Қосымша сұрақтар қою
Жаңа сабақ:Қатқан нан
Жаңа тақырып сұрақтарға жауап беру арқылы ашылады.
В.Сухомлинский туралы мағлұмат беру
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды.В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыми мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы.
2.Мәтінді оқу, түсіндіру
3.Іштей оқыту
4.Тізбектей оқыту
5.Мәтінді талдау
Дәптермен жұмыс
Наубайшы- нан пісіретін адам
Үздіксіз- демалыссыз
Наубайхана- нан пісіретін орын
Сергіту сәті
6.Топтық жұмыс
«Мағынаны тану» сатысы
1)Оқушыларға мәтіннің соңғы азат жолын
оқыту. Әр топтан бір оқушы шығып түсіндіру.
«Ой толғаныс» сатысы
Ойлан-жұптас –талқыла
2)7-топ -Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың?Пікіріңді дәлелде.
9-топ- Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?Өз бетінше ереже құрастыр
3)Нанды құрметтеуге байланысты қандай өлеңдер, мақал-мәтелдер білесіңдер
4)7, 9 топ атауларын талқыға салу
5) «Нансыз- өмір жоқ» деген тақырыпқа шығарма жазу
Постермен жұмыс
«Нан қайдан келеді?»
Нанның келу жолдарын жазып қорғау
Қорытынды:
Оқушылар, әңгімеде не туралы айтылған?
Балалар неліктен қатқан нан жеді?

- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Бұл әңгімені кім жазған?
- Неге үстелге қатқан нан алып келеді?
-Нан туралы неге осы бөлімде берді деп ойлайсыңдар?
-Қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
Мұғалiм:
Нан қоқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Терiп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! – деген өлең жолдарымен ашық сабағымызды аяқтаймыз!Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет!
-Сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма ұнады?
-Қандай тапсырма қиындық келтірді?

Үйге тапсырма:әңгімені мазмұндап келу,нан, еңбек туралы мақал-мәтел жазу, ұннан жасалатын тағамдарды жазып келу
Балаларды бағалау.Балалар жинаған белгілерінің санына қарай бағаланады. Белсенді топ мадақталады.Берілген бағалау бетшесіне топ басшысы топтағы оқушылардың бағасын қояды.Сабаққа қатысқан мұғалімдерге, оқушыларға нан ауыз тигізу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.