.
.
Төлекова Гүлзира Аятбекқызы Қысқа дайындық. Қ.М.Әли
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4389 | Размер: | Автор: гость№221 Аққұм негізгі мектебі
Жаңақорған ауданы,Аққұм ауылы
Ана тілі 4-сынып
Ана тілі 1-сынып
Сабақтың аты Қысқа дайындық. Қ.М.Әли
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Қысқа дайындық мәтіні туралы мағлұмат беру;
Мәтіндегі негізгі ойды түсіне білуге үйрету;Сөйлем неден құралатынын ұғындыру.
Өзін-өзі бағалауға,топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
Күтілетін нәтиже Қысқа дайындық мәтінінің мән-мағынасын білетін болады;Сөйлемнің сөзден құралатынын түсінеді.Сөйлемдегі сөздер өзара байланыста болатынын ұғынады.
Топтық, жұптық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады; Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады
Негізгі идеялар Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер өзара байланысады. Сөйлемнен соң нүкте қойылады.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Мәтіндегі бір кейіпкерге сипаттама беру.»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот-Штурман»(бір оқушы сұрақ қояды, екінші жұбы жауап береді.
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2.Психологиялық дайындық:
–Балалар, көңіл күйлерің қалай?
-Бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдарма?
(Оқушылар бас бармақ арқылы көңіл күйлерін білдіріп,сабаққа дайын екендігін айтып жатады)
4. Топқа бөлу (Құстардың суретін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді, 2 минут)
ІІ. Миға шабуыл (5 минут)
1.Адамдар қысқа қандай дайындық жасайды?
2.Аңдар мен құстар да қысқа дайындалады деп ойлайсыңдарма? Неліктен?
3.Суық түсе бастаса кейбір құстар қай жаққа ұшып кетеді деп ойлайсың? Неліктен?
4.Қысқа дайындық жайлы қандай әңгіме немесе ертегі оқыдың ?
ІҮ. Топтық жұмыс «Мәтіндегі бір кейіпкерге сипаттама беру.» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот-Штурман»(бір оқушы сұрақ қояды, екінші жұбы жауап береді.
7-жаттығу. 1.Сөйлем неден құралады? 2. Сөйлемдегі сөздер өзара байланыса ма? 3.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? 4.Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады? (7 минут)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру (cмайлик беру)
V. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)
Сұрақтар мен тапсырмалар Жауаптары
Саршұнақ пен Көктөбеттің қасиеттеріне байланысты «Венн диаграммасын»толтыру
2.Саршұнақ неліктен егістікке жақындау жерге көшіп келді?
Саршұнақ інін неге толтырды? Не үшін олай істеді?
Көктөбет неліктен қысқа дайындалмады?
Ит өзіне қандай серт берді?
Саршұнақ Көктөбет
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс
(Қысқа адамдар міндетті түрде дайындалу керек пе?
Иттің адам өмірінде маңызы бар деп ойлайсыңдар ма? )
Рефлексия жазу. (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар 6-жаттығу
Кейінгі оқу Мәтінді түсініп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.