Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өз жұмысының шебері... -

Өз жұмысының шебері...

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1472 | Размер: | Автор: гость
. Луна Тілекберді
Новоселовка орта
мектебінің математика
пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Новоселовка ауылы

Өз жұмысының шебері...

Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға
(Абай Құнанбайұлы)

Ұлы ғұлама, данышпан, ойшыл, ақын Абайдың сөзіне қосыла отырып, ешқашан жұмыстан жалықпайтын, бар дене болмысын сабаққа арнап, оқушыға білім нәрін себетін, білімділікке, саналы, ақын болуға, зерек болуға шәкіртті тәрбиелеп жүрген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінің күміс жүлдегері Матан Зоя туралы айтпақшымын. Оның біздің Новоселовка орта мектебінде жұмыс істеп жүргеніне 15 жыл болды.
Мен осы мектепте 13 жыл жұмыс істеп жатсамда, оны үнемі жақсы жағынан көремін.
Матан Зоя тек қана өз сабағын өткізбей-ақ, оқушылардың шығармашылық және тәрбиелік жұмысымен айналысады. Ол төрт баланың анасы бола тұра, қай жағынан қарасаң да барлығынан үлгеріп жүреді. Сонымен қатар аудандық газеттердің әр санында мақала жазып, әр түрлі тақырыпта тер төккен еңбегімен күн-түні демей жұмыс жасап, кітапшалар жасап шықты. Оның барлығы мұғалімнің еңбегі деп білемін.
Ол өзінің талантымен, еңбекқорлығымен,шығармашылығымен көзге түсіп, әр түрлі мадақтамалар алғыс хаттармен мараппатталды. Ал оқушылары аудандық «Жарқын болашақ » олимпиадасына, Абай, Мұқағали, Махамбет оқуларынан І,ІІ ,ІІІ орындарға ие болды. Сондай-ақ 2011-2015 жылдар аралығында , мұғалімнің сабақтары Республикалық қазақ тілі мен әдебиет жұрналында жарияланды. Осының барлығы мұғалімнің шығармашылығы, еңбекқорлығының арқасында жетістіктерге жетіп отырды.Үнемі мұғалім ізденіс үстінде жүреді. Мектептегі гуманитарлық әдістеменің жетекшісі ретінде де , жас мұғалімдерге қолынан келгенін аямайды, әрі көмектеседі. Зоядан қандай бір жұмысты сұрасаңыз айтып береді.Маған да өте көп көмегі тиді.
Сонымен қатар Зоя мұғалімнің оқушылары облыстық ғылыми жобаға қатысты.
Аудандық «Үздік жыл мұғалімі-2014 » байқауға қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болды.
2014 ж Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сай ІІ деңгейлі 3 айлық курсты оқып ,сертификат алды.
2015 жылы аудан әкімінің қолынан «Алғыс хат» алды.
8 «а» сынып оқушысы Есенгелди Тілеқабыл мен мұғалімнің өзі де «КИО» олимпиадасына қатысып, екеуі де сертификат алды.
29 желтоқсанда 8 «а» сынып оқушысы Есенгелди Тілеқабыл «Туған жерім –Қазақстан!» атты республикалық шығарма жазғаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
30 желтоқсанда 11 «а» сынып оқушысы Баймурат Құралай
«Егеменді еліміздің ертеңі - біздерміз» деген тақырыпта республикалық шығарамалар байқауына қатысып, сертификат алды. Осы жетістіктер мұғалімнің еңбегі.
2013 жылы 18 мамырында Зоя мұғалім Көкшетау қаласына барып, Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне қатысып, 836 адамның ішінен, ол «Күміс сертификатын» алды.
Оның жұмысы бағаланып, орын алғанына мектеп ұжымы қатты риза болды. Зоя мұғалім қаншама аудан ішінен біздің мектебіміздің атын шығарып, жоғары биікке көтергені нағыз жігерлігі деп ойлаймын. Бұл мұғалім жетісітігі әрі аудан, әрі ауылымыз үшін үлкен баға жетпес марапат болды деп есептеймін.
Мен өзім Зоя мұғалімді өзіме үлгі тұтып, бірге жұмыс істеймін.Сондықтан Зоя Матан – өз сабағының , өз мамандығының шебері деп түсінемін. Өзіңізді осындай қалпыңызда ұстаңыз, жұмысыңыз алға басып, әрқашанда шыңның биігінен көре береңіз!Сізге шығармашылық жетістік , отбасыңызға амандық тілеймін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.