.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекені Зат есімнің тәуелденуі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2130 | Размер: | Автор: гость«Ақбастау» жалпы орта мектебінің
қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Даулетбаева Гүлжан Жаксыбайқызы
7 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: зат есім туралы білім деңгейін көтеру тереңдету.
Ә)Дамытушылық : түрлі әдістер мен оқушылардың ойлау қабілетін дамыту , өзіндік шығармашылыққа баулу.
Б) Тәрбиелік: ұжымшылдыққа , тянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кеспе қағаздар слайдтар,сызбалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,жинақтау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А)оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығын тексеру, оқушылардың назарын аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау
Сынып екі топқа бөлемін:
І топ «Қазына» , ІІ топ «Білім»
І топ сұрақтары (көк түсті кеспе қағаздар)
1. Зат есім деген не? (мысал)
2. Негізгі зат есім деген не? (мысал)
3. Дара зат есім деген не? (мысал)
4. Деректі зат есім деген не? (мысал)
5. 5.Жалқы есім деген не? (мысал)
6. Зат есімнің көптік жалғауын ата?
ІІ топ сұрақтары( сары түсті кеспе қағаздар)
1. Зат есімнің түрлерін ата?
2. Туынды зат есім деген не? (мысал)
3. Күрделі зат есім деген не? (мысал)
4. Дерексіз зат есім деген не? (мысал)
5. Жалпы есім деген не? (мысал)
6. Зат есім жасайтын жұрнақтар
Оқулықтан 21 жаттығудың орындалуын тексеру
Жаңа сабақ :
Зат есімнің тәуелденуі
Көп тілден қазақ тілінің бір ерекшелігі зат есімдердің тәуелді тұлғада келуі. Тәуелденудің арнаулы жалғаулары бар . Зат есімнің жалғау арқылы түрленуін зат есімнің тәуелденуі дейді.
Тәуелдеу үш жақта және жекеше, көпше түрлері болады.
Жақ Жекеше Көпше
І Менің әже+м Біздің әже+міз
ІІ Сенің әже+ң
Сіздің әже+ңіз Сендердің әже+лер+ің
Сіздердің әже+лер+іңіз
ІІІ Оның әже+сі Олардың әже+лер+і
Тәуелдеудің екі түрі бар: оңаша тәуелдеу және ортақ тәуелдеу
Бір не бірнеше заттың , нәрсенің бір адамға не бір нәрсеге ғана тиесілі екенін білдіретін тәуелдеудің оңаша тәуелдеу дейміз. Мысалы: менің үйім, сенің үйің , сіздің үйлеріңіз тағы сол сияқты.
Бір не бірнеше заттың, нәрсенің бірнеше адамға, нәрсеге тиесілі екенін білдіретін тәуелдеудің түрін ортақ тәуелдеу дейміз. Мысалы: біздің үйімініз, сендердің үйлерің, олардың үйлері тағы сол сияқты.
Оңаша тәуелдеудің де жалғаулары түбірдің соңғы дыбысының дауысты немесе дауыссыз болуына байланысты болып келеді.
Оңаша тәуелдеудің жалғаулары
Дауысты дыбыстан кейін :
I жақ –м(аға+м,іні+м)
II жақ-ң(аға+ң,іні+ң)
-ңыз (аға+ңыз,іні+ңыз)
III жақ –сы (аға+сы,іні+сі)
Дауыссыз дыбыстардан кейін:
I жақ –ым,-ім(бор+ым,жер+ім)
II жақ-ың-,ің(бор+ың,жер+ің)
-ыңыз,-іңіз(бор+ыңыз,жер+іңіз)
III жақ –ы,-і (бор+ы,жер+і)
Ортақ тәуелдеудің жалғаулары
Дауысты дыбыстан кейін :
I жақ –мыз,-міз(аға+мыз,іні+міз)
II жақ-(ларың,-лерің)(аға+лар+ың,іні+лер+ің)
-ңыз,+ңіз (аға+ңыз,іні+ңіз)(аға+лар+ыңыз,іні+лер+іңіз)
III жақ –сы-сі (аға+сы,іні+сі)
Дауыссыз дыбыстардан кейін:
I жақ –ымыз,-іміз(бор+ымыз,жер+іміз)
II жақ-(лар)ың,-(лер)ің(бор+лар+ың,жер+лер+ің)
-(лар)-ыңыз, -(лер)іңіз(бор+лар+ыңыз,жер+лер+іңіз)
III жақ –ы,-і (бор+ы,жер+і)
Оқулықпен жұмыс
Тапсырма : үй, киім, бала, Отан, бөлме (тәуелдеу)
22-жаттығуды орындау
Мақал-мәтел жарысы (жалғасын табу)
І топ
1. Тіл-қылыштан ...................
2. Бас пәле- .......................
3. Тәрбие тілден . ..................
4. Тіл тас жарады, ....................
5. Шешенің тілі , шебердің бізі ......................
ІІ топ
1. Қаһарлы сөз ..........................
2. Мал шөпке тоқтайды, ...........................
3. Сөз тапқанға ................................
4. Оқ жарасы бітер, ............................
«Ойлан, ізден тап!»
1. Екі әріптен ғана тұратын зат есім
2. Үш әріптен ғана тұратын зат есім
3. Тек қана «қ» әріпінен басталатын зат есім
«Сөзжұмбақ» шешу
З
А
Т
Е
С
І
М
1. Ұлт аты
2. Үй құсы
3. Оқу пәні
4. Аңның аты
5. Жаңа қала
6. Киім ілетін орын
7. Сүттен жасалатын тағам
«Жедел жауап бер» ойыны
1. Еңкейген ......................
Еңбектеген ....................
Жайнаған .....................
Сөйлер ........................
Алатын ..........................
Масайраған .......................
Марқайған .............................
2. Елпектеген ............................
Селтектеген ..............................
Келер ..............................
Бітер ..........................
Істейтін .............................
Ербиген ................................
Айтылар ....................
Оқитын .......................
Ойтолғау (бекіту)
Тест (10 сұрақ)
Үйге тапсырма : 24 жаттығуды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.