Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зат есімнің септелуі -

Зат есімнің септелуі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1427 | Размер: | Автор: гость
. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақ мақсаты:
- білімділік – оқушыларға септік жалғаулары туралы теориялық білім бер;
- дамытушылық – өткен сабақтардан алған білімін тиянақтау;
- тәрбиелік – ұлтымыздың салт-дәстүрін бағалап дәріптеу;

Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілік: киіз үй, тақта, интерактивтік тақта, көмекші құралдар.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеру.
1. Зат есімнің оңаша тәуелденуі деген не?
2. Зат есімнің ортақ-тәуелденуі дегеніміз не?
3. Зат есімнің тәуелсізденуі дегенді қалай түсінеміз?

29-жаттығуды оқытып тексеру.
Үй тапсырмасын қорыту.
- Балалар, есім деген сөздің синонимін табамыз. Енді айналаңызға қараймыз, не көріп тұрмыз? (парта, стол, гүл, тақта, мұғалім, оқушы). Енді осы-заттарға сұрақ қандай қоямыз? (кім? Не? Кімдер? Нелер?).
Ондай болса заттың, құбылыстың атын білдіретін сөздерді зат есім деймізде, оны білу үшін кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға қояды екенбіз.
Оқушылар біреу туралы білу үшін оның отбасын зерттейміз. Сол сияқты зат есімнің отбасын зерттейміз.
Оқушылар, зат есімнің отбасы туралы кім айтады?

Зат есім деген патшаның өмірін жалғастырушы ұлдары, аттары көптік, тәуелдік, септік, жіктік зат есімнің үлкен ұлы өте көпшіл, көп адамдармен қарым-қатынас жасайды екен. Бұл баласының аты-көптік екен.
Балалар зат есімнің екінші ұлы заттарын 4-ақ адамға береді екен. Ол – тәуелдік екен.
Бірінші сабағымыз - зат есімнің патшаның үшінші ұлының атымен аталатын септік жалғауы.

III. Жаңа сабақ. Ертеде зат есім патшаның септік деген ұлынан жеті немересі болыпты, олар бір шаңырақ астында тұрыпты. Олардың әрқайсысынан тараған жалғауы және сұрақтары болыпты. (Кітаптағы кестені пайдаланымыз 38-39 беттер).

Сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшалар – септік жалғаулары. Зат есімдердің осы жалғауларды қабылдап, өзгеруі олардың септелуі немесе зат есімдерді септеу деп аталады. 33-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызыңдар.

34 – жаттығу.
Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып, талдаңдар. Септелеген сөздерді ретімен көшіріп жазыңар.
Зат есім патшаның септік деген ұлынан тараған жеті немересі қонақта, оларға өз білімімізді көрсетейік.
Мына «Кім жылдам» ойыны сөздерден мақал-мәтел құрастыру.

Шырақ білім
Оқу білім алды жарық
Бұлақ ғаріп

Өнер үйрен
Жалқау жарық өнер жирен
Өлім
Жоқ

Ұшқан ұстаз
Іледі көр шәкірт өз
Ұл

Құдық
Оқу ине
Қаз

Жауабы:
1. Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы. (А.С.)
2. Білімдінің алды – жарық,
Білімсіздің күні – ғаріп. (У.С.)
3. Өнерліге өлім жоқ,
Жалқауға – жарық жоқ. (Б.С.)
4. Өнерді үйрен де жирен. (Т.С.)
5. Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілерсің. (Ж.С.)
6. Ұстаздан шәкірт озар. (Ш.С.)
7. Оқу инемен құдық қазғандай. (К.С.)

Оқушылар қазақта жеті санын киелі санаған, жеті санын жетістік деп санаған.

IV. Сабақты қорытындылау
7 апта 7 қазына 7 септік
1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі
4. Бейсенбі
5. Жұма
6. Сенбі
7. Жексенбі Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл – білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік



V. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: 45-жаттығу.
Зат есімнің септелуі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.