.
.
Шығыс Қазақстан облысы Зат есім
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1402 | Размер: | Автор: гостьТарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Усабаева Зауре Аскаровна
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;
2.Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;
3.Оқушыларды тиянақтылыққа , ұжыммен жұмыс істеу арқылы ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық шығармашылықпен жұмыс, ізденіс сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Схема, кесте , электронды тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
(Оқушыларды топқа болу, әр топқа ат қою, ұраны мен мақсаттарын айтқызу.)
«Күншуақ», «Еркеназ», «Жұлдыз», «Кәусар» топтары.
(Топтарының атын схема, сурет, өлең жолдарымен таныстырып, қорғау.)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сөз таптары нешеге бөлінеді?
Ең бірінші сөз табы қалай аталады?
Оның заттық ұғым білдіретінін қалай білдіңдер?
Мысалдар арқылы кім көп ойластырады?
(1-2 топқа кеспе қағаздар беру арқылы сұрақ- жауап ойнату. 3-4 топқа мәтіннен зат есім сұрағына жауап беретін сөздер санын табу.)
Ш.Қызығушылығын ояту кезеңі.
«Ой шақыру» мақсатында әр топқа тапсырма беру.
1-топ Кез- келген зат атаулары
2- топ құс атаулары
3- топ Жер- су атаулары
4- топ Газет- журнал атаулары (Әр топ бірінің жауабын бірі толықтыру арқылы тізбектеу жұмысын жүргізеді)
III. Мағынаны ашу кезеңі.
А) ( Төрт топтың құраған сөздерін толық жинап топтастыру арқылы зат есім , оның жалпы және жалқыға бөлінетінін , ережесін өздеріне шығарту. )
Б) Кестемен жұмыс .
Жеке заттар атауы
(Жалқы есім) Ұқсас заттар атауы
(Жалпы есім)
Дара Күрделі Дара Күрделі
Ақсу
Дархан
Зерде
Монғол Республикасы
«Қараш-Қараш оқиғасы»
Қабанбайбатыр даңғылы
Ауыл
Ақын
Жазушылар
Көше
Орамжапырақ
Мәдениет үйі
Ата-ана
В) Оқулықпен жұмыс
( Оқулықтағы жаттығуды ретімен талдай отырып , орындату. Әр топқа жаттығуды бөліп беру.)
Электронды тақтадан «Табиғат тамашалары» атты бейне материалдарды көрсету. Әңгімелесу.
1. НЕ көрді?
2. Затық мағына беретін атаулар бар ма?
3. Бар болса атап беру.
4. Қай топ көп атаса сол топтың ұпайы көп болады.
IV. Ой- толғаныс кезеңі.
Эссе жазады. Тақырыбы: «Менің жақын достарым», «Кітап- білім бұлағы», «Серуенге шыққанда», «Мектеп – екінші үйің».
( Зат есімдерді Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді көбірек жазу.)
Сабақты қорытындылау.
V. Үйге тапсырма беру.
Төмендегі сұрақтарға жауап жазып келу.
1. Сен кімнің баласысың?
2. Қандай достарың бар?
3. Өз руың, еліңді білесің бе?
4. Қандай қалаларды көрдің? Болған қалаларың бар ма?
5. Үйлеріңде кіммен тұрасың? Аты- жөнін олық жазып көрсет.
6. Сенің көшең қалай аталады?
7. Қандай газет, журал, кітап оқисың?
8. Өзен, көл, теңіз, мұхит атауларын атап бере аласың ба?
VI. Бағалау
(Әр топтың бағалау парақшалары арқылы.)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.