.
.
Айтыманова Айгүл Ырғызбекқызы Құқық - өмір айнасы (дөңгелек үстел)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4076 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе қаласы
№36 қазақ орта мектебінің
әлеуметтік педагогі
Тақырыбы: Құқық - өмір айнасы (дөңгелек үстел)
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
1.Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардантүсінікберу, білімдерін толықтыру,кездесуге шақырған құқық қызметкері арқылы құқықтық білімдерін нығайту, оның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, өмірге көзқарастарын тың мәліметтермен толықтыруға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назараударуға қалыптастыру.
2. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдықпен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбиеберу;
3. Оқушылардың саяси саналылығымен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өзбеттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Әдісі сыр-сұхбат
Көрнекілігі заң туралы қанатты сөздер, арнайыслайдтар
Барысы
Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі.
Құрметті оқушылар!
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары» деген қастерлі сөздердікіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Құқық саласында біздің тыныштығымызды құқық саласының органдары қорғайды.
(Арнайы слайдтар)
Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасы – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев
ҚР-да бірден бір әр бір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адам өмірі, оның құқықтарымен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтарымен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтарымен бостандықтары бұзуға, конституциялық құрылыспен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқық тарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-ның шешімі мен қабылданған.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Құқық саласынан көп мағлұмат алу үшін бүгінгі біздің шарамызға мектебіміздің инспекторы Рахметов Талғат ағай арнайы шақырылып отыр. Ендеше қонағымызды ортаға шақырайық. Қонақпентаныстыру
Бүгінгі сұхбат барысы мынадай бөлімдерден тұрады
1.Оқушылардың қояр сұрағы
2.Қонаққа тапсырмалар
1.Оқушылар сұрақтары
Балалық шағыңыз қалай өтті? Мектепте қалай оқыдыңыз?
Заң саласы қызметкері болуды бала кезіңізден армандадыңызба? Не себепті инспектор болдыңыз?
Біздің елімізде бала құқығы заңмен қалай қорғалған?
Сіздің инспектор ретінде міндетіңіз қандай?
Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
Кәмелеткетолмағанбалаларғақандайшектеуқойылған?
Кәмелетке толмаған бала қылмыс жасаса ,қалай жазаланады?
Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңіздеме? Несімен есте қалды?
Жасөспірімдердің ауыл болып төбелесуіне қалай тосқауыл қоюға болады?
Өлім жазасына көзқарасыңыз қандай?
Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Жеке басыңыз туралы айтып берсеңіз.
Біздің заңымыздың осал тұстары бар ма?
Қорыққан кезіңіз болдыма?
Өтірік айтасыз ба?
2. .Қонаққа тапсырмалар
Сурет салу
3. Қонақ пен ойын
Қорытынды: Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл — күйін көрсету.
Оқушылар қойған сұрақтардың ішінде өзіңізге ұнаған сұраққа естелік ретін де мына кітапты жазып қалдырсаңыз. Сыр сұхбатқа келіп, шынайы ой бөліскеніңіз үшін рақмет айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Және естелікке фотоға түсейік. Қош, сауболыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.