Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қыс қызығы» -

«Қыс қызығы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2391 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
№3 Қарлығаш балабақшасының
Музыка жетекшісі:
Исмуратова Женис
Санаты: 2
Технологиялық карта ортаңғы тобына арналған

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу ісі-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: музыканы тыңдап,ырғақты сезінуге баулу.Әнді мәнерлеп айтуға,дауыс
ырғақтарын жаттығу арқылы дамытуға жетелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ұрмалы аспаптар:бубен,маракас,үшбұрыш;қыс
көрінісі.
Сөздік жұмыс:қыс,шырша,аққала.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық


Алаңға «Қыс қызығы» ойын-сауығына шақыру.
Қыс қызығы басталды,
Ойнап асыр салайық.
Сазды әуенмен мәнерлеп,
Ырғақты әнге салайық.
Музыка тыңдау: «Жана жыл»(Қ.Шілдебаев).
Шеңберге тұрғызып,әндете жүріп бубенді үлестіру.
Бубенді ырғақпен соғамыз,ал сен ырғақты бұзбай билеп
бересің.Күлдіргіш кейпінде педагог жүгіріп келеді.
Жеделхат оқиды: «Аққала көмекке шақырады» ,
«Үш аю өз өнерін көруге шақырады» «Қояндар жарысқа
шақырады».Күлдіргіш аяғына дейін бірге ойнайды. Ойын сауыққа көңілдене шығады.

Бубенді әндете жүріп үлестіруге
тырысады.
Аспаптарды қолдарына алады.
Ұрмалы аспаптармен ырғақты
қайталап соғуға тырысады.

Шақырған кейіпкерді естеріне
түсіреді.

Ұйымдастырушылық –
ізденістік «Шаңғы тебеміз»( Е.Тиличеева) ән жаттығуымен Аққалаға көмекке баратындарын түсіндіру.
Ойын: «Аққаланы қай топ бірінші қалап бітіреді».
«Қыс»әнін Аққалаға айтып беру керегін айту.
Үш аюдың өнерін көруге бару.
Ойын: «Ырғақты жұмбақ».Аспаптар ырғағы арқылы анықтау.Ауыр,жай ырғақ.
Орташа,көңілді ырғақ.
Жеңіл, көңілді ырғақ.Әке аю мен ана аюдың
жүріс ырғақтарының айырмашылығын сұрау,
түсіндіру,үйрету,қайталау.Ойын: «Көңілді ырғақ».
Қоян дирижер рольнде.Жай,жылдам,тез ырғақ. Жаттығуды қайталап айтуға тырысады.
Ойын ойнайды.
«Қыс»әнін еркін орындайды.
«Үш аю»ертегісін естеріне
түсіреді.Ырғақты тыңдайды.
Әке аю,ана аю,аюлардың жүріс
ырғақтарының айырмашылығын айтуға талпынады.
Дирижерға қарап,қызығушылық
пен қатысады.

Рефлексиялық - түзетушілік -Балалар, сендер бугін қандай мерекеге бардыңдар?
-Кімдерді кездестіңдер? Қыс қызығы мерекесіне.
Аю,аққала,қоян,күлдіргіштері.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдауды,ырғақты сезінуді,әнді мәнерлеп айтуды.
Игереді: музыкалық аспаптарда ырғақты сезіне ойнауды. Текшемен жұмыс жасауды.
Меңгереді:музыканы тыңдап,би қимылдарын бірге жасауды(секіру,жүру,жүгіру).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.