Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зат есім -

Зат есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1532 | Размер: | Автор: гость
. Оңт үстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, «Комсомол» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдукадирова Болдықыз 3-сынып

Зат есім
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға зат есім жөнінде алған білімдерін еске түсіру,олардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
2.Сөздік қорын ,байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,семантикалық карта, тест парақшалары,сөзжұмбақ,мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт аламыз.
Мақсатымыз-білім алу.
Міндетіміз еңбектену.
Сыныпты топқа бөлу:
1-топ «Алғырлар»; 2-топ «Білгірлер»,3- топ «Тапқырлар»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қыс қызығы» туралы үйге берілген мәтіндерін оқыту.
3.Жан-жақты білімдерін тексеру.
а) 1-топ Мәтінде өзіңе таныс қандай сөз таптары бар?Табыңдар
2-топ Сөз таптары туралы айт.
3-топ Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін қай сөз табы? Мәтіннен тап.
Жаңа сабақ
ә) Сөзжұмбақты шешу
Білімнің дәнін тереді,
Балаға білім береді.(Ұстаз)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.(Қоңырау)
Білімнің мол сиы осы,
Балғындардың ұясы.(Мектеп)
-Зат деп нені айтамыз?
-Бізді қоршаған нәрселердің барлығы-заттар.
Олар орындық, тақта,қалам,дәптер,қағаз.
Зат есім деп заттың атын білдіретін сөздерді айтамыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыста қандай құбылыстар болады?
-Қар жауады, мұз қатады, аяз түседі,боран соғады,қырау қатады.
Тірек-сызбамен жұмыс.




Оқулықтың 28-бетін ашамыз.Жаттығулармен жұмыс жасаймыз.
2-жаттығу.Мәтінмен жұмыс. «Алғырлар »тобы
3-жаттығу. Сөздер тобына тағы үш сөзден қосып жаз. «Білгірлер» тобы
4-жаттығу. Өлеңмен жұмыс. Зат есімдерді теріп жаз. «Тапқырлар» тобы
5.Сергіту сәті :
Жазу жазып өзіміз
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз
Көркем етіп жазамыз
6. Жаңа материалды бекіту.Топпен жұмыс.
«Алғырлар »тобы. Суреттегі бейнеленген заттардың атауларын жаз.

Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
«Білгірлер» тобы. «Сөздерді сәйкестендір»

Ит билейді
Биші емдейді
Қарға ұлиды
Дәрігер қарқылдайды
Қасқыр үреді

«Тапқырлар» тобы.Көрсетілген көптік жалғауларына жалғанатын сөздер тауып зат есім жаса.лар,лер,тар,тер,дар,дер


7.

Семантикалық картамен жұмыс.
Зат есім сын есім етістік Сан есім
дәптер +
жиырма +
білімді +
оқыды +

8. Бекіту кезеңі.
Тест сұрақтары
1.Зат есім дегеніміз не?
а) Заттың сынын,сапасын білдіретін сөздер
ә)Заттың атын білдіретін сөздер
б)Қимылды,іс-әрекетті білдіретін сөздер.
2. Туынды зат есімді тап?
а) Ауыл
ә) Әнші
б) Орман
3. Жалқы есімді тап.
а) Кітап
ә) Ағаш
б)Шымкент
4. Жалпы есімді тап.
а) Көл
ә) Алтай
б) Балқаш
5. Көптік жалғаулы зат есімді тап
а) Өзен
ә) Малшы
б) Жапырақтар
6. Зат есімдер тобын тап.а
а) тәтті,қызыл,ақылды
ә) қағаз,ағаш,Ақтөбе
б) оқиды,ұшады,барды.
Тест жауаптары кодоскоп арқылы тексерілді.
Топтастыру

9. Сабақты қорытындылау:
Постер қорғау: «Мен нені білдім?»
Үйге тапсырма:
5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу,зат есімдерді табу.
Бағалау,мадақтау,әр топты бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.