Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өзен және көл», «Суды қорғау». -

«Өзен және көл», «Суды қорғау».

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1546 | Размер: | Автор: гость
. ДҮНИЕТАНУ

( 4 сынып)

Есенбаева .А.К.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: «Өзен және көл», «Суды қорғау».

Мақсаттары: 1. Су туралы алған ұғымдарын нақтылау, тереңдету.
2. Судың қасиетін, маңызын меңгерту.
3. Судың табиғаттағы тіршілік көзі екендігін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Ұлттық тәрбие берудің жолы-тиым, нақыл, мақал-мәтел сөздерді білуді нығайту.

Дамыту міндеті: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Өз ойларымен пікір айта білуге, тұжырымдама жасай білуге дағдыландыру, үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік кестелер, проблемалық сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты түрлі-түсті суретті таблицалар, парақшалар, үнтаспалар. Қазақстанның физикалық картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сабақ мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Су айналымы», «Жер асты сулары» мәтінін оқып келу, тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу берілген болатын.
«Гүлдерді аялайық» ойыны арқылы Гүл күлшелерінің артында жазылған сұрақтарға жауап алу.

1. Сусыз тіршілік жоқ дейміз неге?
2. Су неше күйде болады? Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
3. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
4. Жер асты сулары қалаай пайда болады?
5. Құдық суы қандай болады? Қандай мақсатта пайдаланады?
6. Минералды сулар қалай пайда болды?
7. Шипалы су дегеніміз не?
8. Қазақстанда минералды сулар қалай аталады?
9. Қазақстандағы белгілі су курорты қалай аталады? Ол қай жылы ашылған?

Оқушылардың гүлге байланысты жаттап жүрген өлең шумақтары оқылады:

І – топ Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл – ару
Күзетейік көз ілмей.

ІІ – топ Нәзік гүлдер - әніміз
Жайнап өссін - бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

ІІІ – топ Гүлдер деген жыр – аңыз,
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз

ІІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ. «Өзен және көл», «Суды қорғау»

1. Кіріспе әңгіме. Сұрақ – жауап.
Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Ластанған су деп қандай суды айтады?
Бұл сұраққа балалар өз білгендерін айтады.

2. Мазмұнын физикалық картаны пайдалана отырып санамалап түсіндіріп шығамын.
3. Тірек – сызба арқылы суды ластаушы заттармен таныстыру.

Тағамның Зауыт Мұнай өнеркәсібі
қалдықтары

Жуындылар



Темір жол Шахта Өнеркәсіптер

4. Суды таза ұстау оны қорғау деген сөзге байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

«Су ішкен құдыққа түкірме».
«Судың да сұрауы бар».
«Сусыз жер – нусыз жер».
«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер».
«Сыйлап берген су да тәтті».
«Қайғысыз ішсең қара су да тәтті».
«Су қадірін шөлдеген білер».

5. Суға байланысты тиым сөздер.

1. Суға түкірме
2. Ағынды суға кір жума
3. Суды бекер ағызба
4. Суға дәрет сындырма

IV. Жаңа сабақты пысықтау.
Теориялық білімнің жетекші рөл атқаруы принципі бойынша 1 минутта тез жауап беру.
1. Жердің қанша бөлігін су алып жатыр? (3/4)
2. Тұз, газ ертіндісі бар су не деп аталады? (минералды)
3. Өзен ағатын жердегі терең щұңқыр қалай аталады? (арна)
4. Шағын өзендердің құрымауы үшін не істеу керек?
5. Өзеннің көлге құятын жері қалай аталады? (саға, құйылыс)
6. Тұщы судың негізгі қайнар көзі нелер? (өзендер)
7. Жер бетіндегі табиғи тереңдікте орналасқан табиғи су қоймалары қалай аталады? (көлдер)
8. Қазақстанның ірі өзендерін ата. (Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Каспий).
9. Көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен көл? (Балқаш)
10. Тау атымен аталатын қай өзен? (Орал)

V. Қорытындылау.

1. Біздің елімізде суды қалай пайдаланады?
2. Біз суды краннан ағызып іше аламыз ба?
3. Суды қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?

VI. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, реферат жазу, басқа оқулықтардан
қосымша ақпарат алу.

VII. Бағалау.

21 қазан 2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.