.
.
«Зерде» инеллектуалды сайыс «Зерде» инеллектуалды сайыс
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1408 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: - Білімді, жан - жақты болуға жетелеу
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Іздемпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, кубиктер,суреттер есептер.
Сайыстың формасы: топтық
Әдіс: жарыс.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін даярлық сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін»Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
I. Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
IIІ. Сайысқа қатысқан топтардың аттары:
1 топ. «Тұлпарлар» Таныстыру.
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз.
Озып алға шығамыз!
2 топ «Қырандар» Таныстыру.
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың.
Ұлы, қызы боламыз!
Ұраны: Алға, тек алға!
Жеңіске қарай самға.
II. Сайыс 5 турдан тұрады:
1. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
2. Сауат ашу,математика
3. Математик (есептер)
4. Жұмбақ шешу
5. Құрастырма сурет
I айналым.»Білгенге маржан» - сұрақ-жауап, дұрыс жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егерде жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауабын дұрыс тапса, 1 ұпай ұтып алуға мүмкіндік бар, әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
II айналым. «Кім жылдам»
«Кубик»лақтыру әріптерден сөз құрау беріледі. Сандар түсе санамақ айту, жұлдызша түсе ұпай санына 5 ұпай қосылады.
Б...... , қай топ көп сөз тапса 5 ұпайға ие болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
III айналым. «Кім жүйрік» (логикалық есептер)
IV тур. «Математик» есеп шығару
Есептер беріледі шығару
Бір минуттың ішінде ойынды аяқтау қажет. Қай топ көп дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
V тур. Жұмбақ шешу.
Бұл жұмбақтың шешуі сыйқырлы сандықта. Дұрыс шешкен топқа 5 ұпай. Көрермендер сайысы ,әр топқа 1ұпайдан -5 жұмбақ шешкізу.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)
VI.Құрастырма сурет:
Қиықтардан сурет құрастыру 3минут уақыт беріледі.
Қорытынды жасалады: ( әділқазылар алқасы)
«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.