Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
В.Сухомлинскийй «Қатқан нан» -

В.Сухомлинскийй «Қатқан нан»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1576 | Размер: | Автор: гость
. Әдебиеттік оқу 3 «А» 13.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: В.Сухомлинскийй «Қатқан нан»
Оқыту нәтижесі Алға қойған мақсатқа жету үшін төзімді болу.
Жалпы мақсаты Оқушыларға әңгіме жайлы толық мағлұмат беру, «Қатқан нан» әңгімесінің негізгі идеясын ашу.
Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.
Негізгі идеясы Әңгіме арқылы оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа үйрету
Дереккөздер Оқулық, тапсырмалар,автор туралы мәлімет
Тапсырмалар 1. Топта оқыту
2. Сұрақ-жауап
3. Әңгімеден көрініс
4. Эссе жазу
Кейінгі тапсырмалар Өзгерістерді бағалау
Жүргізетін жұмысым
уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 минут




1 минут





3 минут
Сыныппен сәлемдесу
Сынып оқушыларын 3 топқа отырғызу
(дақылдар арқылы топқа бөлу бидай, арпа, күріш)
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Бағалау көрсеткіштері
1. Өткен сұрақтарға жауап беруі
2. Әңгімені түсінуі, баяндауы
3. Топпен жұмыс жасауы
Қызығушылықты ояту
Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
барлығы өз көңіл –күйлерін қол шапалақтау арқылы көрсету.
«Ой қозғау» сатысы
-«Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
-Мысалдағы кейіпкерлерді ата
-Құмырсқаның іс-әрекетіне баға бер
-«Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген тақырыпта эссе жаз Мұғаліммен сәлемдесу
Оқушылар түстер бойынша топқа бөлініп, өз үстелдеріне жайғасады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады,белсенді қатысады.

Өз көңіл-күйлерін қол шапалақтау арқылы көрсетеді.
Оқушылар өткенді еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді




10 минут






7 минут


7минут











3 минут



5 минут
2 минут

2 минут
«Мағынаны тану» сатысы
Оқушыларға әңгіме туралы мағлұмат беру
Көрініс арқылы көрсету
Мәтіннің азат жолын оқып түсіндіру
Әңгімені топта оқыту. Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топта түсіндіру.
«Ой толғаныс» сатысы
Ойлан-жұптас –талқыла
І-топ Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде.
ІІ топ Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? Өз бетінше ереже құрастыр.
ІІІ топ
Нан еңбекпен келеді. Сондықтан еңбек туралы мақал-мәтел жаздыру. Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң түсіндіреді.
Сергіту сәті
«Үй, үйшік» ойынын ойнату.Шарты: Оқушылар араласып жүреді. Үй деген белгі берілгенде екі адам үй жасайды, үйшік дегенде үш адам үйшік жасайды. Осылай жалғыз адам қалып қойғанша жалғаса береді.
4. Шығармашылық тапсырма
«5 жолды өлең» стратегиясы
Нан
Тәтті, жұмсақ
Жейміз, жасаймыз, пісіреміз
Нан-қасиетті тағамның бірі
Тоқаш
Жинақтау
Оқушылар, әңгімеде не туралы айтылған?
Балалар неліктен қатқан нан жеді?
Постер қорғау
«Нан қайдан келеді?» нанның келу жолдарын жазып қорғау
Бағалау
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ол үшін алдарыңда берілген бағалау парағына топ басшысы топтағы оқушылардың бағасын қойсын.
Рефлексия
-Сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма орындаған ұнады?
Қандай тапсырма орындаған қиындық келтірді?
Үйге тапсырма
Әңгімені мазмұнын баяндау
Нан, еңбек туралы мақал-мәтел жазу.
Ұннан жасалатын тағамдарды жазып келу
Әр топ өз орталарында тапсырманы талқылап алып, өз ойларын постерге жазады.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар бір-бірімен талқылап, ой бөліседі.Топта талқылап бір шешімге келеді. Бір оқушы шығып қорғайды, топ оқушылары толықтырып отырады.
















Бағалау парағына өздерін бағалайды.

Бүгінгі сабақ бойынша ойларын стикерге жазады.

Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.