.
.
Аманжолов Торебек Қыста жол бойында ойнау - қауіпті
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2931 | Размер: | Автор: гостьСабақтыңтақырыбы:«Қыста жол бойында ойнау - қауіпті»
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік:Көшедежүрутәртібінүйретужәнежолдажүру
ережелерін қайталау.
Дамытушылық: Оқушыларды сақтыққа баулу.
Тәрбиелік: Өздерін көшеде, жолда тәртіпті ұстауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылардың өздері салған суреттер. Жіңішке ақ
қағаздан кесілген ұзын тілімдерді еденге жапсырып үлкен көше-
нің, жаға жолдың, екі көшенің қиылысқан кескіні құрастырылады.
Бағдаршамның жарықтарын қатты қағаздан қиып алып, оқцшылар
қолдарына ұстап тұрады.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қарлы, боранды.
- Қыста қандай ойындар ойналады?
- Шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу т.б
- Бұл ойындар қай жерде ойналуы керек?
- Арнайы жерлерде, көлік жолына қашық жерлерде ойналуы керек.
Біз ауылды жерде тұрсақ та, жол ережесі жалпыға бірдей екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі кезде ауылды жерлерде де көлік түрлері көп. Сондықтан қысқы ойындарды жолдан қашықтау жерлерде ойнаған дұрыс. Жолға жақын жерде ойнау қауіпсіздеу болады. Әрбір адам жолда жүру ережесін біліп, оны қатаң сақтайтын болса, қауіп азаяр еді.
Жүргізуші-оқушы: Бағдаршам көше қиылысында біздің, оқушылардың көшеден өтіп мектепке немесе үйге баруына қол ұшын беріп тұратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға міндет.
Мұғалім: Балалар, жолда жүру ережелерін білу не үшін керек?
Оқушы: Кез келген оқушы жолда жүру ережелерін өте жақсы білуі қажет. Көшеде дұрыс жүре білу көлік апатына ұшырамаудың басты шарты. «Сақтансаң -сақтаймын» демей ме?
Көшеде ереже талаптарын орындамау – автокөліктердің жүріп – тұруына кедергі келтіреді. Мысалы, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге кешігеді. Фабрика, зауыттарға, дүкендерге заттар мезгілінде апарылмайды. Вокзалдарға, әуе жайларға жолаушылар дер кезінде жете алмауы мүмкін.
Мұғалім: Жолда жүру ережелерін бұлжытпай орындау барлығымызға міндет. Бұл ережелер оқушыларға да, үлкендерге де, автокөлік жүргізушілеріне де қатысты. Бәріміз бұлжытпай орындауымыз керек.
- Балалар, сендер де көшеде қалай жүру керектігін білесіңдер ме, қане көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
Бірінші сұрақ: Жаға жол деген не?
Жаяу жүргіншілер жүру үшін үлкен жолдың жағасына салынған жол. Онымен тек қана жаяу жүргіншілер жүреді.
Екінші сұрақ: Жаяу жүргіншіге қай жермен жүруге болмайды?
Автокөлікке арналған көшенің ортасымен жүруге тыйым салынады. Ол жермен тек көлікке жүруге рұқсат етіледі.
Үшінші сұрақ: Көшеде жүру тәртібін кім реттейді?
Әрине, бағдаршам. Бағдаршамның қызметі туралы айтатын болсақ, міне, алдарыңда тұрған бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда, жүргізуші тоқтап тұрады. Сары жарығы ауысқанда (сары жарықты көрсетеді) жүруге әзірлену керек. Онан
кейін жасыл жарығы жанада. Жол ашық жүруге рұқсат!
Тақпақ «Бағдаршам» (Ә.Табылдиев) 4 оқушы оқиды
1-ші оқушы: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол береді команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ сөзін
2-ші оқушы: Тоқта!
3-ші оқушы: Сақтан!
4-ші оқушы: Жол ашық!
1-ші оқушы: Жүрме жолға таласып.
2-ші оқушы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
3-ші оқушы: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
4-ші оқушы: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
(Бағдаршам жарықтарын ұстаған балалар кезек-кезек көрсетіп тұрады)
Төртінші сұрақ: Көше қиылыстарында қай жерден өтуге болады?
Көше қиылысында «жаяулар өткелі» деп көрсетілген «зебра» тәріздес ала сызық бар. Сол жерден бағдаршамның жасыл жарығына өту керек.
Бесінші сұрақ: Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтесіңдер?
Көше қиылысында бағдаршам болмаса, онда жол белгісі болуы мүмкін. Сол жерден алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде оң жаққа қарап өтуге болады.
-Балалар, сендер «Дұрыс» және «Бұрыс» атты екі оқушының көшеде қалай жүргенін көресіңдер. Екеуінің қайсысы көшеде жүру тәртібін білмейді, қарап отырыңдар!
Кішкене көрініс: Екі оқушы жаға жолмен жүріп келеді. «Бұрыстың» түймелері салынбаған, қалай болса солай киінген, ал «Дұрыс» тап – таза, жаға жолдың оң жағымен жүріп келеді. «Бұрыс» жаға жолдың сол жағымен келе жатыр. Жол – жөнекей қарт әжейді қағып кетіп, кешірім сұрау да ойына келмейді.
Мұғалім: - Балалар, «Дұрыс» пен «Бұрыстың» қайсысы қандай қателіктер жіберді?
«Бұрыстың» үсті - басы кір – қожалақ, өзін – өзі көшеде тәртіпті ұстамайды. Қарт әжейді қағып құлата жаздады. Кешірім сұраған жоқ.
- Не себепті қарт әжейді қағып кетті?
Жаға жолда жүруді білмейді. Жаға жолдың сол жағымен жүру дұрыс емес. Сонымен бірге жаға жолда 4-5 адам қатарласып жүруге болмайды, (жаға жолда қалай жүру керектігін екі команда болып бөлінген оқушылар көрсетеді)
- Аялдамада көліктен түскен жаяу жүргіншілер автобусты, троллейбусты қай жағынан айналып өту керек?
Аялдамада автокөліктен түскен жаяу жүргіншілер автобусты, троллейбусты арт жағынан айналып көшеден кесіп өтуге болады. Сонда ғана соңынан келе жатқан көлікті көре аласыңдар. (бір оқушы автобус, екіншісі троллейбус, үшіншісі жаяу жүргінші болып, мойындарына аттары жазылған суреттерді іліп көше макетінен көрсетеді).
Жүргізуші – оқушы:«Жерді сүзе құлады» деген тақпақ ұсынады.
1-ші оқушы: Топталып халық тосып тұр,
Тоқтады келіп трамвай,
Жүруін күтіп Мақсұт тұр,
Вагонға кіріп отырмай
Қозғала берген вагонның
Артына Мақсұт жабысты.
2-ші оқушы: Құлайсың, бала түс! -
деген, естиді бір дауысты
3-ші оқушы: Тыңдамады ол сөзді
Жөнеліп берді трамвай
Аяғы кетті сырғанап,
Не болсын енді құламай.
4-ші оқушы: Зәресі ұшты Мақсұттың,
Бақырып тұрып жылады,
Жылағаннан не пайда
Жерді сүзе құлады.
ЖҰМБАҚТАР
1. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескіркеп ешбір адам жемдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйреп жол жөндейді. (Трамвай)
2. Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
3. Қозғамасаң – құлайды,
Сүйемесең – сұлайды,
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар. (Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)
Оқушылар өздері дайындаған жұмбақтарын қояды.
1. Сөйлемейді, білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.
2. Әйгілеп үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас – кәріміз,
Бағынамыз бәріміз.
3. Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «тоқта» дейді,
«Қауіпке соқпа» дейді.
Ертеңгілік сабақтың соңында белсенділік көрсетіп, сұрақ – жауапқа қатысқан оқушыларға алғыс жарияланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.