.
.
Молдабекова Қарлығаш Елубековна Өзендері мен көлдері. Табиғат зоналары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1591 | Размер: | Автор: гостьҚарағанды облысы
Шет ауданы
Ортау негізгі орта мектебі
География пәні мұғалімі
Тақырыбы: Өзендері мен көлдері. Табиғат зоналары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Оңтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау. Солтүстік Американың табиғат зоналар туралы білімді беру, олардың таралу заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, материктің табиғат зоналарына талдау жасау.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген терминдердің анықтамаларын сұрайды: Торнадо, шаңды дауылдар, ураган дегеніміз не?
Сосын балалардан сөзжұмбақтарды жинап алып, тексеріп, және оларды ауыстырып, жауап беріңдер деп балаларға қайта таратып береді.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.
Сосын терминдерге анықтама береді:
Торнадо – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл.
Шаңды дауылдар – шаңмен бірге жүретін күшті желдер.
Ураган – Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті апатты дауылдар.
Одан кейін сөзжұмбақтарға жауап береді.
ІІІ Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.
1. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?
2. Материктің қандай ірі өзендерін білесіңдер?
Оңтүстік Америка материгін молы сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай екенін, алаптар жайында айтып береді.
Атлант мұхитына құятын өзендердің ерекше басым болатынын, Атлант мұхитына құятын өзендер ағынынан 12 есе асып түсетінін оқушыларға айтып береді. Анд тауларындағы ішкі тұйық ағын алабы шамалы ғана ауданды қамтиды. Өзендердің су жинау ерекшеліктері мен маусымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.
Мұғалім үндістер тілінен аударғанда «Парана» - теңіздің анасы, «Ориноко» - өзен деген мағыналарды білдіретінін айтады.
Гвиана таулы үстірттіндегі Ориноко өзеніне келіп құятын Чурун өзенінің тармағы Карониде д.ж. ең биік сарқырама Анхель (биіктігі 1054м), ал Парананың саласында д.ж.тағы бір ірі сарқырама Игуасу (80м) бар. Оңтүстік Америка өзендері су энергиясының қорына өте бай. Амазонка өзеніне толығырақ сипаттама беру керек.
Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерінен аз ғана кем екенін айтқан жөн, оның 5 млн.км2-ден астамын Амазонка ойпаты алып жатқанын айтады. Амазонка өзенінің су жинау алабына Амазонка ойпатынан басқа, Анд тауларының шығыс беткейі, Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік беткейлері және Бразилия таулы үстіртінің солтүстігі мен орталығы жатады. Өзеннің негізгі ағысы экватор және 50 о.е. аралығында жатыр, онда жылына 1500-3000 мм жауын-шашын жауады. Амазонканың ең ірі салалары – Мадейра мен Риу-Негру. Амазонканың суы сарғыш және үнемі майлы келеді. Мұхитқа құйған тұсында өзен суы сағадан 300 км ұзағанға дейін сарғайып көрінеді. Өзен бір жыл ішінде мұхитқа 1 млрд тонна шамасында тұнба жыныстар алып келеді. Мұхитқа құяр жерде өзен арнасы ұлан-байтақ атырауға айналып қалады.
Мұнан кейін мұғалім Оңтүстік Америкада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.
Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.
Сосын материктің табиғат зоналары туралы айтқанда мұғалім оқушыларға өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жауын-шашынның Амазонка өзені ағып өтетін экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады
Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар мен мұздық суы тек сол, қар сызығынан жоғары жатқан тау өзендерін ғана сумен қамтамасыз ететін қиыр оңтүстікке ғана тән келеді. Оқушылар физикалық картадан өзендер орта және төменгі ағыстарында ойпат арқылы ағатынын көреді. Бұл тұстарда өзен ағыстары баяу, құламасы шамалы, болып келеді. Жоғарғы ағысында өзендер таулар мен таулы үстірттерді жарып өтіп, терең шатқалдар жасайды.
ІV Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды табиғат зоналардың санына қарай бөледі. Әрбір топтың есеп беру жоспары:
1. Зонаның атауын айту және оны анықтау.
2. Оның шекарасын картадан көрсету.
3. Берілген табиғат зонаны сипаттау.
Топтың басшысы оқушыларды келесі атауларға бөлу:
1. Басшы (берілген табиғат зонаның атауын айту, оны картада көрсету).
2. (берілген табиғат зонаның климатын сипаттау).
3. Топырақтанушы
4. Зоолог (жануарлар дүниесін сипаттау).
5. Ботаник (өсімдік жамылғысын сипаттау) Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан тауып іздейді.
Сосын оқушылар материктің табиғат зоналардың санына қарай бөлініп, өздерінің табиғат зоналары тақырыпаларын өз беттерінше меңгереді. Топ мүшелерін сайлайды: топ басшысы, климатолог, топырақтанушы, зоолог, ботаник. Соңында әрбір топ қарастырылған тақырыптық сұрақтар бойынша есеп береді.
V Үй жұмысы:
1. §40, 41-42 оқып, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін, табиғат зоналарын түсіру.
3. Гилея, пампа, кебрачо, кампос, льянос, гаруан сөздеріне анықтама жазыңдар. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VІ Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.