.
.
Қазығұрт ауданы Қыстың қызығы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1346 | Размер: | Автор: гостьСынтас елді мекені
«Балбөбек» балабақшасы
Құдайбергенова Қалия Усупбаевна
Тәрбиеші
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қыстың қызығы
Білім беру саласы «Әлеуметтік орта»
Бөлімі Тәл дамыту
Тақырыбы Қыстың қызығы
Мақсаты Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру
Қажетті құрал-жабдықтар қыз мезгілің суреттері, дидактикалық ойындар
Сөздік жұмысы қыс мезгілі
Билингвалды компонент қар –снег, аяз – мороз, сырғанақ – каток, шана сани
шаңғы – лыжи, мұз – лед, аққала – снеговик, қыс – зима
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалрдың іс-әрекеті
Мотивациялық
қызығушылық «Шаттық шеңбері»
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік. Балалар бір-біріне тілек айтады
Ұймдастыру-іздестіру - Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
- Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
- Мына жұмбақты шешіңдерші
Жұмбақ шешу
Қыста жер бетін басады,
Қолы жоқ сурет салады,
Жазда сайға қашады.
Тісі жоқ, тістеп алады.
Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбат.
Суретпен жұмыс
- Тамаша, мына суреттерде нені көріп тұсыңдар?
(Қыста балалардың ойнап жатқан суреттерін көрсету)
Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар қандай?
- Қар неге ұқсайды?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
Мына суреттердің ішінен қыста киетін киімдерді атаңдар
- Қандай құстар қыстап қалады?
- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
- Тамаша жауап бердіңдер
Балар, бізге бүгін қонақтар келіпті
Мына жұмбаққа жауап беріңдерші
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
- Аққала бізге асығып келе жатып, сендерге көрсетем деген суреттерін шатастырып алыпты
«Дұрысын тап» дилактикалық ойын
Қане, сендер көмектесіңдерші, қыс мезгіліне ғана қатысты суреттерді таңдап алыңдар.
Сөздік жұмысы
Жаңа сөздерді орыс тіліне аудару
- Аққаламен бірге қыс Ханшайымы да келді. Қыс Ханшайымының дайындаған «қар атыспақ» ойыны, соны ойнайық.
(жұмырланған қарды біреуіне лақтырып). Қалт етпей қағып ал аудармасын тауып ал. (Қар, аяз, сырғанақ, шана, шаңғы, мұз, аққала, қыс).
- Керемет, тамаша, шаршадыңдар ма?
Онда сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті
Ендеше, қыста боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
- Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
-Балалар, қыста қандай ойындар ойнады екенбіз?
- Ал, енді қыс туралы тақпақтар айтып беріңдерші
Қыс туралы тақпақтар айту
Қыс мезгілі
(қар, Аяз)
(Мұз)
Балалар суретті сипаттайды
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Ақ, жылтыр, жұмсақ
Қыста киетін киімдерді атайды
(қарға, сауысқан,
суықторғай, сары шымшық, кептер)
Балардың жауабы
Аққала
Шатасқан суреттерді
жинау
қар –снег
аяз – мороз
сырғанақ – каток
шана сани
шаңғы – лыжи
мұз – лед, аққала – снеговик, қыс – зима
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Қар атыспақ, сырғанақ, коньки ойнаймыз, аққала соғамыз
Балалар тақпақтарын айтады
Рефлексивтік-түзетушілік Қорыту.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды
Күтілетін нәтиже: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдері бекітілді. Сөздік қорлары сөйлеу мәдениеті, тапқырлықтары дамыды. Оқу іс - әрекетінде алған білімдерін ойын арқылы көрсете білді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.