Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
WORD мәтіндік редакторына практикалық сабақ -

WORD мәтіндік редакторына практикалық сабақ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1765 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сыныбы: 6А

Сабақ тақырыбы: WORD мәтіндік редакторына практикалық сабақ
Сабақ мақсаты: WORD мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін пайдалану, оқушыларға үйрету
Білімділік: WORD мәтіндік редакторының міндеттерін және құралдарды тәжірибелік жұмыстарда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, дарындылығын арттыру
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, карточка, тапсырма парақтары, интерактивті тақтада жасалынған слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Практикалық бөлім
3. Сабақты бекіту
4. Қорытындылау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өтетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Практикалық сабақ
Бұл сабақта әр оқушының жеке дарындылығы байқалады. Сабақ сайыс түрінде өтеді.
Практикалық сабақ бірнеше турлардан тұрады. Әр дұрыс жасалған жұмысқа, бағалау парағы бойынша оқушыларға баға қойылып отырылады. Жиналған бағалар соңынан қорытылып қойылады.

1) «Информатикалық диктант» көп нүктенің орнына қажетті сөздерді пайдаланып жаз:
(Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылардан диктант аламын)
1. WORD мәтіндік редакторын іске қосу үшін ...- ... - ... – командалары орындалады.
2. Мәтінді сақтау үшін ... - ... команданы қолданамыз.
3. Жазылған мәтіннің атын өзгерту үшін ... командасын орындаймыз.
4. Жазылған мәтінді баспаға жіберу үшін .... командасын орындаймыз.
5. WORD мәтіндік редакторында мәтінің бір бөлігін өшіру ..... командасы бойынша орындалады.
6. Кестені құру үшін ... командасын орындаймыз.
2) Электрондық оқулықпен жұмыс. (3-тапсырма)
Оқушылар құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауға енгізу керек.


Бұл турда оқушыларға ұй жұмысы бойынша сұрақта беріледі.
1. WORD қандай редактор?
2. WORD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3. WORD мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата
4. Жазылған мәтінді қалай сақтаймыз.
5. Жазылған мәтінді бір командамен қалай өшіреміз?
6. WORD мәтіндік редакторының мүмкіндіктері
7. Мәтін енгізу құралы
8. Меңзер дегеніміз не?

3) Менің құралдарым туры. (Практикалық кезең)
Оқушылар алдарына таратылған парақтар бойынша алдымен орнында отырып, соңынан компьютерге отырып деңгейлік практикалық тапсырманы орындайды.

(Әр оқушыға таратылады)
Практикалық жұмыс

6Б сынып оқушысы______________________________________________

1. деңгей. Құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауларға енгізіңіз.

2-деңгей
1-тапсырма.
Сәйкестікті анықта:


2-тапсырма:
Мәтінді теріп жаз. Жұмыс ұстөліне «Отан» деген атпен сақта.

Менің Отаным – Қазақстан


Қазақстан Республикасы 1990 жылдың 25 қазанында өзінің егемендігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Біз өз Отанымызды шексіз сүйіп, мақтан етеміз. Қазақстан әділет пен туысқандық салтанат құрған тең құқықты еркін халықтардың елі.

3-деңгей.
Төмендегі жұмбақтардың шешуін тауып, бейнесін сурет салу құралдары арқылы салыңдар:

А) Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)

Б) Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
4 деңгей (шығармашылық жұмыс)
Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп ,жаз.

Өлеңді теріп жазып, сақта.

СЕНБЕ ЖҰРТҚА, ТҰРСА ДА ҚАНША МАҚТАП

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме.
АБАЙ

4) Сергіту сәті. «Адасқан әріптер» ойыны. Оқушыларға әріптері ауысып кеткен сөздер беріледі. Сол сөздерді қалпына келтіру керек.
Красен (Сканер) , Трионом (Монитор), Россецорп (Процессор), Таксиед (Дискета)
Камыш (Мышка), Перринт (Принтер), Рокурс (Курсор)



Үйге тапсырма: WORD мәтіндік редакторында «Болашақты қалай елестетемін» тақырыбында шығарма жазып келу.

Бағалау. Әр кезеңнің бағаларын бағалау парағына қойып отырамын. Соңында қорытып журналға қойып шығамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.