Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зат есім, оның түрлері. -

Зат есім, оның түрлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5849 | Размер: | Автор: гость
. Әмірбекова Боранкүл Әжіханқызы, М. Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ОҚО Түркістан
Сабақтың тақырыбы; Зат есім, оның түрлері.

Қазақ тілі. 6-сынып.

II. Сабақтың мақсаты: зат есім оның сұрақтарын, мағыныалық түрлерін оқулықтан оқыта отырып, оқушыларға оқығаны бойынша постер жасату әрі теориялық алған білімдерін мысалдар арқылы терең меңгерту. Өз беттерінше жаттығуларды талдауға дағдыларндыру әрі машықтандыру.
III. Сабақтың тәбиелігі: тапсырмалар орындату барысында ұқыптылықта және жауапкершілікке тәрбиелеу.
IV. Сабақтың түрі\әдісі: жаңа сабақты меңерту
топпен жұмыс жасау
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық.
VI. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындығын әрі оқу құралдарының ұсталуын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Күрделі сөздерді қайталау.
- Біріккен сөз бен кіріккен сөздің ерекшелігі, мысал.
- Қайталама қос сөз бен қосарлама қос сөздің айырмашылығы, мысал.
- Қысқарған сөздердің жасалуы, мысал.
- Тіркесті сөздер оның жасалуы, мысал.
111-112-жаттығу. Күрделі сөздердің жасалуына талдау, жазылуын есте сақтау.
3. Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз: Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейді. Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Еліктеу сөз
7. Үстеу
8. Шылау
9. Одағай
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Зат есім.
1. Топтастыру: оқушыларды екі топқа бөлу.
2. Оқулықпен жұмыс: оқулықтан тақырыпты мұқият оқып, екі топ та оқығаны бойынша постер жасау.
I. топ: зат есім және жалқы есіммен жалпы есімге постер жасау.

II.топ: зат есім және деректі, дерексіз зат есімге постер жасау.

3. Тапсырма: «Ой қозғау» берілген тірек сөздерден үш сөйлем құрау, зат есімдерді табу.

(Өнер алды – қызыл тіл. Тіл – ата-баба аманаты. Тіл - өнер)
4. Жаттығумен жұмыс: 118 – жаттығу. Жалқы есімдерге мысалдар жазу. 119 – жаттығу. Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді анықтау.
Деректі зат есім Дерексіз зат есім
Гүлсары Құдреттілігін
Көзі Сұлулығын
Бүйірден Даңқ
Жер, адамға Күншілдік
Аттың табанына Қастандық
Шеге
Тапсырма:
Оқулықтан суреттегі екі балаға деректі және дерексіз зат есімді пайдаланып мінездеме беру.
Жомарттың мінезі жайдары, ал Аслан ылғи томаға-тұйық жүреді. Жомарттың көзі жайнап, екі езуі екі құлағында, себебі ол көңілді болатын. Асланның мінезі ауыр, ақылы көп, сондықтан ол салмақты болып көрінеді.
Дерексіз зат есімдер: мінезі, ақылы т.б.
Деректі зат есімдер: Жомарт, Аслан, көз т.б.
120 – жаттығу. Жалқы есімдерді табу, қандай ұғымдарды білдіріп тұрғандарын айту.
Жалқы есімдер: Бурабай – көлдің аты. Жақып, Біржан - кісінің аты. Тау-тастардың атаулары: Сиыртас, Шошқатас, Оқжетпес, Көкше, Бөлектау.
5. Сергіту сәті: «Ырғақты жаттығу»
6. Қорытынды Х. Венн диаграммасы
1. Топ. Деректі және дерексіз зат есімнің ортақ қасиеті мен айырмашылықтарын табу.
2. Топ. Жалқы есім мен жалпы есімнің ортақ қасиеті мен айырмашылығын табу.
7. Бағалу. (топ жетекшілерінің есебі бойынша бағаланады)
8. Үйге тапсырма 121-122- жаттығуды орындау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.