Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыстайтын құстар -

Қыстайтын құстар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1886 | Размер: | Автор: гость
. Білім саласы: Қатынас
ҰОІӘ: Қоршаған орта
Тақырыбы: Қыстайтын құстар
Мақсаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Серуен кезінде құстарды бақылау
Көрнекілігі: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, DVD қарау, жұмбақ шешу
Билингвизм: Ворона-қарға, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Бүркіт-беркут, Үкі-сова
Мотивациялық қозғаушы күш.
Армысың Алтын күн!
Армысың Көк аспан!
Армысың Жер-Ана!
Армысың Достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос.
Іздену ұйымдастырушы:
- Енді балалар, орнымызға отырып көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік. «Жапырақтар сарғайып жерге түсті. Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көзімізді аштық. – Бұл қай мезгіл екен, балалар?
- Күз мезгілі, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?
- Енді балалар назарымызды телеэкранға аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз (1-слайд бойынша әңгіме айтамыз).
Есік қағылып Дымбілмес келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.
(Балалар таңырқай қарайды)
- Ой, балалар сендерге қызық емес пе не?
- Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. (Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау).
- Қарға – ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Бүркіт-беркут, Үкі-сова
- Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.
Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Құсқа ұя жасайық,
Алдына жем шашайық.
Қарға құсап жорғалап,
Жемге тойып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Қане, қанат қағайық.
- Енді, балалар, кім бізге құстар туралы жұмбақ жасырады екен?
Орманда жоғары,
Ағашқа қонадды,
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала........... (сауысқан)

Мәпелейміз, баптаймыз,
Биіктерге самғаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қай құсты айтып мақтаймыз. (көгершін)

Ойын: «Қай құстың дауысы?»
Мақсаты: Құстардың дауысын ажырата білуге үйрету, зейін қойып тыңдай білуін жетілдіру.

Ойын: «Торғай»
Ойын арқылы сабақты қорыту. Торғай қонған бала сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
- Қыстайтын құстарды ата?
- Құстың мекені?
- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
- Қарға қалай дыбыстайды?
- Торғай қалай дыбыстайды?
- Құс туралы тиым сөз айт?
- Құстардың ұясын бұзба.
- Құсты атпа, өлтіруге болмайды.
- Құстың жұмыртқасын жарма.
- Құстардың ортақ қасиеті қандай?
- Құстардың айырмашылығ қандай?
- Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз.
Балалар бәрі бірге: Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақтта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа.
- Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көгершін сыйлаймын (Балаларға қолдан жасалған көгершіндер береді)
Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтижелер:
Біледі: қыстайтын құстардың атын, оларды ажырата біледі.
Үйренеді: құстарға қомқор болуды.
Игереді: құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын ажыратуды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.