Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА -

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2261 | Размер: | Автор: гость
. «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»
2-4 сыныптар аралығында ұйымдастырылған сайыс

Бисенова Индира Сеильхановна Қызылорда облысы, Төретем кенті №85 орта мектеп
Тақырыбы: «Қызықты математика» сайысы
Мақсаты: Оқушыларды ойната отырып ойландыру, логикалық есептерді шығару арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.Ой-өрістерін кеңейту, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.Түрлі тапсырмалар, ойын арқылы жүйелі ойлауға үйрету.Пәндер бойынша алған білімдерін жинақтап одан әрі танымдылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, қималар
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сайысқа 2-4 сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Қатысушы оқушыларды шақыру.
ІІ.Негізгі бөлім.
1-кезең. «Топты таныстыру» Екі топ өздерінің ұраны мен мақсатын айтады.
2-кезең. «Жұмбақ есептер»
3-кезең. «Қызықты ұяшық»
4-кезең. «Жасырынған сандар»

І-кезең. Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
ІІ-кезең. «Жұмбақ есептер»
1. Аулада 7 тауық
Қорада 5тауық
1 тауық жығылды
1 тауық тығылды
Қалғаны неше тауық ? (10)
2. Табақта 6 алма
Қолымда 5 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма ? (11)
3. 100 асықтың 23-ін,
Мақсат сұрап алды,
Самат келіп ол тағы
24-ін сұрады
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (53)
4. 20 түйе, 5 жылқы,
4 сиыр мен 5 ешкі
7 қоян, 4 түлкі
Неше болады барлығы? (45)
5. Ал, балалар, балалар
Қағаз бенен қалам ал,
5 киіктің мүйізін,
7 үйректің аяғын
Және оған қосыңтар,
Нешеу болады барлығы
Кім жылдам оны табады?
6. Бақта пісті 60 өрік,
Болған олар баққа көрік.
Жеді атам 7-ін,
Жеді әкем 5-ін,
Әжем алды 4 өрік,
Жел соқты да, үзіліп,
Түсті жерге 3 өрік,
Тұр әлі де ілулі,
Сол өріктің нешеуі? (41 өрік)
7. Көлге қонды 50 қаз,
Ұшты судан 14 қаз.
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім тез шешеді.? (36)
8. Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс щеткасын тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі.
Қанша болды, қолда бары? (6)
9. Аспан қандай күздегі!
Қарап тұрмын ауылдан.
Тырналардың тізбегі-
Сүйір бұрыш аумаған.
Әр қанатта он бірден,
Басшысынан бөлегі.
Бар тырнаны кім бірден,
Тез есептеп береді? (23)

ІІІ-кезең: «Қызықты ұяшық»
20 (1) Көпбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
20 (2) Тік бұрыштың ауданын қалай табамыз?
20 (3) 12 айда неше күн бар?
30 (1) Бір үйде 5 бала бар, олардың бір-бірден қарындасы бар. Отбасында неше ұл, неше қыз бар?
30 (2) Тауық бір аяқпен тұрғанда 3 кг болса, 2 аяқпен тұрғанда неше кг болады?
30 (3) Қосараланып жегілген ат-арбамен 25 км жүрген болса, әр ат неше километр жүреді?
40 (1) Цифрларға байланысты мақал-мәтелдерді ата
40 (2) Төртбұрыш пен тіктөртбұрыштың айырмашалғы бар ма? Қандай?
40 (3) Сыйлыққа -20 ұпай

4-кезең: «Жасырынған сандар»
І-тапсырма.
Нәтижесінде үйдің шатырындағы сан шығатындай етіп, есік пен терезелердегі сандарға қандай амалдар қолдануға болады?

2-тапсырма.
Берілген суреттегі дөңгелекшелердің мына сандарды қой.1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12.Әр төртбұрыштың төбесіндегі сандардың қосындысы 26-ға тең болуы керек.

5. Қорытынды.

Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Математика-көзіңдегі шамшырақ
Математика-өміріңде, өлеңде,
Математика-тамыр жайған тереңге,
Математика- болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей 2-4 сыныптар арасындағы ұйымдастырылған «Қызықты математика» сайысы өз мәресіне жетті.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Білім-теңіз, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжіме,
Бір жеңіс бар, жан болсаң сен ұғатын,- дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.