Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сатвалдиева Куралай Бердалиевна. Қазақ тілі. Зат есім. 2 «В» сынып Математика. 2 «В» сынып. Қосудың терімділік қасиеті..

Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Сатвалдиева Куралай Бердалиевна. Қазақ тілі. Зат есім. 2 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»
Сабақтың мақсаты: Зат есіммен таныстыру,зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатындығын ұғындыру.
Білімділігі: Жаттығулар,тапсырмалар орындау барысында зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат,тірек-сызба,тапсырма жазылған карточкалар,тест,ребус.
Типі: теориялық білім меңгерту.
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды жинақтау,сабаққа бағыттау
ә) Психологиялық дайындық.

Сөз қуаты шығар ел төріне,
Жер бетінен самғатар көк шегіне.
Екі нәрсе – тірі адамға керегі,
Бірі-көңіл, бірі – тілдің желегі.

Өте жақсы, орнымызға жайғасайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау,ой қозғау.

- Сөз таптары деген не?
- Қандай сөз таптарын білеміз?

Тірек сызбамен жұмыс

СөзСөз таптары

З Зат есім
С Сын есім
С Сан есім
Етістік

Кім ? Кімдер ? Қандай ? Қанша ? Не істеді ?
Не ? Нелер ? Қай ? Неше ? Қайтті ?
Не қылды ?

ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларды екі топқа бөлеміз
1-топ: «Алғырлар»
2-топ: « Тапқырлар»
Топпен жұмыс жасаймыз.
Ребус шешу арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып
аламыз. Міне, балалар «Зат есім» сөзі шықты

Ой шақыру: Сөзжұмбақ шешу
а) зат дегеніміз не?
ә) Есім дегеніміз не?
Тірек сызбамен жұмыс жасау арқылы түсіндіру

З Зат есім



Балалар, осыдан біз ереже шығарамыз:
- Сонымен зат есім деп заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.
Сұрақтары: Кім ? Кімдер ? Не ? Нелер ?
Сергіту сәті.
ІҮ. Оқулық жаттығуларын талапқа сай талдау арқылы танымдылық жұмыстар

Топпен жұмыс
1-жаттығу
І. «Алғырлар» тобы. «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді жазу
( ұшқыш,суретші)
ІІ. «Тапқырлар» тобы. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраймыз.
Жолбарыс жабайы аң.
Әтеш таңертең шақырады.
Гүл қызыл болып ашылады.

5-жаттығу (ауызша) екі топқа байланысты.
Ү. Ой толғаныс
Деңгейлік тапсырмалар
«Алғырлар» тобы.Тест тапсырмалары.
1. –шы, -ші жұрнақтарымен туынды сөз жасаңдар.
а) жыр, күй
ә) тау, сән
б) көңіл, тәрбие.
2. Жұрнақ деген не?

Ойын: « Бал жинау»
Ойынды ережесімен ойнау

3.Жалғауы бар сөзді тап.
а) үйшік
ә) далада
б) биші

4.Жұрнағы бар сөзді тап.
а) балаға
ә) балалық
б) баланы

Тапқырлар тобы. Мақалдарды аяқтау
1. Оқу білім бұлағы.
а) елдің сәні - білім
ә) тамаша сауық
б) білім-өнер шырағы.

2. Жүзден жүйрік ...тұлпар шығады
а) оннан
ә) жүзден
б) мыңнан

3. Ата .... сыншы
а) дәрігерге
ә) оқушыға
б) балаға

4. ..... рет піш, бір рет кес.
а) жеті ә) тоғыз б) үш

Сергіту сәті

ҮІ. « Алғырлар» тобы

Семантикалық карта толтыру
Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Бәйге ойыны
1. Адамға байланысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
( Кім? Кімдер?)
2.Жанды-жансыз заттарға қандай сұрақтар қойылады?
(Не? Нелер?)
Сонымен зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.
Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

ҮІІ. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қызыл,сары,жасыл жапырақтар арқылы білдіріп, тақтадағы плакатқа жапсырады.

ҮІІІ.Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: 4- жаттығу Сөйлемнің ішінен зат есімдерді тауыпжазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.