.
.
Сарманова Эркиной Миразимовна математика пәні мұғалімі Заман талабы - білікті маман
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1963 | Размер: | Автор: гостьЗаман талабы - білікті маман
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал, оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі жойылады» деген
(Ушинский)
Сындарлы оқуға сыни көзқарас.«Өзге үлгілі болсын десең, өзің үлгілі бол» деген сөз менің ұстанымым. Ал заман талабы - білікті маман, білімді ұрпақты болумен ерекшеленіп тұрғандықтан, айналамызда болып жатқан жаңалықтарды көре тұра, менің де ойым мен негізгі көзқарасымды өзгертуіме негіз болып, осы оқудағы мақсат мен міндеттерді толығымен түсініп, сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ретімен қолданғым келді. Өне бойымызға кемелді білім қалыптастырып, қалай оқу керектігін үйретуді, бірінші өзімнен бастағым келді. Болашағынан нәтиже күттіретін жаңашыл бағдарламаның әдіс-тәсілінің оңтайлылығы: сыныпты бірнеше топқа бөліп, оқушының өздерінің бір біріне үйреткені тиімді екенін, яғни, жақын арадағы даму аймағы арқылы тақырыпты тезірек түсінетінін байқадым. Бұл дегеніміз - биік нәтижеге жету үшін «жайлы оқу ортасын» сезінген оқушы ойының еркіндікке ие болу, тәуелсіздігін сезінген оқушының қиялында шек болмайды. Жеті модульді сабақта тиімді пайдалансақ, сындарлы оқытудың орын алғанын көруге болады. Ол дегеніміз -оқушының оқығанын ой елегінен өткізіп, түйіндеп, өмірде пайдалану, сол арқылы өзін өзі бағалау. Сонымен қатар, оқу -тәрбие процесіне интерактивті қосылу арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады, әртүрлі қызмет сферасында бүгінде талап етілетін маңызды істі жете білушілік қайсыбір проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауға мүмкіншілік етіледі. Бұл ретте мұғалімнің де, оқушының да әр үдеріске сыни көзқарасы маңызды. Сыни ойлауды қолдана білетін оқушыларда мынадай сапалар байқалады: жоспарлауға дайындығы, икемділік, табандылық, өз қатесін түсінуге дайындық, сезіну, ымыраға келудің шешімін іздеу. Осы сыни білуді құру - ойлау дағдысын дамытудан да маңызды екен. Білімге жастарды ынталандыруда мұғалімдердің алар орны ерекше. Болашақтың тұтқасы ұстаз қолында екенін естен шығармай сауатты тұлға қалыптастыруды мақсат етіп отырмын. Ал, оқу барысында, көп нәрсені анықтадым. Себебі, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - дейді К.Д.Ушинский. Бұл дегеніміз, ұстаздардың үздіксіз ізденуін, еңбектенуін талап етеді.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни ойлануға үйрету, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, оқытуда АКТ-ны қолдану, таланты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,білім берудегі басқару және көшбасшылық, олармен қалай жұмыс жасау керектігін, төрт сабақтан тұратын сабақтар топтамасын жасауды үйрендім. Түрлі әдіс- тәсілдердің көмегімен сабақтарыма кіріктіру арқылы тек пәнге ғана үйретіп қоймай, оқушыларды жан жақты дамыған, метатанымы жоғары, өмірде осы алған білімдерін қолдана алатын тұлға қалыптастыру керек екенін түсіндім. Ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Жаңа тәсілдердің теориялық бетін ашып қана қоймай, оның нәтижеге бағытталған тиімді қолдану практикасын үйрендім. Оқушылар бір- бірінен үйренетініне және олардың пәнге деген қызығушылықтары, белсенділіктері артатынына, әсіресе, сынып ұжымын топтарға бөліп, сыныпқа ортақ ереже шығаруда жаңа тәсілдердің пайдасы көп екеніне көзім жетті. Курста оқушыларды диалогтік оқытуды, сыни тұрғыдан ойлатуды, өзін- өзі бағалаудың, «нені оқыту, қалай оқыту» керек екенін үйрендім. Сонымен бірге мұғалім көшбасшы ретінде бағыт -бағдар беруші, алға жетелеуші екенін ұқтым. Альберт Энштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасатамын», - деген пікірінің мәнін тереңнен түсінгендей болдым. Әрқашанда оқушыға сенім арту- сапалы сабақтың негізі болады. Пажарес (1992) мұғалімдердің ұстанымын алға қойа отырып, мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасымен, шешімі және іс-әрекетіне тікелей байланысты екенін дәлелдеген. Мұғалім жаңаша идеяға тола болуы керек деген. Осы қағиданы ұстана отырып, мен болашақта мектепке барғанда, Пажарес айтқанын тұжырымдай келе мен мұғалім ең біріншіден ұстанымы мықты, көзқарасы, шешім қабылдай алатын, сол қабылдаған шешімін іс-әрекетпен дәлелдей алатын болу керек. Енді аянбай еңбек етіп және өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын.
Қорыта айтқанда, жаңашыл тәсілдер арқылы алған білімімді келешекте өз сабағымда қолдана отырып ізденіп,заман талабына сай еңбек ететініме сенемін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.