.
.
Н.Умаров, В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі. Қысым қызықтары.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 925 | Размер: | Автор: гостьТүркістан қаласы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары.
Мақсаты: 1.Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.
2.Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.
3.Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа,жинақтылыққа тәрбіиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,кроссвордтар.
Приборлар: Паскаь шары,Архимед шелегі,динамометр,жүктеме,шүмегі бар шыны ыдыс,мензурка.
Пәнаралық байланыс: математика,астрономия,әдебиет.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу,топ басшысын анықтау.(I-топ Паскаль,II-топ Архимед).Әділ қазылар алқасын сайлау.
Сайыс сабақ жоспары.
1.Білімділік (сұрақ-жауап) шамалар бойынша.
2.Топтардың таныстыруы-әр топ өздерінің таңдаған аттарын қорғау,эмблема бойынша.
3.Формуланы білесіз бе? Әр топ формулалар жазып сайысқа түседі.
4. Зерделілер сайысы.II-топ тәжірибе жасап қорғайды.
5. Шапшаңдық сайысы есептер шығару,кроссворд шешу.
6.Әділ қазылар бағаларын беріп, қорытындылау.
I.-Топтардың таныстыруы: Эмблемаларын қорғау, не себепті Паскаль немесе не себепті Архимед деп аталғандары жайында айту.
II.-«Білімділік» сайысы- тақтаға физикалық шамалар ілінеді, сол шамалар төңірегінде сұрақтарға жауап береді.
P, F, S, Q, G, H
Паскаль тобына сұрақтар:
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қатынас ыдыстарға мысыл келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)
3. «Атмосфера» деген сөздің мағынасы.(грекше атмос-бу,сфера-шар)
4.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.(сын.бағ ммл)
Архимед тобына сұрақтар:
1.Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.
(Барометр)
2.Денелердің жүзу шарттары?
3.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
(Ареометр)
4.F-күш дегеніміз не,өлшем бірлігі.
Fы=Fa=PgVg (H)
III-Формуланы білесіз бе? Оқушылар өткен формулаларды жазып,әділ қазылар алқасына тапсырады.
IV-«Зерделілер» сайысы.
Паскаль тобы:Паскаль шарымен тәжірибе жасайды.
Архимед тобы:Архимед тәжірибесін жасау.
Керекті құралдар:динамометр,жүктеме,суы бар шыны ыдыс.
V-«Шапшаңдық» сайысы.Есептер шығарады.Карточка бойынша қалған оқушылар кроссворд шешеді.
Паскаль тобына есеп.Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
h=0,6 м P=pgh=1000 кг/м * 10 н/кг *0,6 м=6000 н/м=6 кПа
p=1000 кг/м
g=10 н/кг
P-? Жауабы:6кПа.
Архимед тобына есеп.Суға 100 см болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.
Берілгені: ХБЖ Формуласы,Шешуі:
V=100 см3 100 с3 * 0,000001м3=Fы=Fа=0,001м3 * 1000 м3 *10 H=10H
g=10 н/кг=0,001 м3
p су=1000 кг/м
Fы-? Жауабы:Fы=10H.
Басқа оқушылар тақтаға кроссвордтың жауабын шешеді.
Сабақ соңында оқушыларды бағалау,топ жеңімпазын анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.