Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Волейбол – спорт ойыны -

Волейбол – спорт ойыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1929 | Размер: | Автор: гость
. Ганиев Шавкат,
«Ататүрік» атындағы № 17 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Волейбол – спорт ойыны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру,допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту. Оқушыларды салауатты өмір салтына беімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу,эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.
Қажетті құралдар: Волейбол добы,ысқырық, уақыт өлшегіш( секундомер)
Өтетін орны: Мектеп спорт залы

р/с Сабақтың мазмұны Мөлшері Мақсаты
1 І.Дайындық бөлімі
Оқушыларды қатарға тұрғызу,шараның мақсатымен таныстыру 15 минут
1 минут Шараға қатысуға жақсы психологиялық жағдай туғызу

2 Волейбол ойыны туралы кіріспе ақпарат 5 минут Волейбол ойыны туралы оқушыларға интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы теориялық ақпарат беру
3 Қыздырыну жаттығулары:
-Залды айнала саппен жүру
-Спорт зал алаңмен жүгіру
-Б.қ. қолды белге қойып, оң жақ жанымен жүгіру.
-Б.қ. қолды белге қойып, сол жақ жанымен жүгіру.
-Б.қ. қолды белге қойып, аяқты артқа серпи жүгіру.
- Қолды белге қойып екі тізені алма кезек көтеріп жүгіру.
-Жай жүріске көшу.
-Әр адымға қолды жоғары көтеріп керіле жүру.
-Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру.
-Қолды мықынға қойып аяқтың өкшесімен жүру.
-Отырып қаз жүріспен жүру.
-Отырып секіру.
-Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу,дем шығару.
9 минут
10 сек
20 сек
20 сек

20 сек
20 сек
20 сек

20 сек
20 сек
20 сек

20 сек

20 сек
20 сек
20 сек
20 сек
20 сек

20 сек

20 сек
20 сек
20 сек
20 сек
20 сек

20 сек

20 сек
20 сек
20 сек
20 сек
20 сек

Саптан шықпай жүгіру, арақашықтықты сақтау.

Негізгі жаттығуларға көшу алдында оқушылардың денелерін қыздырып, жаттығулар арқылы оқушылардың сабаққа дайындау, қызығушылығын арттыру.

3 ІІ. Негізгі бөлім
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
 Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату
 Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
 Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету
 Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
 Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету
 Допты жанынан беру тәсілін үйрету
 Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету
 Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
 Оқушыларды сапқа тұрғызып, 2-3 топқа бөліп,волейбол ойынын игерілген әдістермен құрастырылған қозғалыс әрекетін құру тәртібін үйрету және допты ойынға қосу тәртібін түсіндіру
27 минут

3 минут

3 минут

3 минут

3 минут
3 минут

3минут
3 минут

3 минут

3 минут

Волейбол ойынының әр түрлі элементтерін меңгерте отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, спортты сүюге тәрбиелеу, іскерлігін дамыту.
4 ІІІ. Қорытынды бөлім
Оқушыларды білімін жүйелеп, волейболдың элементтерін жеке-жеке көрсету арқылы бағалау, марапаттау. 3 минут
Сабақты қорытындылау және алған білімдерін практика жүзінде өмірде пайдалану.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.