Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттың санын білдіретін сөздер. -

Заттың санын білдіретін сөздер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1366 | Размер: | Автор: гость
. Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Заттың санын білдіретін сөздер.
Мақсаты Сөйлем ішінен заттың санын анықтайтын сөздерді табу.
Сұрақтар қою.
Өлеңді жүгіртіп оқиды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: инсерт , әткеншек,
Сөйлем ішінен заттың санын анықтай алады.
Заттың санын анықтайтын сұрақтар қоя біледі.
Өлеңді жүгіртіп оқу.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Әткеншек » әдісі арқылы екі шеңбер құрып , сыртындағы шеңбер сұрақ қояды . Ішкі шеңбер жауап береді .
Топқа бөліну . Жасырылған сандарды табу арқылы 1,2,3,4 топқа бөлінеді.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Заттың атын , қимылын , сынын білдіретін сөздерге сұрақ қойдыру.
IV. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?
Бір, екі, үш бұлар нені білдіреді?-санды. Мысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Мұғалім бағыттаушы , бағытталушы ережені өзі меңгереді.
Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, жүз, екінші, елуінші.
Оқулықпен жұмыс :
«Он саусақ » өлеңін оқиды. Қалған оқушылар «инсерт» әдісі бойынша сандарды анықтайды.
Сәйкестендіру тест
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? 3
Математикалық жұмбақтар шештіру санын анықтату. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс 135-жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрау.
VI.Бекіту кезеңі. Сан есім дегеніміз не?-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап
беретін сөздерге мысал келтіру.

Үйге тапсырма Мәнерлеп оқу 175 бет.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.