Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
XIV-XV ғғ.сәулет өнері -

XIV-XV ғғ.сәулет өнері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1184 | Размер: | Автор: гость
. Қазақстан тарихы
Күні:11 ақпан Сынып 7а
Сабақтың тақырыбы: XIV-XV ғғ.сәулет өнері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру;
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту;
Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ресурстар: Оқулық, карта,бейнематериалдар,флипчарт,маркер,стикер,интерактивті тақта т.б

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істейді, ізденіс жұмыстарын меңгереді.
Сабақ жоспары:

Үйге тапсырма: І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою,топқа бөлу
ІІ.Сабақ барысы. СТО-дың 3 фазасы.
1. Қызығушылығын ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс.
III.Үйге тапсырма беру.
 §35
 Тест құру
 Кесенелер туралы қосымша материалдар
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының әрекеті
1. Қызығушылығын ояту:
Психологиялық тренинг өткізіп,топтарға бөлу (ою-өрнек түрлері арқылы)

 Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады
 Тұмарша,жүрекше және қошқармүйіз оюларын таңдау арқылы топқа бөлінеді.Топ басшыларына бағалау парақтары беріледі.
2. Мағынаны тану:
 Ой-қозғау:

 Оқулықпен жұмыс жасайтын топтық тапсырмалар береді.
«Архитектура» сөзінің мағынасы

1.Арыстан баб және А.Йасауи кесенелері
2.Көккесене және Алаша хан кесенелері
3.Қолданбалы өнер
Берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар беріледі Семантикалық картамен жұмыс
Тарихи сынақхат; жедел сұрақтар

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
Ой толғаныс:
 Рефлексия «Кері байланыс» Әр топ бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлері бойынша өз пікірлерін стикерлерге жазып қалдырады.
Бағалау:
 Әр топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Орласы ауданы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.
Тарих пәнінің мұғалімі Сабирова Кулан Кабесқызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.