.
.
Тасекенова Гүлжанат Серікқызы Қысқы ойындар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2693 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі
«Жауқазын» (4-5 жас) ортаңғы тобы
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы ойындар»
Сабақтың түрі: «Саяхат сабақ»
Сабақтың мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғаттың
тамашаларымен таныстыру, жұмбақ арқылы балаларға
қысқы табиғат көріністерін танытып, рухани дүниесін
дамыту. Ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, жұмбақтар.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі суреттері, геометриялық дөңгелек пішіндер, желім,
мақтамен жұмыс, ақ бетпен жұмыс.
Таңғы сәлемді жолдайық:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан.
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге
- Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Файзолла: Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Назерке: Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген
Бақша- бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Әдемі: Аяз сүйіп қарсы алған
Жердің аппақ тұлғасы
Қыстың айы қаңтардан
Басталады жыл басы.
Еркежан: Айналаңа құлақ түр,
Болсаң егер ән ұғар
Бұрқыратқан ақ қарды,
Көрдіңдер ме, қаңтарды
Дауысы да тым өктемді
Борандатып өткенді.
Ерасыл: Шеберін-ай аяздың
Әйнектерді қағаз қып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты.
Рахман: Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне
Ақ қарлар, ақ көбелек
Қонды үйлер үстіне.
Мадияр: Аппақ қар жауа бер,
Риза ғой саған ел!
Боранның боранын
Қайратын қарай гөр!
Нұрасыл: Мен Аққала, ақ бала
Келіп қалдым баршаға
Екі көзім қап-қара
Көргің келсе сен қара.
Ибраһим: Көше бойы омбы қар
Жиналамыз топтала
Демей бетім домбығар
Соғамыз зор аққала.
Әбусейіт: Шерхан, Ғасыр мақтана
Соқтық дейді аққала
Мен қызықтап көріп ем,
Аққала емес ақбала.
Ғасыр: Аяз келіп қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай сақалы.
Жұмбақтар.
1. Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым. /шаңғы/
2. Тоңғақты таниды,
Беті-қолын қариды. /аяз/
3. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. /боран/
4. Заулап түсіп төбеден
Шықпас менсіз төбеге /шана/
5. Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы-жазы тау жақта. /қар/
Сергіту сәті
Боран соқты, зу – зу – зу.
Қатты - қатты жел соқты, гу – гу – гу.
Жапырақтар қол соқты, ду – ду – ду.
Шыдай алмай жапырақтар, ах – ах – ах.
Билеп кетті қалтырап, пах – пах – пах.
Тәрбиеші: - Балалар,біздер қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: - Шана тебеміз, шаңғы тебеміз, аққала ойнаймыз, сырғанақ жасаймыз.
Тәрбиеші: - Ендеше қыс ойындарын ойнайық.
1. Ойын «Мақтадан аққала соқ».
Қалай жасау керек екендігін мен сендерге көрсетейін. Дайын үлгіні алып, бетіне мақта қардан жасап, көзі, қолы, мұрны, аузы, т.б. дене мүшелерін жасап шығамыз.
2. Ойын «Ауланы қар қиыршықтарынан тазала».
Қар қиыршықтарын шелекке салып тазалау. Ең соңында қар қиыршықтарын санау.
3. Ойын «Қарласу».
Қолымыздағы қағазды умаждап, бір-біріне лақтырып ойнаймыз.
4. Ойын «Аппақ, аппақ» әнін айту.
Балалар хормен: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз әрқашан
Ашық болсын кең Аспан!
Көріскенше күн жақсы!
Сау-саламат болайық
Жылқы жылын әрқашан
Табыспен қарсы алайық!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.