.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, WEB – сайтты оқытудағы жаңа технологиялар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1558 | Размер: | Автор: гость«Қарашық» жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Тораханов Акмал Давронович
WEB – сайтты оқытудағы жаңа технологиялар
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік бағдарламашы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез - келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке жария болып отыр.
Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
– Web - технологиялар;
– Сайт жасау экономикасы;
– Web - дизайн және Web - программалау маркетингісі;
– Адам ресурстары және т.б.
Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:
– Жоспарлау;
– Элементтерді жасақтау;
– Бағдарламау;
– Тестілеу;
– Жариялау;
– Жарнамалау;
– Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны;
2. Сайттың аудиториясы кімдер;
3. Қандай ақпарат жарияланады;
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың бағдарламалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бұл бағдарламамен танысу кезінде оқушылар жаңа кәсіптік бағдармен, нақты айтқанда, оптикалық диск, сканерлер, модем, «Блокнот» мәтіндік редакторы, HTML, FrontPage құжаттарымен және Photoshop, Paint, Macromedia Flash сияқты графикалық редакторларымен жұмыс істеуді меңгереді.
Болашақ мамандардың кәсіби білім алуының әр басқышында дүниежүзілік ақпараттану жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі туып отыр. Бұл бағдарламаны оқыту барысында мультимедиялық технология элементтерін қолдану көзделіп отыр.
Бағдарламаның бір бөлігі теориялық білім беруге негізделген Интернет мәліметтерін қолдану сабақтары online кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Интернетке қосылу сақталмаған жағдайда online кестесінің алдын-ала дайындаған ақпараттық мәліметтерін қолдануға болады.
Оқушылардың жаңа материалды меңгеру дағдыларын бақылау ауызша немесе жазбаша сұрау және өзіндік практикалық тапсырмалар негізінде алынуы тиіс.
Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім мен білік дағдыларын жазбаша бақылау алу әдісімен тексеруге болады.
Нақты білім алу және алған білімдерін практикада қолдану барысында оқушылардың назары еңбек қауіпсіздігіне, техника қауіпсіздігіне аударылуы тиіс және жеке бас гигиенасына көңіл бөлгені шарт.
HTML негіздері HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML - ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларді қолданамыз. Браузер - программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар ы Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi.
Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:
<FONT face=аrial>Менің бірінші бетім</font> - бұл жерде <FONT> - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.
Кез келген HTML құжат <HTML> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. <HTML>, </html> тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.
<HTML>, </html> тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі <HEAD> тегімен басталынатын және <BODY> тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.
<TITLE>, </title> тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.
Мәтінді форматтау тегтері. Құжатта тақырыптар <Hi>, </hi> тегтерімен жасалынады, бұл жерде і=1 болғанда ең үлкен тақырып жазылады, і=6 болғанда – ең кіші.
Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web - сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web - сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.
HTML дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтемеу жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Программалық \жабдықтау HTML -құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.