.
.
Сайыстың тақырыбы: «Қызықты география» Қызықты география
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: гостьСайыстың мақсаты: 7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.
Сайыстың шарттары:
І.Таныстыру
І.Кім жылдам
ІІ.Адасқан әріптер
ІІІ.Жеті жұмбақ
ІV.Ең, ең, ең....
V.Елтану
Сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
1. ____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
Олай болса сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, таныстыруды бастаймыз.
І.Таныстыру
Сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
1. 7 «а» сыныбынан шығып отырған «Еуразия» тобы
2. 7 «ә» сыныбынан шығып отырған «Африка» тобы
3. 7 «б» сыныбынан шығып отырған «Аустралия» тобы
4. 7 «в» сыныбынан шығып отырған «Антарктида» тобы
І. “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)
1)“Ұлы географиялық ашулар
заманы” қай ғасырдың аралығында болды? (XV-XVIIIғасырлар)
2) Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами)
3) Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын жел? (Муссон)
4) Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар, флюгер)
5) Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат)
6) Атлант мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико)
7) Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология)
8) Экваторға қарай соғатын жел? (Пассат)
9) Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология)
10) Жер қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі? (Мантия)
11) Күн мен жердің арақашықтығы? (150млн км)
12) Америка материгінің атауы қалай пайда болды? (Америго Веспуччидің құрметіне)
13) Жеке жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика)
14) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)
15) Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі)
16) Планеталардың күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)
17) Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера)
18) Терең жарылыстар жиынтығын не деп атайды? (Рифт)
19) Қазақстанның ең төмен нүктесі? (Карақия ойысы)
20) Тереңдікті өлшейтін құрал?
ІІ. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)
1) ТСААШМБ МАСШТАБ
2) ТЗМАУИ АЗИМУТ
3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР
4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН
5) БТСОНРА СТРАБОН
6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР
ІІІ. «Жеті жұмбақ» (Сайысымыздың бұл кезеңінде 9ұяшық берілген, әр ұяшықтың ішінде география пәніне қатысты 1жұмбақ жасырылған. Топтар бір-біріне кезек бере отырып, 3 ұяшықтан таңдауға тиіс.Егер таңдаған топ жауабын білмесе, келесі топ жауап береді.)
1) Тұрғыны жоқ елдер
Үйі жоқ қалалар,
Ағашы жоқ ормандар
Суы жоқ теңіздер,
Бұл не?
ЖАУАБЫ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА
2) Бар ма,жоқ па
Оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің
Жауабы: АУА
3) Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар салып қарасаңыз
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
Жауабы: ГЛОБУС
4) Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау – үй емес.
Бір орнында тұрғаны,
Не болады бұл, кәне?
Жауабы: ТАУ
5) Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты,
Керемет-ау кернеуі –
Тасты кесіп, жарыпты!
Жауабы: ӨЗЕН
6) Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген
Бұл не?
Жауабы: ЖЕР
7) Жер өзегі атанған,
Ең орталық бөлігі,
Бұл не?
Жауабы: ЯДРО
8) Сурет жұмбақ. Америка материгін ашқан саяхатшы? (Христофор Колумб)
9) Оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшы? (Руаль Амундсен)
VІ. Ең, ең, ең....
1)Дүние жүзіндегі еңбиік тау? (Гималай)
2)Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
3)Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? (Анхель)
4)Дүние жүзіндегі ең кіші материк? (Аустралия)
5)Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)
6)Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? (Каспий)
7)Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)
8)Дүние жүзіндегі ең суық материк? (Антарктида)
9)Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? (Мариан)
10)Дүние жүзіндегі ең үлкен ел? (Ресей)
11)Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл? (Сахара)
12)Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? (Арабия)
V. Елтану
1. Өзбекстанның астанасы? (Ташкент)
2. Қырғызстанның астанасы? (Бішкек)
3. Түркменстанның астанасы? (Ашхабад)
4. АҚШ астанасы? (Вашингтон )
5. Ұлыбританияның астанасы? (Лондон)
6. Ресейдің астанасы? (Мәскеу )
7. Үндістанның астанасы? ( Дели)
8. Жапонияның астанасы? (Токио )
9. Францияның астанасы? (Париж)
10. Қытайдың астанасы? (Пекин)
11. Италияның астанасы?( Рим)
12. Мексиканың астанасы? (Мехико)
Қорытындылау. Осымен «Қызықты география» сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайсымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді сарапшы ұстаздарымызға береміз.
(Марапаттау рәсімі)
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.